Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Домбыра Республиканың бейресми рәміздерінің бірі

Домбыра Республиканың бейресми рәміздерінің бірі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Республика күні – елдің тәуелсіздігін, еркіндігін және рухани тұтастығын еске салатын мерейлі мейрам. Бұл күн – мемлекеттік рәміздермен қатар, халық жадында өмір сүріп келе жатқан бейресми нышандардың да мәнін айқындайтын уақыт. Сол бейресми рәміздердің ең киелісі, ең ұлттық сипаты айқын болғаны – домбыра.

Домбыра – қазақ халқының болмысын, мінезін, ойлау жүйесін, дүниені қабылдау тәсілін бойына сіңірген аспап. Ол тек музыкалық құрал емес, ғасырлар бойы ұлттың жадын, елдің тарихын, еркіндік рухын жеткізген үн. Тәуелсіз Қазақстанның рухани рәмізі ретінде домбыраның бейнесі ресми белгілермен қатар елдің жүрегінде өмір сүреді.

Домбыра – қазақ халқының рухани жадын сақтаған ең көне және ең терең мағыналы аспаптардың бірі. Археологиялық деректерге қарағанда, домбыра тәріздес шекті аспаптардың бейнелері ертедегі түркі ескерткіштерінен бастап кездеседі. Ал Алтай мен Атырау арасындағы қоныстардан табылған қос ішекті аспаптардың үлгілері бұл мәдениеттің мыңжылдық тарихын дәлелдейді. Осыдан-ақ домбыраның шығу тегі тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі өркениетінің музыкалық дүниетанымымен сабақтас екені аңғарылады.

Домбыра қазақ өмірінде тек өнер құралы емес, киелі нышан ретінде де бағаланған. Ол арқылы адам өз ойын, мұңын, қуанышын жеткізген, тіпті өмір мен өлім, жақсы мен жаман ұғымдарын үн арқылы айырып отырған. Қазақ түсінігінде домбыраның үні – ата-баба рухының үні, ел мен жердің аманаты. Сондықтан да ол төрге ілінген, қастерленген, ал шанағына қол тигізу – рухани байланыс орнатумен тең болған. Домбыраның киелілігі оның үнінде ғана емес, оның тынысында, яғни үн мен үнсіздік арасындағы терең мағынада жатыр.

Сонымен бірге домбыра тәлім мен тәрбие құралы болған. Әр күй – өмір сабағы, әр перне – даналықтың баспалдағы.

Күй тыңдау – ойлану, күй тарту – өзіңді тану.

Ұлт баласының дүниетанымы, мінез-құлқы, сөйлеу мәдениеті осы аспаптың үні арқылы қалыптасқан. Балаға домбыра үйрету – оған ән мен күйді емес, елдік пен ерлікті үйрету деген ұғым қалыптасқан. Осы тұрғыда домбыра қазақ қоғамындағы бірлік пен сабақтастықтың басты дәнекеріне айналды. Сондықтан да домбыра – ұлттық рухтың көрінісі ғана емес, қазақтың өмір философиясының өзегі, тарихи жады, Республиканың бейресми рәмізі деп айтуға болады.

Бейресми рәміз – мемлекет тарапынан бекітілмеген, бірақ халық санасында елдік пен бірлікті білдіретін мәдени белгі. Мұндай рәміздер көбіне күнделікті өмірде, өнерде, тілде және дәстүрде қалыптасады. Олар заңмен емес, халықтың қабылдауымен өмір сүреді. Қазақ үшін мұндай бейнелерге киіз үй, шаңырақ сынды құралдармен қатар домбыра да барын білеміз.  

Домбыраның бейресми рәмізге айналуы оның қоғамдағы тұрақты рөлімен байланысты. Ол әр кезеңде елдің рухани байланысын сақтап тұрған құрал болды. Кеңестік дәуірде де домбыра ұлттық өзіндік белгіні жоғалтпау құралы ретінде қызмет етті. Тәуелсіздік жылдары бұл рөл одан сайын күшейіп, домбыра ұлттық мәдени саясаттың өзегіне айналды. Мемлекеттік және қоғамдық өмірде домбыра бейнесі жиі көрінеді. Ресми іс-шаралардың сахнасында, дипломатиялық қабылдауларда домбыраның өзі мен үні кездеседі.. 2018 жылдан бастап шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтетін «Ұлттық домбыра күні» бұл бейнені нақты мәдени нышанға айналдырды. Осы мереке арқылы домбыра халықтың бірлігін және дәстүр жалғастығын көрсететін белгі ретінде орнықты.

Домбыраның бейресми рәміз ретіндегі мәні – оның халық өмірінің барлық деңгейінде қолданылуында деп білеміз. Ол тұрмыста, мектеп бағдарламасында, сахнада және әлеуметтік желілерде бар. Қай буын, қай орта болмасын, домбыра бейнесі арқылы өзін қазақ мәдени кеңістігімен байланыстырады. Яғни, ресми түрде бекітілмесе де, ұлт өмірінің өмір-салтында кездесуі бейресми рәміздің басты шарты ретінде қабылдауға болады.

Бүгінгі Қазақстанда домбыраның рөлі дәстүрлі өнер шеңберінен шығып, мәдени, білім беру және медиа кеңістіктерде жаңа мағынаға ие болды. Музыка мектептері мен жоғары оқу орындарында домбыра арнайы пән ғана емес, ұлттық сана мен мәдени сәйкестікті қалыптастыратын құрал ретінде оқытылады. Телерадио бағдарламаларында, әлеуметтік жарнамалар мен патриоттық жобаларда домбыра бейнесі ел бірлігін, ұлт рухын бейнелейтін тұрақты символ ретінде қолданылады. Цифрлық мәдениет дәуірінде де бұл аспап виртуалды форматтарда – онлайн сабақтарда, бейне контенттер мен интерактивті платформаларда кеңінен насихатталуда.

Жастар арасында домбыраға деген қызығушылықтың қайта оянуы да осы жаңа форматтардың нәтижесі. Соңғы жылдары әлеуметтік желілерде домбырамен кавер орындау, шетел әндерін ұлттық аспапқа бейімдеу сияқты үрдістер кең тарады. Бұл құбылыс домбыраны тек дәстүрдің мұрасы емес, заманауи өзіндік бейнелеу тәсіліне айналдырды. Шетелдік тыңдарман үшін де қазақтың шертпе және төкпе күйлері – экзотикалық өнер емес, заманауи этносаундтың бір бөлігіне айналып келеді.

Осы бағыттағы ең жарқын мысалдардың бірі – «Dombyra Party» қозғалысы. Ол бастапқыда еркін форматтағы көше концерттері түрінде басталып, кейін мәдени құбылысқа айналды. Бұл қозғалыстың мақсаты – домбыра үні арқылы ортақ кеңістік құру, музыка тілінде ұлтты біріктіру. Қазіргі таңда мұндай бастамалар тек Қазақстанда емес, шетелдегі қазақ диаспорасы арасында да жалғасып келеді. Осылайша, домбыра XXI ғасырда да өз үнін жоғалтпай, ұлттың заманауи бейнесін қалыптастырушы мәдени рәмізге айналды.

Домбыра – қазақ халқының тарихи жады мен мәдени тұрақтылығын сақтап келе жатқан ең ықпалды рухани нышандардың бірі. Ол тек өнердің құралы емес, ұлттық ойлау мен дүниетанымның көрінісі. Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде домбыра халық санасында бейресми рәміз ретінде орнығып, елдің мәдени егемендігін, дәстүрге деген құрметін және рухани тұтастығын бейнелейді.

Қай кезеңде болмасын, домбыра қазақтың өзін-өзі тануы мен танытуының басты құралы болып қала береді. Ол мектептен сахнаға, медиа кеңістіктен халықаралық деңгейге дейін – қоғамның әр қабатында бар. Сондықтан домбыраның үнін сақтау мен дамыту – тек өнерді емес, ұлттық бірегейлікті қорғау ісі. Осы тұрғыдан алғанда, домбыра – Республиканың бейресми рәмізі ғана емес, ел рухының жалғастығын сақтап тұрған белгі.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторын көрсетіп, Аikyn.kz сайтына белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2025 08:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары