Жол көлік оқиғасынан зардап шеккендерге алғашқы көмекті қалай көрсету керек және қай кезде араласпаған жөн
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Жолдарда жол апаты жиі болып тұрады, мұндай сәтте абдырап қалмай, алғашқы көмек көрсете білу маңызды. Tengri Auto тілшісі зардап шеккендерге қалай дұрыс көмектесу керектігін және қай жағдайда араласпаған жөн екенін білу үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына хабарласып, Жедел медициналық жәрдем фельдшерімен сөйлесті.
Жолдарда жол апаты жиі болып тұрады, мұндай сәтте абдырап қалмай, алғашқы көмек көрсете білу маңызды. Tengri Auto тілшісі зардап шеккендерге қалай дұрыс көмектесу керектігін және қай жағдайда араласпаған жөн екенін білу үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына хабарласып, Жедел медициналық жәрдем фельдшерімен сөйлесті.
Арнайы білімсіз медициналық көмек көрсетуге бола ма?Фельдшер Анна Гусеваның айтуынша, жүргізушілер алғашқы көмек көрсете білуі тиіс. Бұл - автомектептерде үйретілетін негізгі дағды. Оқиғаның соңы көбіне жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін жасалған әрекеттерге байланысты болғандықтан, бұл маңызды рөл атқарады.
"Алғашқы көмек - бұл өмірді сақтап қалуға көмектесетін қарапайым әрекеттер: қан кетуді тоқтату, тыныс алуды тексеру, жедел жәрдем шақыру. Бұған медициналық білімнің қажеті жоқ", - деп түсіндірді ол.
Дәйексөз авторын қосу
Сурет қосу
![]()
Анна Гусева
Алматы қаласы Жедел медициналық жәрдем қызметінің көшпелі бригада фельдшері. Еңбек өтілі - 5 жыл.
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының ақпаратынша, медициналық білімі жоқ адамдар мынадай жағдайларда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсете алады:
ес-түссіз күйде; тыныс алуы және қан айналымы тоқтағанда; сыртқы қан кету кезінде; жоғарғы тыныс жолдарында бөгде заттар болса; дененің түрлі бөліктері жарақаттанғанда; күйік шалғанда, жоғары температураның, жылу сәулесінің әсері болғанда; үсік шалғанда және төмен температураның басқа да әсерлерінде; уланғанда; құрысу (тырысу) кезінде; жануар немесе жәндік тістегенде. Жүрекке массаж жасау тәртібіАнна Гусеваның сөзінше, төтенше жағдайда ештеңе істемей отырғаннан көрі, реанимация жасауды бастаған дұрыс. Тіпті жасанды тыныс алдырмай жасалған жүректің жанама массажының өзі адамның аман қалу мүмкіндігін арттырады.
Сондай-ақ біз ҰШМҮО-дан массаж жасаудың дұрыс техникасын білдік:
кеуде қуысын 6 сантиметр тереңдікке дейін 30 рет басу; одан кейін екі рет дем беру және 103 шұғыл қызметі келгенше осылай үздіксіз қайталау.Бірақ мұнда зардап шеккен адамның жасын ескеру маңызды.
12 жастан асқандар:
кеуде қуысының ортасына қолмен (бір алақанның негізін екінші алақанмен жауып) 5-6 сантиметр тереңдікте 30 рет басу және ауызға екі рет дем үрлеу (егер дем үрленбесе, үзіліссіз басу).Бала (1 жастан 12 жасқа дейін):
зардап шеккен адамның аузын ерінмен қымтап, 5 рет дем үрлеу, бір үрлеудің ұзақтығы бір секунд болуы тиіс; кеуде ортасын 4-5 сантиметр тереңдікте (бір қолмен) 30 рет басу және 2 рет дем үрлеу.Нәресте (0-ден 12 айға дейін):
зардап шеккен сәбидің аузы мен мұрнын бірдей ерінмен қымтап, 5 рет дем үрлеу; екі саусақпен кеуде қуысының үштен бір бөлігі тереңдігінде 30 рет басу және аузы мен мұрнын бірдей ерінмен қымтап, 2 рет дем үрлеу.Барлық жағдайда реанимацияны өмір нышандары білінгенше жалғастыру қажет.
Дегенмен, егер дағдыңыз болмаса, кеуде қуысын
минутына 110-120 ретке дейін тек басуды жасауға болады.
Ең алдымен зардап шеккен адамның айналасында қауіпсіз жағдай жасау керек:
авариялық сигналды қосу; белгі қою; қауіп төндіретін заттарды алып тастау; айналадағы көлік қозғалысын шектеуді қамтамасыз ету және 103 (112) шұғыл қызметін шақыру.Осы әрекеттерден кейін зардап шегушінің жағдайын: есін (анық, есеңгіреу, сопор (прекома, есінің қатты тежелуі), кома) және тыныс алуын (кеудемен, ішпен немесе аралас) бағалау қажет.
Ауыр жарақаттар кезінде не істеу керек?Омыртқа жарақаты кезінде басты денемен бір сызықта бекітіп, оны үнемі қолмен ұстап тұру қажет.
Егер жарақат кезінде ішкі мүшелер көрініп тұрса, оларды ылғалды матамен, содан кейін полиэтиленмен жауып, қолда бар заттардан тығыз таңғыш салу керек.
Зардап шеккен адамды қараусыз қалдырмау және шұғыл қызмет келгенше оның жағдайын бақылап отыру қажет.
Тыныс алу қиындағанда не істеу керек?Егер адам түйіліп (қақалып) қалса, мамандар мынадай әрекеттерді орындауға кеңес береді:
егер ол сөйлей алса (жөтелсе, жыласа), жөтелуге жағдай жасау керек, зардап шегушіге кедергі келтірмеу керек, арқасынан қақпау қажет, ЖМЖ бригадасы келгенше зардап шегушінің жағдайын бақылау керек; егер зардап шегуші сөйлей алмаса, бірақ жөтелсе немесе жыласа, жауырын арасына қолмен бес рет сырғымалы соққы жасау қажет. Қандай жағдайларда зардап шегушіге тиісуге болмайды?Анна Гусеваның айтуынша, көмек көрсету ниеті жағдайды ушықтырып жіберетін кездер болады.
"Егер өмірге қауіп төніп тұрмаса (өрт, жарылыс қаупі) және зардап шегуші тыныс алып жатса, омыртқа жарақаты бар деген күдік болса, адам есін білсе және тыныш жата алса, оған тиіспеген дұрыс. Кез келген артық қозғалыс жағдайды нашарлатуы мүмкін",- деді ол.
Үйлестіру орталығының түсіндіруінше, зардап шегушілерді келесі жағдайларда қозғалтуға болмайды:
омыртқа сынғанда (егер зардап шегушінің аяқ-қолы қозғалмаса); зардап шегуші есін білсе және қауіпсіз жерде болса; зардап шегушінің денесінің кеуде немесе құрсақ бөлігінде бөгде заттар болса, кеуде қуысы/іш жарақаты кезінде - оларға тиіспеу және шығаруға тырыспау керек.Бірақ егер өмірге қауіп төнсе (өрт, түтін басу, су басу, тасқын), зардап шегушіні міндетті түрде көлік салонынан шығару қажет.
Қан кеткенде не істеу керек және оны қалай тоқтатуға болады?Фельдшердің айтуынша, ең бастысы - қан кетуді мүмкіндігінше тезірек тоқтату. Ол үшін бинттен немесе қолжетімді құралдардан жасалған қыспа таңғыш қолданылады.
"Қан қатты кеткен жағдайда, уақытын белгілей отырып, жарадан жоғары жерге жгут салынады. Қажетті заттардың бәрі көліктегі дәрі қобдишасында болады. Егер бинт болмаса немесе қобдишаға қол жетпесе, кез келген таза мата немесе тіпті киім де жарайды",- деп түсіндірді Анна Гусева.
ҰШМЖО қан кетудің әртүрлі түрлері кезіндегі іс-қимылдардың егжей-тегжейлі жоспарын ұсынды.
Бас жарақатынан қан кеткенде: қолжетімді құралдардан (бинт) бірнеше қабаттап қыспа таңғыш салу; зардап шегушіні ыңғайлы қалыпта отырғызу. Мұрыннан қан кеткенде: мұрын саңылауларын саусақтармен 10-15 минут бойы қысып тұру; мұрынның үстіне орамал арқылы мұздай нәрсе басу; басты артқа шалқайтпау; мұрынды сіңбіруге және жатуға болмайды. Мойыннан қан кеткенде: қан кеткен жерді саусақпен жылдам басу; қолжетімді құралдардан (бинт) бірнеше қабаттап таңғыш салып, оны қолмен басып тұру; ЖМЖ бригадасы келгенше ұстап тұру. Іштен, кеуде қуысынан қан кеткенде: қолжетімді құралдардан (бинт) бірнеше қабаттап таңғыш салу; кеуде немесе құрсақ қабырғасында бөгде заттар болса, оларға тиіспеу және оларды шығаруға әрекет жасамау; Аяқ-қолдан қан кеткенде: жгут ретінде шалбар белдігін, сөмке бауын, галстукты немесе матаны пайдалану; жгутты қан кетіп жатқан жерден жоғары салу; матаның астына қысқа таяқша немесе шыбық салып, қан тоқтағанша 2-3 рет айналдырып ширату; қолжетімді құралдардан бірнеше қабаттап қыспа таңғыш салу. Адам көлік ішінде қысылып қалса, оны қалай шығару керек?Фельдшер адам көлік ішінде қысылып қалса, оны шығармаған дұрыс екенін түсіндірді. Алайда бұлай істеуге мәжбүр ететін ерекше жағдайлар бар.
"Зардап шегушіні көліктен тек өмірге қауіп төнгенде, мысалы, өрт шығу қаупі болса немесе адам тыныс алмаса ғана өз бетінше шығару керек. Көлік салонынан шығару кезінде мүмкіндігінше мойынды бекітіп, омыртқаны бүкпеу керек және иығынан немесе қолтығынан абайлап тарту қажет", - деді ол.
Егер адам өміріне ештеңе қауіп төндірмесе, құтқарушылардың келуін күткен дұрыс, әйтпесе жағдай қиындап кетуі мүмкін.
Зардап шегуші ес-түссіз қалса не істеу керек?Мамандар естен тану кезіндегі жағдайға байланысты көмек көрсету жолдарын түсіндірді:
егер адам есінен танса, бірақ тыныс алса - жанындағы барлық қауіпті заттарды алып тастаңыз, оны абайлап қырынан жатқызып, жедел жәрдем шақырыңыз. Оның жағдайын қадағалаңыз;
егер адам ес-түссіз болса және тыныс алмаса - дәл солай істеңіз, бірақ оны қырынан жатқызудың орнына, бірден жүрекке жанама массаж жасауды бастаңыз және дәрігерлер келгенше тоқтатпаңыз;
егер жақын маңда автоматты дефибриллятор болса - соны қолданыңыз. Ол не істеу керектігін айтып тұрады және жүректі іске қосуға көмектесуі мүмкін;
егер тыныс алуы мен жүрек соғысы қалпына келсе - адамды қырынан жатқызыңыз.
Естен танған жағдайда: егер зардап шегуші тыныс алып жатса, 103 (112) нөміріне хабарласыңыз; егер тыныс алмаса, базалық реанимация жасаңыз, 103 (112) нөмірін шақырыңыз; шалқасынан жатқызып, аяғын сәл көтеріңіз; денесін қысып тұрған киімдерін ағытыңыз; таза ауа келуін қамтамасыз етіңіз; зардап шегушінің бетін салқын сумен сүртіңіз немесе маңдайына дымқыл сүлгі басыңыз; құсық болған жағдайда басын қырына бұрыңыз немесе қауіпсіз бүйір қалыпқа жатқызыңыз (құсық массасына шашалып қалмауы үшін); зардап шегушіні тік тұрғызуға болмайды; жедел медициналық көмек бригадасы келгенге дейін зардап шегушінің жағдайын бақылаңыз.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:89
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Мамыр 2026 09:28 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















