Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Екі айда 200 рет өшті: ШҚО тұрғындары электр жарығы жиі өшетіндігіне шағымданды

Екі айда 200 рет өшті: ШҚО тұрғындары электр жарығы жиі өшетіндігіне шағымданды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алты айда 2 ірі апат болды

Қала тұрғыны Аяжан Ғазизова жарықтың өшуі кейде күн сайын қайталанатындығы қолайсыздықтан бөлек психологиялық қысым екенін жеткізді. Тіпті былтыр жазда Жібек-маталар комбинаты ықшамауданындағы Ілияс Есенберлин даңғылында жарық шамамен он сағат бойы өшіп қалған. Ал биыл Қаныш Сәтпаев даңғылы, 24 мекенжайындағы үйде мұндай жағдай жиілеп кеткен.

— Қараңғыда қорқамыз. Жарықтың аяқасты өшуі мен үшін кәдімгідей күйзеліс. Әсіресе кешкі уақытта. Кішкентай баласы бар отбасылар не істейді? Қарт адамда қайтпек?! — деді ол.

Жарық өшкен сайын тұрғындар чатта қызыл кеңірдек талқылау өткізетін көрінеді.

— «Барлық үйде өшті ме?», «Қашан қосылады?», «Тағы апат па?» деген сұрақтарды жаңбырша жаудырамыз. Осыған қарап, техникалық мәселе әлеуметтік-психологиялық деңгейге көтеріліп бара жатқан сияқты, — деді тұрғындардың бірі.

Облыс, қала аумағында электр энергиясының жиі өшуі кездейсоқ жағдай емес. Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша «БЭСК» АҚ ақпаратынша, апаттық ажыратулардың негізгі себебі — 10 кВ кабельдік желілер зақымданғандықтан. Соңғы алты айда өңірде екі ірі апат тіркелді.

— Алдымен былтыр 16 қарашада Жібек маталар комбинаты шағынауданында болған. Ол кезде қосалқы станциядан тарайтын Ж-39 желісі істен шықты. Екінші ірі апат осы жылы 2 наурызда Ж-23 желісінде тіркеліп, трансформаторлық қосалқы станциялар арасындағы учаске зақымданған, — деп хабарлады компаниядан.

Апаттардың негізгі себептері қандай?

Мамандардың айтуынша, тұтынушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында соңғы жылдары бірқатар резервтік желі тартылды. Мәселен, 2024 жылғы инвестициялық бағдарлама аясында қосалқы станциядан тарату пунктіне дейін 2,9 шақырым резервтік кабель орнатылған. Алайда бұл шаралар да мәселені түпкілікті шешпей отыр. 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында облыста 126 апаттық және 101 жоспарлы ажырату тіркелген. Бұл екі ай ішінде электр қуатының 200-ден астам рет өшкенін көрсетеді.

— Апаттардың негізгі себептеріне электр желілерінің зақымдануы, қолайсыз ауа райы және сыртқы факторлар жатады, — деді «БЭСК» АҚ төрағасының орынбасары Талғат Құсайынов.

Сарапшылар пікірінше, негізгі проблема — инфрақұрылымның тозуы. Өңірдегі электр желілерінің шамамен 80 пайызы ескірген. Ал кейбір трансформаторлар 40-50 жыл бұрын орнатылған. Мұндай жүйе қазіргі жүктемені толық көтере алмайды. Сондай-ақ электр энергиясын тұтыну көлемі жыл сайын артып келеді. Мәселен 2024 жылы Өскемен қаласында 862 млн кВт/сағат энергия тұтынылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 883 млн кВт/сағатқа жеткен.

Өскемен қаласының әкімдігі де мұндай мәселенің бар екенін жасырмады. Қала басшысы Алмат Ақышовтың айтуынша, электр қуатының тапшылығы бар. Әсіресе, 20-шағын аудандағы жағдай соның айқын дәлелі. Бұл аумақта құрылыс кезінде инженерлік инфрақұрылым ескерілмеген.

Соның салдарынан жаңа үйлер әлсіз желілерге қосылған.

— Инфрақұрылым мен құрылыс қатар дамымаған. Қазір біз сол шешімдердің салдарымен бетпе-бет келіп отырмыз, — деді қала әкімі.

Еске салсақ, осыған дейін Атырауда топырақ аралас жаңбыр салдарынан 27 мыңға жуық тұтынушы жарықсыз қалғаны хабарланған. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:201
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Сәуір 2026 19:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары