Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ақтөбеде оқушы қыз босанғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды

Алматы әкімдігінде көп балалы ана өзін өртемек болды

ҚазМұнайГаз Гран кен орнында сейсмикалық барлауда инновациялық жүйені енгізді

Астаналық экс адвокат шетелден экстрадицияланды

2026 жылы банктер Қаржы министрлігінің құнды қағаздарынан түскен кірістен салық төлей бастайды

Достық Мойынты учаскесінде экспорттық және транзиттік тасымалдарды ұлғайту қажет Премьер министр

Әлемдегі доллардың үлесі азайды

Сақтандыру төлемдері артады заң мәжіліске түсті

“Асығыстыққа жол беруге болмайды“ Президент парламенттік реформа туралы

Астана мен Алматыдағы валюта бағамы: 15 қазанға арналған мәліметтер

Қостанай облысында 30 дан астам адамды құтырған жануарлар тістеп алған

Халық үніне құлақ асу басты міндет

МИБ төрағаларына полиция өкілеті берілмек

Астанада қазақстандық өзенге шомылып, әлеуметтік желіні таңғалдырды: 15 қазан 2025, 10:14 жаңалықтар

Қырғызстандағы жанармай тапшылығы қаупі: министрлер кабинеті В жоспарын әзірлеп жатыр

Әлем Чемпионаты: Криштиану Роналду жаңа рекорд орнатты

Трамп Газаға қатысты жоспарының екінші кезеңін бастайды

Кремль АҚШ тың Украинаға ықпалын бағалайды Песков

Трамп Time журналының мұқабасындағы суретін сынады

ҰҚК қашып жүрген бұрынғы адвокатты Астанаға жеткізді

Бал ұстаған бармақ жаламай тұр...

Бал ұстаған бармақ жаламай тұр...

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Еуропаның IPBES бағалауына сәйкес, аралар мен көбелектердің 40%-ынан көбі жойылу қау­пін­де тұр. Кейінгі кезде Қытай, АҚШ, Италия, Ұлы-б­ри­тания, Канада сынды мемлекеттер араның азаю көр­сеткішін байқаған. 2019 жылдың алғашқы жар­тыжылдығында Бразилия 500 мыңға жуық бал арасынан айырылған. Әлемде кейінгі 10 жыл ішін­де шамамен аралар саны 15 миллионға азайды. 4G тех­нологиясын жаппай қолдану да бал арала­ры­ның, құстар мен көбелек популяциясының азаюы­на себеп болды. Қазір шетелдік ғалымдар 5G технологиясын қолдануға түбегейлі қарсы.

Ара «коронавирусы» бар

Елімізде араның қандай түрі бары, саны, жай-күйі жайында нақты ғылыми мәлімет беретін ма­мандар саусақпен санарлық. Біз Алматыдағы Зоология институтының энтомология бөлімінің жетекшісі Сергей Владимировичке хабарласып сұра­ғанымызда, араны зерттейтін ғалымдардың же­тіспейтінін, ертеректе зерттеген Т.Мариковская­ның дүниеден өткенін жеткізді. Т.Мариковская 2001 жылы өмірден қайтты, содан бері бір ма­ман­ның бұл салаға жоламауы бізге де қызық көрінді. Қазақстандағы жағдайдың анық-қанығын білу үшін омарташыларға хабарластық.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер па­ла­тасы, Аккредиттелген қауымдастық мү­шесі, омарташы Бауыржан Бельдешов ел­де араларды емдейтін дәрігер ма­ман­дар мен ғалымдардың жетіспейтінін айт­ты. 

– Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы жә­не өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерт­теу институтында ара шаруашылығы бө­лімі жұмыс істейді. Өкінішке қарай, ара­ның неден ауырғанын анықтап бере­тін мамандар да, лаборатория да жоқ. Біз осы ауру шығар деп өз бетімізше әрекет жа­саймыз. Одан жағдай реттелмесе, қарт омар­ташылардан сұраймыз. Әртүрлі шөп­ті қайнатып, қантпен араластырып бе­реміз, адамға беретін дәрілерді де пай­далануға тура келеді. Бұрын егін ша­руа­шылығында жүргендер бал арасы бол­ма­са да, өсімдік тозаңданады дейтін. Қа­зір пестицидтердің кесірінен жабайы ара­лар да қырылып жатыр. Оны біліп, зерт­теп жатқан адам жоқ, – дейді Б.Бельдешов.

Білікті маман елімізде, әсіресе көк­тем кезінде америкалық ші­рін­ді, еуропалық шірік ауруы да кең та­ралатынын айтады. Қазақстанның кли­маты шұғыл континенталды бол­ған­дық­тан, наурыз айының онына қарай қат­ты суық араларға кері әсерін тигізеді. Күн жылы кезде ара дернәсілін салып қоя­ды, ал күн дереу суытып кеткенде ба­ла­пандары қараусыз қалып, осылайша шірінді ауруы шығады.

Бұл орайда Алматы мал шаруа­шы­лығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерт­теу институтына ара ауруларымен кү­рес жөнінде ақпар сұрап хат жолдадық, бір­ақ одан жауап болмады. Қазір жыл өт­кен сайын араның түрлі ауруы өршіп тұр. Ара да адам секілді ауырады, іші өте­ді, тіпті өзіне тән сал ауруы бар. Оны ғы­лымда «ара коронавирусы» дейді. Ви­рус жұқтырған кезде аралар қатты діріл­дей бастайды, ұша алмай, кейін өліп қа­ла­ды. Ауру белгілері алты күннен кейін ғана байқалады. 

Ал Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ветеринария және зооин­­женерия факультетінің оқу ісі жә­не тәрбие жөніндегі декан орынбасары Нұрәділ Нұрбекұлы бұл салада зерттеу жұмысы жүріп жатқанын мәлімдеді.

– Араның биологиясы мен мінез-құл­­қы ғылыми тұрғыдан зерттеліп ке­ле­ді. Мысалы, энтомология саласында ара­лардың бағыт табу қабілетін, «би қи­мылдары» арқылы бір-біріне ақпарат бер­уін зерттейтін шетелдік ғалымдар бар. Қазақстанда ара морфологиясы, ге­не­тикасы, аурулары зертханалық дең­гейде тәжірибелер жасалып жатыр. Әзір­ге «ара дәрігері» мамандығы жоқ. Де­­­генмен отандық ғалымдар варроатоз, ноу­зематоз сияқты кең тараған ауруларға қарсы әртүрлі тәжірибе жүргізіп келеді. Ғы­лыми ізденісім Қазақстанның оң­түс­тік-шығыс аймағында өсірілетін ара мор­­фологиясы мен шаруашылыққа пай­далы қасиетін зерттеуге арналған. Біз қа­нат индекстері, морфо-генетикалық тал­дау арқылы олардың шығу тегі мен бейім­делу ерекшеліктерін анықтап, бо­лашақта селекциялық желі құруға негіз бо­латын мәліметтер жинақтап келеміз. Цифрландыру мен жасанды интеллектіні пайдаланып араларды бақылау, ауруды ер­те анықтау бойынша да идеямыз бар, – дейді ғалым.

Ғалымдардың алдағы мақсаты – зерт­теудегі ерекшеліктерге сүйе­не отырып, отандық селекциялық бағыт қа­лыптастыру. Әзірге бұл уақыт енші­сін­­­­дегі іс демекпіз.

«Бал-Ара» қауымдастығының вице-пре­зиденті Ғабит Нұрәділұлынан да ара ау­рулары туралы білдік. Ғабит мырза қазір Даниядағы омарташылар фору­мын­да жүргенін, шетел тәжірибесін баян­дап бер­ді.

– Әлемді толғандырған үлкен мәсе-ле – кене, араның варроатоз ауруы. Конгресс барысында антибиотиксіз ем­­деу жолдарына көңіл бөлдік. Данияда жылу арқылы емдеу, шөптермен, ор­га­ни­калық заттармен емдеу қолға алынған. Қ­азір елімізге жыл сайын Өзбекстаннан 200 мыңнан аса пакет ара тұқымы әке­лінеді. Сол пакеттермен бірге араның әр­­­­­түрлі ауруы да келіп жатыр. Одан соң фер­мерлер жоғары класты пестицидтерді қол­данып, алқаптарды өңдеген кезеңде омар­ташыларға ескертпей, көптеген ұя қы­рылып жатыр. Бұдан соң құрқыл­тай­лар­дың да араға зияны тиіп жа­тыр. Әр омарташы мұнымен әртүрлі тә­сілмен күресіп бағуда. Араның жабайы түрлері де бал арасына шабуыл жасайды. Осы мәселелер төңірегінде де шетелдік әріп­тестермен талқылау жасап жатыр­мыз, – дейді кәсіби омарташы. 

Копенгагендіктер балконда ара ұстайды

Ғабит Нұрәділұлынан Скан­ди­на­вия елдеріндегі ара шаруашылы­ғы туралы бірталай мәлімет алдық. Ма­­манның сөзінше, Данияда омар­та­шы­лардың 90%-дан астамы – әуес­қой­лар. Данияның әр азаматы бір жылда 700 грамм бал жейді, ал елімізде бір адам жы­лына 50 грамм ғана тұтынады. Әрине, екі көрсеткіш арасы жер мен көктей. Омар­та ісінің тұралап қалғанын осы көр­сеткіш те растап тұрғандай.

– 2025 жылы Апимонджаның кон­гре­сінде Скандинавия елдері бірлесіп омар­ташылар форумын өткізуге ұсыныс тастаған. Оған Венгрия қарсылас болды, бір­ақ дауыс беру нәтижесінде бірлескен елдерге жолдама бекітілді. Скандинавия ел­дерінде 28 мыңдай омарташы бар, омар­­­­­ташылар конгресі Данияда өтті, Щве­ция, Норвегияға тек турға бардық. Дания омарташылығын айтсақ, 100-150 мың ара жанұясын ұстайды. Гренландия ара­лының оңтүстігінде де қара орман ара­сын өсіреді. Омарташылар тозаң­дан­дыру­дан жақсы табыс табады. Дания – энто­мофильді дәнді дақыл өсіруден Еу­ропада алдыңғы қатарға ие мемлекет. Данияда қалалық омарта шаруашылығы жақсы дамыған. Копенгагендіктер үй тө­бесі, балконда да ара ұстай береді. Біз­ге де бұл қажет деп ойлаймын. Кеңес үкі­­­­­­меті кезінде мұндай тәжірибе болған. Ал­матының дәліздерінде, балкон-ша­тыр­л­арда, саябақтарда ұстайтын едік, – дейді Ғ.Нұрәділұлы.

Айта кетерлігі, омарташы маман­ды­ғы да дүниежүзілік деңгейде қартайып ба­ра­­ды. Бұлай деуіміз – бала кезден омар­­­ташы боламын деп армандайтын жас­­тардың аздығы. Елде омарташыларды қол­дауға арналған қолдаудың тетіктері то­лық қарастырылмай тұр. Омарта­шы­лар­ды қолдап жүрген ұйымның бірі де, біре­гейі – «Бал-Ара» омарташылар ода­ғы. Қоғамдық ұйым омарташылыққа қы­зығатын жастарға шетелде ақысыз бі­лім алуына мүмкіндік беріп, жүздеген шә­кірт тәрбиелеп шығарған. Жас ма­ман­дарға заманауи қондырғы-құрыл­ғы­лар алуға қаржы беріп, несиені балмен өтеуге де мүмкіндік берген. 

– Елімізде нақты қанша омарташы ең­бек ететіні белгісіз, болжаммен 12 мың омарташы бар. Былтыр 5 мың тон­наға жуық бал алдық, орта есеппен 450 мың­дай омарта жанұясы бар. Қазақстан кли­матына карпатка, карника, орта орыс тұқымы бейімделген. Бір ара 150 түр­лі шөптен тозаң жинайды. Тау балы, ор­ман балы, дала балы, күнбағыс, қара­құмық балын алу қолайлы. Біз осы жө­нін­де үш тілде кітап та шығарғанбыз, омар­ташыларға да пайдасын тигізіп отыр. 2009 жылы омарташылар одағын құр­ған кезде бал өндірісі 1 мың тоннадан аспаған еді. Бұдан кейін қызығушылық пай­да болды, әр өңірге барып омарта­шы­ларды оқыттық, тәжірибе алмастық. Отан­дық мамандарды Ресейдегі омарта академиясына 3 мәрте, әртүрлі дең­гей­дегі омарташыларды Израильге 8 мәрте жі­бердік. 9, 11-сыныпты аяқтаған талап­кер­лер Польша мен Словакия елінде оқып жатыр, – деп баяндады вице-пре­зидент.

Жас омарташы тәжірибесі

Жақында Польшадағы оқуын аяқ­тап, елге оралған омарташы Әлихан Наурызбайдан да ара ісі жөнінде сұрап білдік. Жас маман Алматы облысының Талғар ауданында кәсібін бастаған. 

– Польшада ара шаруашылығын да­­­мытудың көп жаңа тәсілін көрдім. Ұна­ғаны, олар бәрін жүйелі, нақты есеппен іс­тейді. Ара ұясындағы температура мен ыл­ғалды арнайы құрылғылар арқылы ба­­қылайды. Бізде де сондай техноло­гия­ларды енгізсек, өнім сапасы, ара ден­сау­лығы да жақсырақ болар еді. Елімізде де саланы оқыту дамып келе жатыр, бірақ тәжірибе аз, көбіне-көп теория беріледі. Польшада оқып жүріп, практикада Ауст­рия, Чехия омарташыларынан білім ал­дым. Көктемгі ауа райының құбыл­ма­лығы – үлкен сын. Мұндай кезде ең ал­дымен ұяларды жылу мен желден қор­ғауға мән беремін. Қыстан шыққан соң араларды бірден кеңейтіп жібермей, аздап уақыт беремін. Қосымша қорек пен табиғи жылыту әдістерін қолда­на­мын. Кейде пленка немесе қосқабатты қақпақ пайдалану да жақсы нәтиже бе­реді. Ұядағы ылғал мен температураны тұ­рақты ұстап тұру керек, сонда аралар аман қалады, – деді Ә.Наурызбай.

Әлихан омарташы Қазақстанда шет­елдік тұқымдар көбірек тарағанын, отан­дық тұқыммен айналысып жүрген ма­­­мандардың аздығын да айтты. Отан­дық тұқымды өсіру – ұзақ әрі күрделі жұмыс. Ғылыми-зерттеу мен қолдау аз бол­ғандықтан, бұл бағыт та баяу дамып жатыр.

Аш ара ашуланшақ келеді

Жас маман омарта шаруашылы­ғын­да жер бөлу мәселесі толық ше­шілмегенін, көп омарташы жерді уа­қытша жалға алып жұмыс істейтінін жет­кізді. Тағы бір қиындық, ара өнім­де­рінің бағасы тұрақсыз және кейде сапа ба­қылауы әлсіз. Бұл турасында Респуб­ли­калық ара шаруашылығының Оңтүс­тік аймақтық филиалының директоры Бауыржан Бельдешовтің  әңгімесін тың­дадық. Оның сөзінше, Үкімет тара­пы­нан мал және егін шаруашылығына қа­т­ысты өсімдіктерді дамытуға арналған бағ­дарламалар, техникалар жасалды, бір­ақ омарта шаруашылығына қатысты ар­найы бағдарлама жоқ.

– Жер бөлу мәселесі бізге үлкен ар­ман болып тұр. Ара шаруашылығына жер бөлінбейді, бөлінгенін көрген де емес­пін. Ара 5 шақырым жерге дейін ұша алады, арқандаулы ат секілді ары қа­рай кете алмайды, ары кетсе, ұясына же­те алмай қалады. Сондықтан жайы­лым тар, араны көп мөлшерде ұстай ал­маймыз. Шаруашылықты үлкейте ал­мауымыздың себебі де – сол. «Итті сүйекпен ұрсаң, қыңсыламайды» деген ма­қал бар ғой. Жер берілетін болса, омарташы шырын, тозаң алу үшін әр­түрлі уақытта гүлдейтін өсімдіктер, рапс, қы­ша өсіре алады. Мол гүл болса, ара­ның да қуаты, иммунитеті мықты бола­ды, онша-мұншаға ауырмайды, – дейді Б.Бельдешов.

Маман кеңес кезінде омарта ұстауға қа­­тысты шектеулер мен нормалардың бол­­ғанын айтты. Мәселен, ештеңе егіл­ме­ген жерге 50 ұя ұстауға ғана рұқсат етіл­­ген, одан көбейсе, ара ашығады. Ал қа­зір ауылдық өңірлерде кейбір омар­та­шы 500-1000 ұяға дейін ұстайды. Он­дай­да аш ара ашуланшақ, ызақор боп, ай­на­ласын шаға бастайды, одан соң көр­ші-қолаң шағымданады. Амал жоқ, осы­ның салдарынан да сала ақсап тұр. Омарташылар жері бар, шөбі бар ма­ман­дарды жағалап, соларға ақысын төлеп жүр. Бір қызығы, шетелдік фермерлер то­заңдандыру ісінде арнайы ара ұяларын ал­дырып, керісінше, омарташыларға ақ­ша төлейді екен. Омарташылар балдан емес, тозаңдандырудан ақша тауып отыр. Қазір еліміздің шығысымен қатар сол­түстігінде де күнбағыс өсіру дамып ке­леді. Б.Бельдешов солтүстікте күн­бағыстан мол өнім алу үшін ара арқылы то­заңдандыру мүмкіндігі бар, бірақ сол мүм­кіндік іске аспай жатыр дейді.

– Тозаңданбаған күнбағыстың гүлі бос болады, яғни дән байламайды, сон­дық­тан солтүстікке ара көшіруді қар­жы­лан­дырса деймін. Араны алып келудің өзі көп шығынды, уақытты талап етеді. Тәуекелі мен қаупі де жоқ емес, араны тек түнгі уақытта көшіреді, жаздыгүні түн өте қысқа, азғантай жер жүре аламыз. Мы­салы, Шымкенттен Қостанайға бес түн жүріп жеткен кездер болған. Жол ыс­тық болады, араға суын құю керек. Со­сын ұяны жол бойына қоя алмайсыз, олар ары-бері ұшады. Жолдағы көлік­тер­ге соқтығысады, сөйтіп қырылады, шы­ғын­дар болады. Барған кезде бал бо­ла ма, бол­май ма, қысқасы, тәуекелге баруға ту­­ра келеді. Сондықтан шетелде әр ұяға тө­­ленетіндей бізде де ақы берілсе, нұр үс­ті­не нұр болар еді, – дейді Б.Бель­дешов.

Негізінен, азық-түлік мәдениетінің 75%-ы тозаңданумен тікелей бай­ла­ныс­ты. Жабайы өсімдіктердің 90%-ы ара, қоңыз, көбелектерсіз көбейе алмай­ды. Өсімдік тозаңданбаса, азық-түлік мә­селесі де ушыға түседі.

Білмеген у ішеді

Кейінгі кезде елге арзан, сапасыз бал­дың импортталуы тұтыну­шы­лардың денсаулығы мен омарта­шы­лардың жұмысына зиян тигізіп отыр. Ар­зан, жалған бал омарташылардың бә­се­кеге төтеп бере алмауына әкелді.

– Қантты қайнатып-қайнатып, оны ара­ға беріп, өлместің қамымен балға ай­налдырып отырғандар, араға бермей-ақ қолдан бал жасайтындар да бар. Сон­дықтан төмен бағамен келеді, омар­та­шы­лар ол бағаға ілесе алмайды, халық қай­сы таза бал екенін ажырата алмайды. Қа­зақ-қытай шекарасына да жасанды бал­дың бірінші болып барғаны жанға бата­ды. Қытай азаматтары оны қазақтың табиғи балы деп алып, кейін сапасыз еке­нін білгенде бізден көңілі қалады. Бұл беделімізді түсірді, – дейді Б.Бель­де­шов.

Бауыржан мырза елде жақсы зерт­ханалардың болғаны дұрыс дейді. Сонда бал­дың жасанды, не табиғи екенін дәл анық­тар едік. Жасанды балды кулина­рия­да балды алмастырғыш ретінде қол­данып жатады, бірақ оны табиғи бал деп ал­дап сатуға болмас. Адамдар ем деп ал­ған соң нағыз бал алуға тиіс. Негізінен, отан­дық бал өнімдері шет мемлекеттер үшін жоғары бағаға ие, бірақ бал құра­мын зерттейтін зертхана жоқ. Шетел­дік­тер қызығуының себебі неде десеңіз, біз­де егін алқаптарынан бөлек, бос жат­қан далалы және таулы аймақтар бар. Зиян­ды қоспасы жоқ, табиғи, жабайы өсім­діктерден жиналған өнім әрдайым сұра­ныста болары анық. Бұл бағытта Қа­зақстанның әлеуеті жоғары бол­ған­мен, арнайы бағдарлама, субсидия, қай­тарымсыз, не төмен пайызды грант­тар, банктік несиелер болмауы аяққа тұсау салады.

Бал болмаса, субсидия жоқ 

Уақытында еліміздің шығыс өңі­рін­де әр ұяға 10 мың теңгеден суб­­­с­идия беріліп келген еді. Соның ар­қа­сында табиғаты қолайлы жерде кәсіп жүр­гізу үшін талай омарташы шығысқа қо­ныс аударған. Субсидия шығыс өңі­рін­­де 10 жылға жуық беріліп келді. Кә­сіп­керлер сол уақытта жаңадан ұя сатып алды, араны қыста сақтайтын жертө­лелер салды. 

– Әкімнің жәрдемі тиіп, омарта­шы­лар еңсесін көтерген еді. Қазақстанның басқа түкпірлеріне де осындай қолдау ке­рек. Қызылорда облысы керісінше, суб­сидия бермей, бюджеттен қарас­тыр­май қойды. Бар нәрсені бермей омар­та­шы­ларға үлкен зиян келтірді. Сыр өңірі­нің бойы ара шаруашылығына өте қо­лай­лы. Ерте көктемнен қара күзге дейін еш жерге көшпей-ақ бал алуға мүмкіндік бар. Қызылордалықтардың субсидия ала алмай жүргеніне ішім ашиды, – дейді Бауыржан мырза. 

Кезінде шығыс халқы әр ұяға 10 мың тең­ге көлемінде жәрдем алса, өзге өңір­лер 5 мың теңге алып келген еді. Аз да бол­са бұл көмек селекциялық асылдан­дыру­ға оң әсер еткен. Биылдан бастап суб­сидия алудың нормалары өзгерді. Суб­сидия асылдандырылған ара санына емес, өнімнің мөлшеріне беріледі.

– Біріншіден, омарташы Респуб­ли­ка­лық омарташылар палатасына тіркелуі керек. Әр ұя 100 келі бал береді деп есеп­те­леді. Бал алған соң әкімшіліктегі ве­те­ринария бөлімінің қызметкерін ша­қыр­тасыз. Маман балдың мөлшерін кө­ріп, сынама алады. Табиғи бал ма, са­па­сы төмен бе, соны анықтау үшін зертханаға өткізеді. Сізге қорытынды қағазын бере­ді. Сіз дүкенмен бе, кәсіпорынмен келі­сім­шартқа отырасыз, келісімшарт бойын­­­­­ша ақша банк жүйесі аясында өтуі ке­рек. Осы құжаттарыңызды көрсет­сеңіз, әр келі балыңызға 200 теңгеден суб­­сидия беріледі. Халық әзірге үйрене ал­­май жатыр, бәлкім алда ақырындап үй­реніп кетер. Бір жақсы жері, корруп­ция­ның алдын алады. Себебі тікелей омар­ташы мен әкімдік, банк арасындағы қа­ғазға бөтен адам араласа алмайды. Тек табиғаттың қолайсыз жағдайы кері әсер етті, – дейді Б.Бельдешов.

Биыл оңтүстік пен шығыс өңірінде қуаң­шылық болып, бал аз шықты. Мұн­дай жағдайда субсидияға іліну мүмкін емес, тәртіп бойынша әр ұядан 100 келі шы­ғу қажет. Демек, бал болмаса, суб­си­дия да жоқ. Керісінше, солтүстік өңір үшін биылғы маусым қолайлы, өнімді бол­ды. Өзге өңірдің омарташылары ке­лер жылдан үміт күтіп отыр.

Араның уы – ем

Ғалымдардың зерттеуінше, омар­та­мен айналысқан адам қара­пайым адаммен салыстырғанда ұзағырақ өмір сүреді. Араның балымен қатар, оның сүті, наны, прополисі, түрлі өнімі адам­ға шипа, тіпті оның уы да дертке ем. 2015 жылы BBC News сайтына Кристи Уил­кокстың материалы жарық көреді. Ма­териалда 27 жасар Элли Лобельді ке­не шағып алып, Лайм ауруына шал­дық­қаны, ауруды қалай еңсергені баян­да­ла­ды. Элли өзін кене шағып алғанын біл­мей, дәрігерлер дұрыс диагноз қоймай, ауруы асқынып, мүгедек болып қалады. Элли бұл ауруымен 15 жыл күресіп, соңын­да жарық дүниені, табиғатты соң­ғы рет көру үшін күтушісімен бірге Ка­лифорния штатына кетеді. Сол арада оған жабайы аралар шабуыл жасап, Эл­ли осымен өмірім бітті деп ойлайды. Керісінше, араның уыты Эллиға шипа болып, ертең өлем деген адам кеселінен құлантаза айығып кетеді. Ара уы Азия жерінде ғасырлар бойы емдік мақсатта қолданылған, өкінішке қарай қазір бұл саланы зерттеп, медицинада қолданып жүрген мамандар саусақпен санарлық. Дей тұрғанмен, Қазақстанда бұл салада зерттеу ісі кейінгі 30 жылда жасарып ке­ле жатыр. Тек ғылыми орталықтар мен зертханалардың жоғы қол байлайды. Balshifa ағзаны тазарту орталығының негізін қалаушы, диетолог, валеолог Шах­марал Ағыбайұлы апитерапия жө­нінде әңгімелеп берді.

