Дрондар Украина шекарасынан 1400 шақырым қашықтағы Ресей мұнай өңдеу зауытын атқылады
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Украина Қауіпсіздік қызметінің «А» арнайы операциялар орталығына қарасты алыс қашықтыққа ұшатын дрондар «Башнефть-УНПЗ» мұнай өңдеу зауытына соққы жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz
УНИАН порталының жазуынша, кәсіпорын Ресейдің Башқұртстан республикасындағы Уфа қаласында орналасқан — бұл Украина шекарасынан шамамен 1400 шақырым қашықтықта.
Арнайы қызметтегі дереккөздердің айтуынша, Уфа — Ресейдің ең ірі мұнай өңдеу орталықтарының бірі және ол қарсылас елдің қарулы күштерін жанармай мен майлау материалдарымен қамтамасыз етіп отыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, арнайы қызмет дрондарының соққысынан кейін зауыт аумағында жарылыстар болып, артынан өрт шыққан. «Башнефть-УНПЗ» аумағына өрт сөндіру техникасы келген, ал зауыт үстінен қою қара түтін көтерілген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:68
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қазан 2025 19:14 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















