Дэвис кубогы аясындағы Қазақстан Таиланд матчының билеттері сатылымға шықты
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Астанада 2026 жылғы 18–19 қыркүйекте өтетін Қазақстан мен Таиланд құрамалары арасындағы «Дэвис кубогының» II Әлемдік тобы матчына билет сатыла бастады , – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық құрамалар Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының корттарында кездеседі. Қарсыластықтың жеңімпазы командалық әлем чемпионатының I Әлемдік тобындағы күресін жалғастыру құқығына ие болады.
Теннис федерациясы мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы Дэвис кубогы командаларының рейтингінде 42-орында, ал Таиланд құрамасы 60-сатыда тұр.
Қарсыластық бес матчтан — төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.
Ойындар кестесі:
18 қыркүйек – матчтар Қазақстан уақыты бойынша сағат 13:00-де басталады
19 қыркүйек – матчтар Қазақстан уақыты бойынша сағат 12:00-де басталады
«Қазақстан – Таиланд матчтарына билеттер Яндекс Афиша платформасында сатылымға шықты. Билет бағасы 5 000 теңгеден басталады және таңдалған орын санатына байланысты өзгереді. Матчтардың кестесі мен Қазақстан және Таиланд құрамаларының құрамы қосымша жарияланады. Ешбір турнирден қапы қалмауыңыз үшін, Beeline үй интернеті тиімді бағамен 24 сағатта қосылады», - делінген федерация хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:42
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Тамыз 2026 01:19 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