– Омарташылар тек бал алып сатады не­месе балмен ғана емдей ме деген тү­сінік бар. Негізінде, бал ара 10 түрлі өнім бе­реді. Сол 10 түрлі өнімді адамның жа­­сына, салмағына, бойына және ма­за­лаған аурына байланысты, яғни антропо­мер­тиялық өлшеміне сәйкес ағзаға кезең-ке­зеңімен береміз. Кез келген адам 11 түрлі жүйеден құралған. Адам – кешенді түрде жұмыс істеп тұрған биологиялық субъект. Біз осы жүйелерді емдемейміз, кезең-кезеңімен тазартамыз. Адам ағза­сына да толық тазару керек. Тұтынып жат­қан ас, су, ауа арқылы да ағзада түрлі шлак, токсин жылдар бойы жиналады. Дү­­ниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мы­ның мәлімдеуінше, бүкіл диагноздың 82%-ы асқазан-ішек жолынан, ас ішек­тегі мәселеден туындайды. Біз алдымен ас­қазан-ішек жолын тазалап, содан кейін оған ара өнімдері арқылы керекті дәру­мен, макро, микроэлементтерді ұсы­намыз, – дейді дәрігер.

Ара ісіндегі жетістікті де, түйткілді де сараптауға тырыстық. Бір қарасаң, кіш­кентай қанатты жәндіктің ғаламды құт­қаруға қауқары қалай жетеріне таң-та­маша боласың...

Айсұлу СЪЕЗХАН

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:90
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 07:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ақтөбеде оқушы қыз босанғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды

14 Қазан 2025 17:02see138

Алматы әкімдігінде көп балалы ана өзін өртемек болды

14 Қазан 2025 09:28see121

ҚазМұнайГаз Гран кен орнында сейсмикалық барлауда инновациялық жүйені енгізді

14 Қазан 2025 13:58see118

Астаналық экс адвокат шетелден экстрадицияланды

14 Қазан 2025 11:08see118

2026 жылы банктер Қаржы министрлігінің құнды қағаздарынан түскен кірістен салық төлей бастайды

14 Қазан 2025 11:53see116

Достық Мойынты учаскесінде экспорттық және транзиттік тасымалдарды ұлғайту қажет Премьер министр

14 Қазан 2025 11:34see115

Әлемдегі доллардың үлесі азайды

14 Қазан 2025 12:44see113

Сақтандыру төлемдері артады заң мәжіліске түсті

15 Қазан 2025 10:53see112

“Асығыстыққа жол беруге болмайды“ Президент парламенттік реформа туралы

14 Қазан 2025 12:54see112

Астана мен Алматыдағы валюта бағамы: 15 қазанға арналған мәліметтер

15 Қазан 2025 12:44see111

Қостанай облысында 30 дан астам адамды құтырған жануарлар тістеп алған

14 Қазан 2025 07:16see111

Халық үніне құлақ асу басты міндет

14 Қазан 2025 03:17see111

МИБ төрағаларына полиция өкілеті берілмек

15 Қазан 2025 13:28see109

Астанада қазақстандық өзенге шомылып, әлеуметтік желіні таңғалдырды: 15 қазан 2025, 10:14 жаңалықтар

15 Қазан 2025 10:17see108

Қырғызстандағы жанармай тапшылығы қаупі: министрлер кабинеті В жоспарын әзірлеп жатыр

15 Қазан 2025 16:40see108

Әлем Чемпионаты: Криштиану Роналду жаңа рекорд орнатты

15 Қазан 2025 04:58see108

Трамп Газаға қатысты жоспарының екінші кезеңін бастайды

15 Қазан 2025 11:15see108

Кремль АҚШ тың Украинаға ықпалын бағалайды Песков

15 Қазан 2025 08:42see108

Трамп Time журналының мұқабасындағы суретін сынады

14 Қазан 2025 18:36see107

ҰҚК қашып жүрген бұрынғы адвокатты Астанаға жеткізді

14 Қазан 2025 09:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары