Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Сауда серіктестігіне серпін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Экс шенеуніктердің Джеффри Эпштейнмен байланысын тексеру керек Асхат Рахымжанов

Экс шенеуніктердің Джеффри Эпштейнмен байланысын тексеру керек Асхат Рахымжанов

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Оның айтуынша, жария етілген «Эпштейн файлдарында» мемлекеттік негізгі лауазымда болған «ескі Қазақстанның» саяси элита өкілдерінің деректері кездеседі.

— Мәселен, қазіргі уақытта мемлекеттік сатқындық және билікті басып алуға әрекет жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан бұрынғы Премьер-министр және ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов жазбаларда кемінде 8 рет аталады. Жазбалардан Эпштейн мен Мәсімовтің жеке таныс болғаны байқалады. Көптеген сұрақ туындайды. Неліктен жоғары лауазымды қазақстандық шенеунік Эпштейнмен кездесуге бастамашылық жасап, онымен жолыққан? Бұл кездесулер қай жерде өтті? Сол атақты аралда емес пе? — деді Асхат Рахымжанов.

Депутаттың атап өтуінше, Эпштейн мен Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетовтің Нью-Йоркте бірге демалғаны туралы дерек те шетелдік БАҚ-тың назарын аударған.

— Хат алмасуда Мәсімов пен Келімбетовтің Джеффри Эпштейнмен байланыстары мен кездесулері талқыланады, жеке сәлем жолданады, түрлі бірлескен іс-шаралар сөз болады. Сондай-ақ аты аталмаған басқа тұлғалар, мысалы, мемлекеттік қауіпсіздікке жауапты болған белгілі бір жоғары лауазымды генерал туралы да айтылады. Ол адам кім? Мүмкін, тағы да сол Мәсімов шығар? Мұнан бөлек, жарияланған құжаттардан Эпштейннің Қазақстанға бірнеше рет келгені белгілі болып отыр. Сонымен қатар, файлдарда оның еліміздегі барлық байланысы толық көрсетілмеуі де ықтимал, — деді депутат.

Ол сондай-ақ халықаралық жарияланымдарда АҚШ-та қайғылы жағдайда қаза тапқан модель Руслан Коршунов туралы да айтылатынын атап өтті.

— Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктерінің мұндай тұлғамен кез келген байланысы бірқатар сұрақ туындатады. Джеффри Эпштейн Қазақстанға қандай мақсатпен жиі келген? Сол кезеңдегі қандай жоғары лауазымды тұлғалармен байланыста болған? Құпия ақпараттың сыртқа кетуіне жол берілді ме? Мемлекеттік шешімдер қабылдаған тұлғаларға сыртқы ықпал ету арналары жасалмады ма? Оларға қатысты әшкерелейтін материалдар жиналмады ма? Қазақстандық шенеуніктердің Эпштейнмен байланыстары сол кездегі ел басшылығы тарапынан рұқсат етілді ме? Қазақстан азаматтары ел тағдыры кімдердің қолында болғанын және оның күмәнді беделге ие жабық клубтарда сауда нысанына айналмағанын білуге құқылы, — деп атап өтті Асхат Рахымжанов.

Осыған орай Мәжіліс депутаты Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығына мындай өтінішін білдірді:

— «Эпштейн файлдарында» аталған қазақстандық лауазымды тұлғалар мен олармен байланысы бар адамдар туралы ақпаратты, кездесулердің сипаты мен мақсаттарын тексеру, Қазақстан аумағында немесе шетелде басқа қазақстандық саясаткерлердің, кәсіпкерлердің және шоу-бизнес өкілдерінің Джеффри Эпштейнмен байланыстары болған-болмағанын анықтау;

— ұлттық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерлерге, оның ішінде мемлекеттік құпиялардың жария болуын қоса алғанда дербес ақпараттардың жылыстатылуын, лауазымды тұлғаларды бопсалау тәуекелдеріне құқықтық баға беру;

тексеру нәтижелері мен болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қабылданған шаралар туралы Парламент пен қоғамға хабарлау.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Ақпан 2026 14:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see131

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see131

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары