Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

“Дәрігер шақырдым, бірақ ол келмеді“: Қазақстанда кімдерге үйде қызмет көрсетілуі тиіс

“Дәрігер шақырдым, бірақ ол келмеді“: Қазақстанда кімдерге үйде қызмет көрсетілуі тиіс

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Астана тұрғыны әлеуметтік желіде қалалық емханалардың біріне хабарласып, жаңа туған нәрестесіне үйге дәрігер шақыртқанын айтты. Алайда, оның сөзінше, медицина қызметкері сол күйі келмеген.

Біз үйге дәрігер шақырту жүйесі қалай жұмыс істейтінін, маман қандай жағдайларда келуге тиіс екенін және ол келмеген жағдайда не істеу керектігін анықтадық - толығырақ Tengri Health материалында.

Дәрігер қашан келуі керек?

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, "дәрігерді үйге шақырту" мемлекеттік қызметтер санатына жатады.

Егер пациент тікелей алғашқы медико-санитарлық көмек (АМСК) ұйымына, яғни емханаға жүгінсе немесе телефон арқылы хабарласса, қызмет өтініш берілген күні көрсетіледі.

Дәл осы ереже электрондық үкімет порталы арқылы өтінім берген кезде де қолданылады.

Бұл ретте әрбір шақыртуға міндетті түрде дәрігер келе бермейді. Пациенттің жағдайына байланысты үйге учаскелік медбике немесе фельдшер келуі мүмкін.

Үйге медбике немесе фельдшер қашан жіберіледі?

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, медицина қызметкерлері мынадай жағдайларда шақыртуға келе алады:

өтініш берген сәтте пациенттің дене қызуы 38 градустан аспаса; артериялық қысым жоғарылап, бірақ жалпы жағдайы нашарламаған кезде; медициналық көмек пен үй жағдайында кеңес алуды талап ететін, бірақ естен тану, қан кету немесе жағдайының күрт нашарлауы байқалмайтын аурулар, жарақаттар және басқа да жағдайлар кезінде. Қандай жағдайларда дәрігер келуі тиіс?

Егер пациенттің жағдайы дәл дәрігердің қарауын қажет етсе, маман үйге келеді. Бұл қажеттілікті алғашқы медико-санитарлық көмек ұйымының тіркеу бөлімі, учаскелік медбике немесе шақыртуды орындағаннан кейін фельдшер анықтай алады.

Сондай-ақ медицина қызметкері мынадай пациенттерге үйге келеді:

вакцинациядан кейін жағдайы нашарлағандарға; диспансерлік есепте тұрған, тәулік бойғы стационардан шыққан, бірақ емханаға өз бетінше келе алмайтын жандарға; айналасындағыларға қауіп төндіруі мүмкін жағдайлар кезінде. Бұған, мысалы, инфекциялық науқаспен байланыста болу, денеге бөртпе шығуы және инкубациялық кезеңі аяқталмаған инфекциялық аурулар жатады.

"Бес жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге денсаулығы нашарлаған кез келген жағдайда үйінде қызмет көрсетіледі", - деп толықтырды министрліктің баспасөз қызметі.

65 жастан асқан пациенттердің қозғалысы шектелген болса, мамандар олардың үйіне барады.

Дәрігер келмесе не істеу керек?

Егер медицина қызметкері себепсіз шақыртуға келмесе, пациент шағым түсіре алады.

АМСК ұйымдарында науқастарды қолдау қызметі жұмыс істейді. Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау басқармасына хабарласуға болады.

Келмегені үшін дәрігер жазалана ма?

Біз Денсаулық сақтау министрлігінен дәрігер шақыртуға келмеген жағдайда медициналық ұйымның жауапкершілігі қарастырылған ба деп сұрадық.

"Пациенттерге үйінде қызмет көрсету - дәрігердің функционалдық міндеттерінің бірі. Сондықтан ереже бұзылған жағдайда ол тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қазақстан

дәрігер

дәрігерлер

Медицина

науқастар

Балалар

Денсаулық сақтау министрлігі

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:44
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қазан 2026 08:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары