Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Египетте 20 жыл бойы салынған 1 миллиард долларлық музей ашылмақ

Египетте 20 жыл бойы салынған 1 миллиард долларлық музей ашылмақ

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Салтанатты ашылу рәсімі сенбі күні өтеді. Бұл шара алдында бірнеше рет кейінге шегерілген болатын және музейдің құрылысы шамамен жиырма жылға созылды.

The Guardian басылымының хабарлауынша, жалпы аумағы 470 мың шаршы метр болатын музей Гиза пирамидаларынан небәрі жартытора шақырым жерде орналасқан. Жоба алғаш рет 1992 жылы жарияланғанымен, нақты құрылыс жұмыстары тек 2005 жылы басталған. Кешеннің кейбір аймақтары 2024 жылы «техникалық ашылу» форматында келушілерге көрсетілді.

Музей коллекциясында 50 мыңнан астам экспонат бар. Олардың қатарында 3 200 жыл бұрынғы, салмағы 83 тонна болатын Рамсес II мүсіні және жасы 4 500 жылдан асқан перғауын Хуфудың ежелгі қайығы бар. Музейде 24 мың шаршы метр аумақты алатын тұрақты экспозициялар, балалар музейі, конференция және білім беру орталықтары, сауда аймағы мен ірі консервация орталығы орналасқан. Өткен жылы ашылған он екі негізгі галерея ежелгі дәуірден бастап Рим кезеңіне дейінгі жәдігерлерді хронологиялық және тақырыптық тәртіппен көрсетеді.

Көптеген артефактілер Каирдегі Тахрир алаңындағы Египет музейінен әкелінген — ондаған жылдар бойы экспонаттарға толы, ескі әрі тар ғимараттан. Басқа бірқатар жәдігерлер жақында Саккара сияқты ежелгі некропольдерден табылған. Саккара — Гизадағы жаңа музейден шамамен 22 шақырым оңтүстікте орналасқан пирамидалар мен қабірлер кешені.

AP News агенттігінің хабарлауынша, салтанатты ашылу бірнеше рет кейінге шегерілген, соңғысы — биылғы шілдеде Таяу Шығыстағы қақтығыстарға байланысты болған. Ашылу рәсіміне әлемнің түрлі елдерінің басшылары қатысады деп күтіледі.

Музейдің бас директоры Ахмед Гонейм журналистерге берген сұхбатында көрме залдары заманауи технологиялармен және мультимедиялық инсталляциялармен жабдықталғанын айтты. Экспозициялар аралас шынайылық элементтері бар шоулармен толықтырылған.

— Біз цифрлық буынға түсінікті тілде сөйлейміз. Олар дәстүрлі жазбаларды оқымайды, керісінше технология арқылы өзара әрекеттескенді ұнатады, — деді ол.

Музейдің басты кіреберісіндегі атриумда Египеттің ең даңқты перғауындарының бірі — Рамсес Ұлының 11 метрлік гранит мүсіні орнатылған. Оның жасы шамамен 3 200 жыл.

Тарихта алғаш рет бір жерде Тутанхамонның барлық қазынасы бір экспозицияда ұсынылып отыр. Олардың ішінде үш жерлеу төсегі мен алты күйме, алтыннан жасалған тағы, алтынмен қапталған саркофаг және алтын, кварцит, лазурит пен түрлі-түсті әйнектен жасалған әйгілі жерлеу маскасы бар.

Айта кетерлігі, 2014 жылы осы маска бүлінген еді: сақалы кездейсоқ сындырылып, эпоксидті желіммен дұрыс жабыстырылмаған. Бір жылдан кейін артефакт египеттік және германиялық мамандардың бірлескен күшімен қалпына келтірілді.

Музейдің тағы бір орталық экспонаты — перғауын Хуфудың күн қайығы. Оның жасы шамамен 4 600 жыл, әрі ол Гизадағы Ұлы пирамиданы салған билеушімен тығыз байланысты.

Бұған дейін Астанада 1 600-ден астам ұлттық музыкалық аспап үлгісі қойылған Өнер музейінің ашылғаны хабарланған еді.

Ал биыл көктемде Меккеде Қасиетті Құран музейі есігін айқара ашты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 02:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары