Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

“Дәрігерге кез келген жағдаймен барғаныңыз қауіп“: медицинадағы тәуекелдер

“Дәрігерге кез келген жағдаймен барғаныңыз қауіп“: медицинадағы тәуекелдер

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Дәрігерге барған әрбір қадамыңыз өміріңізге белгілі бір деңгейде қауіп төндіреді. Кез келгені. Бұл әрдайым дәрігердің құзыреттілігіне, аурухананың жабдықталуына немесе жалпы елдегі медицина деңгейіне байланысты бола бермейді. Бұл туралы TengriHealth авторлық бағанында танымал дәрігер әрі денсаулық сақтау менеджері Ерік Байжүнісов айтып береді. Ол көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне шын мәнінде не әсер ететінін, сондай-ақ дәрігерлердің, шенеуніктердің және пациенттердің өзінің жауапкершілік деңгейін талқылайды.

Дәрігерге барған әрбір қадамыңыз өміріңізге белгілі бір деңгейде қауіп төндіреді. Кез келгені. Бұл әрдайым дәрігердің құзыреттілігіне, аурухананың жабдықталуына немесе жалпы елдегі медицина деңгейіне байланысты бола бермейді. Бұл туралы TengriHealth авторлық бағанында танымал дәрігер әрі денсаулық сақтау менеджері Ерік Байжүнісов айтып береді. Ол көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне шын мәнінде не әсер ететінін, сондай-ақ дәрігерлердің, шенеуніктердің және пациенттердің өзінің жауапкершілік деңгейін талқылайды.

Медицинадағы тәуекелдер туралы: дәрігер неге ештеңеге кепілдік бере алмайды?

Табиғат бізді қосалқы бөлшексіз жаратты. Автошеберханадағыдай болса ғой: келесің де, бұзылған жеріңді ауыстыра саласың - бітті! Өкінішке қарай... Әрине, бір адамның мүшесін екінші адамға ауыстырып салуға болады, бірақ оның өзінде донор табу оңай емес. Бұл ретте толық сәйкестік болмайды. Тіпті барынша сәйкес келген күннің өзінде пациент өмір бойы иммунитетті төмендететін дәрілер ішуге мәжбүр. Сондықтан әрқайсымыз өз алдымызға бірегейміз.

Сол себепті организмнің қандай да бір, тіпті өте қарапайым процедураға қалай әсер беретіні белгісіз. Мысалы, қарапайым екпе болсын.

Жағдайлардың 99,9 пайызында кез келгеніміз инъекцияны жеңіл көтереміз. Алайда сирек болса да, терінің қызаруы мен қатаюынан бастап, абсцесс пен анафилактикалық шокқа дейінгі асқынулар болып тұрады. Айтпақшы, өмірге қауіпті аллергиялық реакция болуы үшін препараттың үлкен дозасын алу міндетті емес, кейде бір тамшы немесе иісінің өзі жеткілікті.

Өкінішке қарай, дәрігерге барудың соңы келеңсіз жағдаймен аяқталатын басқа да оқиғалар болады. Мен көптеген мысал келтіре аламын, соның бірі міне.

Менің әріптесімді, танымал дәрігерді жүрегі мазалады. Ол ангиография жасатуды ұйғарfды - бұл катетер мен арнайы жабдықтың көмегімен қан тамырларын зерттеу.

Дәрігерді процедураға дайындады. Ол үшін әдетте адамға гепарин егеді - ол қанның ұюын төмендетеді. Әріптесімді аурухана кереуетінен зембілге ауыстырмақ болғанда, ол өзі ауысамын деп, тұра бастағанда... кереуеттен құлап кетті.

Ештеңе етпес, тұрғызып, апарып, тексеру жасады - жүрегі қалыпты. Түстен кейін танысым үйіне кетті де, үйінде жағдайы нашарлады. Жедел жәрдем, реанимация, тексерулер, ота. Құлаған кезде зақымданған көкбауыры мен бүйрегін алып тастады. Іштен қан кетті, қарапайым жағдайда мұндай ауыр зардаптар болмас па еді. Бірақ ангиография алдында егілген гепарин қанның тоқтауына мүмкіндік бермеді - сондықтан дәрігердің өмірі қыл үстінде болды.

Бәрі жақсы, ол аман қалды және ұзақ уақыт жұмыс істеді. Егер бұл қарапайым пациент болса, оның арызы бойынша бас дәрігерді, емдеуші дәрігерді жұмыстан шығарып, бәлкім, санитарлармен бірге түрмеге де жабар ма еді. Бірақ ол өзі дәрігер болғандықтан, ауруханада неше түрлі жағдай болатынын біледі.

Мұнымен не айтқым келеді? Медицинада жеңіл манипуляция, процедура, әсіресе ота деген болмайды. Әрқайсының өз асқыну деңгейі бар. Тіпті қарапайым көрінетін тазалау клизмасының өзінде.

Қызмет саны туралы: "сақтық үшін" жасалатын зерттеулер қалай зиян тигізуі мүмкін

Интернетте 1976 жылы Колумбияның астанасы Боготада жедел жәрдем бригадаларынан басқа барлық дәрігер наразылық ретінде жұмысқа шықпай қойғаны туралы әңгімелер тарап жүр. Нәтижесінде астанадағы өлім-жітім деңгейі 35 пайызға дейін төмендеген-мыс.

Осындай әңгіме 70 және 80-жылдары дәрігерлердің наразылық акциялары өткен Израиль туралы да айтылады. Сондай-ақ Лос-Анджелес - мұнда дәрігерлер 1976 жылы ереуілге шыққан. Сол кезде ауруханаға жатқызу саны күрт азайған деседі. Шын мәнінде, бұл миф, бірақ оның да шындыққа жанасатын тұсы бар. Медициналық көмек белгілі бір кезеңде қолжетімсіз болғанына қарамастан, сол күндері өлім-жітім күрт өсіп кеткен жоқ.

"Онда дәрігерлердің не керегі бар!?" - деп айтуға асықпаңыздар.

Зерттеулер бойынша: медицина қолжетімсіз болған кезде адамдар іштей өз денсаулығына күтім жасай бастайды. Ол үшін не істеу керектігі бәріне мәлім: диета, зиян әдеттерден бас тарту, дене шынықтыру, дәрі-дәрмекті уақтылы ішу және т.б.

Осының бәрі көптеген "артық" процедуралардың қажетсіз болып қалуына әкеледі. Сәйкесінше, медициналық процедуралардан болатын асқынулар саны да күрт азаяды.

Пациент дәрігерден анализ, УДЗ, КТ, МРТ-ны табанды түрде талап етсе - капитализм жағдайында одан бас тартудың не керегі бар? Міне, жолдама барыңыз, бәрібір ол үшін өзіңіз немесе Медициналық сақтандыру қоры төлейді.

Осылайша, шағымдануға дағдыланған пациент басты тұлғаға айналатын тұйық шеңбер пайда болады. Осы жері ауырса - рентген, ана жері шаншыса - МРТ, мына жері сыздаса - КТ, сүйел шықса - хирург, бөртпе шықса - дерматологқа және тағысын тағы.

Ал кейде керісінше болады: өзіңізді жақсы сезінетін сияқтысыз, бірақ жоқ! Мынаған, анаған қаралу керек дейді - бұл енді коммерция. Біреулер өзі сұрайды, ал кейбіреулерге қызметтерді табанды түрде ұсынады. Медицина бизнеске айналды. Оның үстіне табысты бизнеске.

Сонда енді дәрігерге қаралмау керек пе? Әрине, қаралу керек, әрі неғұрлым ерте болса, соғұрлым жақсы. Бірақ өзіңізге мынадай сұрақ қойып көріңізші: неге мына жерім шаншып, ана жеріме бөртпе шықты? Мүмкін, қантты шектеу керек шығар? Салмақ тастау қажет пе? Гамбургер немесе чипсы жемей, бір күн "аш жүре тұру" керек пе? Немесе кешкісін баяғы сол 7000 қадамды жаяу жүру керек шығар? Бұл туралы үнемі жазып жүрмін - бірақ ең қарапайым нәрселер ұмытылып жатса, қалай қайталамасқа? 

Дәрігерлерді даярлау туралы: сан сапаны білдірмейтін кез 

Медицинадағы сапа мен қауіпсіздік - бұл күрделі әрі көпжақты мәселе, ол бір ғана бұйрықпен немесе өкіммен тез арада шешіле салмайды. Бұл - шешілуі өте қиын түйткілдер жиынтығы. 

Медицинаға "кездейсоқ" адамдар келе ме? Әрине, олардың қарасы аз емес. Тіпті мүлдем біліксіз дәрігерлер де бар - мұны мойындау керек. Кадр тапшылығының созылмалы сипаты жүйені сапаны құрбан етіп, санға басымдық беруге мәбжүр етті.

Қазірдің өзінде 14 жоғары оқу орны дәрігерлерді даярлап жатыр, ал Қазақстандағы медициналық колледждердің саны 90-нан асады. Сондықтан бізге қазір бұл мәселені реттеу өте қажет, әйтпесе медициналық қателіктер көбеймесе, азаймайды.

Негізінде Денсаулық сақтау министрлігінің де көздегені осы - жан-жақтан келетін қарсылықтарға қарамастан, жоғары оқу орындары мен колледж түлектерінің біліміне бақылауды күшейту. Дәрігердің біліктілігі - медицинадағы жоғары сапаның басты факторы, сондықтан мұнда ұсақ-түйекке жол беруге немесе үнемдеуге болмайды.

Бізге, яғни пациенттерге де, мына сұраққа нақты жауап беру керек: Біз бір ай күтіп, білікті дәрігерге қаралуға дайынбыз ба, әлде кім болса да, дәл қазір қарай салғанын қалаймыз ба?

Бүкіл өркениетті әлем бірінші жолды таңдайды, ал біз екіншісін енгізуге тырысып-бағып келеміз. Медициналық жоғары оқу орындары түлектерінің санын арттырып, кадр тапшылығын жауып жатырмыз деп барлық жерде есеп беруімізден ешқандай жақсылық жоқ, шықпайды да.

Медицина қызметкерлерінің жауапкершілігі туралы

Клиника басшылығының біліктілігі де маңызды рөл атқарады. Кезек, дөрекілік, мамандардың жетіспеушілігі, ғимараттардың жұтаңдығы - мұның бәрі менеджер бола алмаған бас дәрігерлердің жауапкершілік аймағына кіреді. Бірақ неге?

Аурухана басшыларын өңір әкімі өз ережелері бойынша таңдап, тағайындайды. Бекітілген талаптар бар, бірақ олар сақталады ма, жоқ па - ол басқа мәселе. Соның салдарынан медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың бүкіл тізбегі бұзылады.

Бұл неге маңызды?

Өзіңіз ойлап қараңызшы, егер дәрігер қажетті дәрі-дәрмек болмағандықтан оны пациентке бере алмаса, оған дәрігер кінәлі ме? Егер УДЗ аппараты немесе КТ істемей тұрса ше? Сапасыз шприц сатып алынса, кереует ыңғайсыз болса және тағысын тағы... Әрине, кінәлі емес.

Дегенмен, мұның бәрі емдеу процесіне және оның нәтижесіне тікелей әсер етеді. Дәрігер ұйымдастыру мәселелеріне мүлдем араласпаса да, емдейтін - сол адам, бірақ өкінішке қарай, пациенттерден қарғыс еститін де, кейде соққыға жығылатын да сол дәрігер.

Қалада емханалардың немесе стационарлардың жетіспеуіне дәрігер кінәлі ме? Жедел жәрдем көліктерінің, тар бейінді мамандардың, медбикелердің аздығына ше? Осының салдарынан адамдар кезек күтуге және ауруханаға жатқызудан бас тартуға мәжбүр болады. Егер аурухананда орын болмаса, дәрігерді өлтіріп жіберсеңіз де бұл мәселені шеше алмайды. Оның міндеті - емдеу, ал тамақтың сапасыздығы немесе қабырғаның сөгілуі оның жауапкершілігіне жатпайды. 

Тағы бір жайт. Дәрігерлер бақылаусыз жүр деп ойламаңыздар. Керісінше, қазір оларды тексермейтін кім қалды, жазаның да неше түрін қолданады. Айыппұлдар, қоқан-лоққылар, үнемі стресс пен қысым.

Созылмалы стресс медициналық қателік жіберу қаупін бірнеше есе арттырады. Сондықтан ең тәжірибелі әрі сұранысқа ие мамандар жеке секторға ауысады немесе мамандықтан мүлдем кетіп жатады. 

Сонда не істеу керек? Біріншіден, медицина сапасы - бұл кешенді мәселе екенін және оны тек жазалау шараларымен шешу мүмкін еместігін түсіну қажет. Жұдырық ала жүгірумен тіпті шешілмейді. Бұл - осы күрделі түйткілдің барлық құрамдас бөліктерін жақсартуға бағытталған, терең әрі жүйелі тәсілді қажет ететін процесс.

Өз денсаулығымызға деген жеке жауапкершілігіміздің де маңызы зор. Егер біз дәрігерлердің нұсқауларын орындамасақ, медицинаға айтылған сыннан ештеңе өзгермейді. Қате диагноз үшін біреудің жағынан тартып жіберуді ойлағанша, ауырмаудың жолын іздеген дұрыс емес пе?

Сондықтан өзіңізді күтіңіз және жақсы дәрігерлерді қадірлей біліңіз!

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін 

Анықтама. Автор туралы: Ерік Байжүнісов - хирург-дәрігер, Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы, денсаулық сақтау менеджері.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Денсаулық

Қазақстан

дәрігер

шағым

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Мамыр 2026 09:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары