Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

Декреттік төлемнің жартысын жоғалтып алуға болады министрлік қазақстандықтарға ескерту жасады

Декреттік төлемнің жартысын жоғалтып алуға болады министрлік қазақстандықтарға ескерту жасады

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бала күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы жәрдемақы ресми жалақының шамамен 40 пайызы болады, алайда мұнда жұмыс беруші тарапынан төлемдердің тұрақты аударылып тұруы шешуші рөл атқарады. Ұлттық экономика министрлігі қазақстандықтарға декреттік төлемдердің бір бөлігінен қалай айырылып қалмауы керек екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанада жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің көшпелі отырысы өтті. Жиында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мемлекет жалақы төлеудің "сұр" схемаларымен күресуге ниетті екенін айтты, себебі мұндай схемалардың кесірінен адамдар әлеуметтік қорғаудан, атап айтқанда, декреттік төлемдерден айырылып жатады.

Вице-министрдің сөзінше, сөз Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін төлемдер туралы болып отыр - бұл жүктілікке және босануға, бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтімге байланысты жәрдемақылар, сондай-ақ еңбекке қабілеттілігін немесе жұмысын жоғалтқан жағдайда берілетін төлемдер.

Бәрі салыққа келіп тіреледі

Әмрин жәрдемақы көлемі ресми жалақыға және әлеуметтік аударымдардың тұрақтылығына тікелей байланысты екенін түсіндірді.

"Егер жалдамалы жұмыскер ресми түрде 300 мың теңге алса және ол үшін 12 ай бойы адал салық төленсе, онда әйел ай сайын бала күтімі бойынша 120 мың теңгеге жуық жәрдемақы алады. Бірақ жұмыс беруші төлемді бір немесе бірнеше ай өткізіп алса, қатысу коэффициенті төмендейді. Нәтижесінде ана 120 мың теңгенің орнына 80 мың немесе тіпті 30 мың теңге алады. Бұл өте өзекті мәселе", - деді Азамат Әмрин.

Вице-министрдің айтуынша, министрліктің фискалдық саясаты тек бюджетті толтыруға ғана емес, сонымен қатар бейресми жалақының кесірінен толыққанды әлеуметтік төлемдерсіз қалуы мүмкін жұмыскерлердің құқығын қорғауға да бағытталған.

Жүкті әйелдер мен бала асырап алған отбасылар қандай төлемдерге үміт арта алады?

Қазақстанда заң бойынша бала босанған ата-аналарға да, баланы асырап алғандарға да бірдей қолдау шаралары қарастырылған. Сондықтан бұдан әрі сөз баланың дүниеге келуіне байланысты төлемдер туралы болады, алайда дәл осы ережелер бала асырап алу жағдайларына да қолданылады.

Қазақстандықтар жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдердің бірнеше түрін ала алады:

бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы - оны жұмыс істейтін де, жұмыс істемейтін де әйелдер алады; жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін біржолғы әлеуметтік төлем; бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтім бойынша ай сайынғы жәрдемақы - жұмыс істемейтін әйелдер үшін; бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтім бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем - жұмыс істейтін ата-аналар үшін. Декретке дайындықты қашан бастаған жөн?

Болашақ төлемдердің көлемі әйелдің декретке шығар алдындағы соңғы 12 айдағы ресми табысына тікелей байланысты.

Егер әйел жалдамалы жұмыс істесе, жұмыс берушіден ол үшін барлық міндетті төлемнің аударылып жатқанын алдын ала тексеріп алғаны маңызды:

жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ); міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар; әлеуметтік аударымдар.

Декреттік төлемдер мен бала күтімі бойынша жәрдемақылардың көлемі дәл осы төлемдерге байланысты болады.

Қазақстанда декреттік демалыс қашан басталады?

Әдетте болашақ аналар декретке жүктіліктің 30-аптасынан бастап шығады. Ядролық сынақтардан зардап шеккен аумақтарда тұратын әйелдер үшін демалыс ертерек - 27-аптадан басталады.

Декреттік демалыс кезінде әйел уақытша жұмысын тоқтатады және табысынан айырылады. Сондықтан мемлекет жалақының орнын толтыратын әлеуметтік төлем тағайындайды.

Стандартты декреттік демалыс 126 күнге:

босанғанға дейін 70 күн; бала туғаннан кейін 56 күн.

Егер босану күрделі болса немесе егіздер мен одан да көп бала дүниеге келсе, демалыс 140 күнге дейін

Декрет кезінде әйелді жұмыстан шығаруға бола ма?

Жоқ. Еңбек кодексі бойынша жұмыс беруші жүктілігіне, босануына немесе бала күтіміне байланысты демалысына бола қызметкерді жұмыстан шығаруға құқығы жоқ.

Бұл ретте декретте және бала күтіміне байланысты демалыста болған уақыт еңбек өтіліне есептеледі.

Бала туғаннан кейін ата-ананың бірі бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс рәсімдей алады. Мұндай демалыс бала асырап алған отбасыларға да беріледі. Алайда мынаны ескеру маңызды: бұл кезеңде жалақы сақталмайды.

Қазақстанда декреттік төлемдерді кім ала алады?

Жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлемдерге жұмыс берушілері міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне әлеуметтік аударымдар төлеген жұмыс істейтін әйелдер үміткер бола алады.

Қарапайым тілмен айтқанда, егер әйел декретке шыққанға дейін оның атынан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ресми түрде әлеуметтік аударымдар төленсе, төлем алу құқығы туындайды.

Бала туғанда берілетін жәрдемақыны кімдер алады?

Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әйел жұмыс істеген-істемегеніне қарамастан барлығына төленеді.

2026 жылы төлем мөлшері келесідей болады:

38 АЕК немесе 164 350 теңге - бірінші, екінші және үшінші балаға; 63 АЕК немесе 272 475 теңге - төртінші және одан кейінгі балаларға.

Егер әйел ресми түрде жұмыс істеген болса, оған қосымша жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем, сондай-ақ бала 1,5 жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы төлемдер тағайындалады.

Декреттік төлемдерді рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет?

Декреттік төлемдерге құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы тапсыруға болады. Өтініш 8 жұмыс күні ішінде қарастырылады. Нәтижесі туралы SMS арқылы хабарланады.

Егер бас тартылса, бірден дүрбелеңге түсудің қажеті жоқ. Көбіне бұл құжаттардағы немесе өтініштегі қателерге байланысты болады - оларды түзетіп, қайта тапсыруға болады. Бұл ретте әйелдің төлемдерді рәсімдеуі үшін еңбекке жарамсыздық парағы берілген күннен бастап толық бір жыл уақыты бар.

Декреттік төлемді алу үшін келесі құжаттар қажет:

жүктілікке және босануға байланысты еңбекке жарамсыздық парағы - ол әйел есепте тұрған емханада немесе әйелдер консультациясында беріледі; оны рәсімдеу үшін акушер-гинекологты алдын ала ескертіп, жұмыс орнынан анықтама мен жеке куәлік көшірмесін ұсыну қажет; егер әйел бірнеше жерде жұмыс істесе, еңбекке жарамсыздық парағы әр ұйымнан талап етіледі; өтініш - ол ХҚКО-да толтырылады; жеке куәлік; банктен 20 таңбалы есепшот нөмірі көрсетілген анықтама.

Айта кетейік, арнайы шоттарға түсетін төлемдер бұғатталмайды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Мамыр 2026 17:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see146

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see143

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see142

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see138

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see136

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see135

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see132

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see131

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see128

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see123

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see121

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see120

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see119

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see116

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see116

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see114

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see113

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see112

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see110

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

06 Қазан 2026 15:57see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары