Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Иран армиясының қолбасшысы әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған АҚШ сарбазы үшін сыйақы жариялады

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

“Мұнысы масқара, айтарға сөз жоқ“. Маңғыстауда демалушылар көрікті жағажайды қоқыс полигонына айналдырды

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

Пайымы биік преамбула

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

Үлескерлердің төрт жылдық сергелдеңі

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

Көкке көз тіккен күн

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

Аяғын шыны кесіп кеткен бала ауруханаға 12 минутта жеткізілді

Телеаудитория талғамы жаңарды

Астана Қарағанды Алматы тас жолының тағы бір учаскесі жүргізушілер үшін жабылады

ТМД миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық бойынша ОСК жұмысын жоғары бағалады

Қазақстан әйелдердің қауіпсіздігі мен әл ауқаты бойынша Орталық Азияда көш бастады

Ел экономикасы елордаға қарап еңсе тіктейді

Ел экономикасы елордаға қарап еңсе тіктейді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Астана әкімдігінің мәліметінше, был­тырғы жыл қорытындысында қала­ның жалпы өңірлік өнімі 18,9 трлн теңгеге жеткен. Бұл – еліміздің ішкі жалпы өнімінің 11,9 пайызы. Өсімнің тағы бір айғағы – инвестиция көлемі. Премьер-министр Олжас Бектеновтің жұмыс сапары кезінде қала әкімі Жеңіс Қасымбек биылғы қаңтар–сәуір аралығында Астанаға 587 млрд теңге инвестиция тартылғанын айтқан-тұғын. Оның 454,5 млрд теңгесі немесе шамамен 80 пайызы – жеке инвестиция. Экономист Бауыржан Ысқақ мұндай көрсеткішке жай ғана қаржы көлемі ретінде қарауға болмайтынын айтады. Себебі мемлекеттік қаржы көбіне жол, мектеп, инженерлік желі секілді инфрақұрылымға жұмсалса, жеке инвес­тиция жаңа зауыт салады, тың тех­но­логия әкеледі, тұрақты жұмыс орында­рын ашады. Сондықтан жеке капи­тал­дың үлесі неғұрлым жоғары болса, эко­но­миканың да соғұрлым орнықты бола түскені.

«Жалпы өңірлік өнімнің көлемі мен инвестиция құрылымы – қаланың экономикалық даму деңгейін бағалайтын негізгі көрсеткіштердің бірі. Астанада бұл екі көрсеткіштің де жоғары болуы экономиканың сапалық тұрғыдан өзгеріп жатқанын аңғартады. Әсіресе жеке инвестицияның басым болуы бизнестің елордаға ұзақмерзімді сеніммен қарай бастағанын көрсетеді. Өйткені кәсіпкер қаржысын тәуекелі жоғары ортаға емес, болашағы бар нарыққа салады. Сон­дықтан бүгінгі инвестициялық бел­сенділік ертеңгі өндіріс көлеміне, жаңа тех­нологияларға және тұрақты жұмыс орын­дарына негіз қалайды», дейді Б.Ысқақ.

Осыған байланысты Үкімет өндірістік жобалардың уақтылы жүзеге асуына ерекше назар аударып отыр.

«Биыл өңдеу өнеркәсібінде 200-ге жуық жаңа жобаны іске қосу жоспар­ланған. Ендігі міндет – жарияланған инвес­тицияның толық тартылуын қам­та­масыз етіп, жаңа технологияларды өндіріске енгізу. Өнеркәсіп және құры­лыс министрлігі, Ұлттық экономика министр­лігі мен әкімдіктер әр жобаның орын­далуын тұрақты бақылауда ұстауға тиіс», деді Премьер-министр Олжас Бектенов.

Экономикалық серпін қаланың қар­жысына да әсер етіп отыр. Ұлттық эко­номика министрінің мәліметінше, былтыр Астананың өз кірісі 1,2 трлн теңгеге жеткен. Жалпы бюджет көлемі 1,8 трлн теңгені құраса, республикалық бюджеттен бөлінген трансферт шамамен 500 млрд теңге болған. Биыл да бұл үрдіс жалғасты. Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Түгелбаеваның ­айтуынша, қала бюджеті нақтыланып, ­1 трлн 483 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұған салық түсімдерінің артуы негіз болды. Қосымша түсетін кірістің 86,4 млрд теңгесі – салықтан жиналған қаражат.

«Елорда экономикасы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Қазір оның орташа қарқыны шамамен 10 пайызды құрайды. Халық саны жыл сайын орта есеппен 7,5 пайызға артып келеді. Соған сәйкес құрылыс көлемі 8,2 пайызға, көлік пен логистика 30 пайызға, сауда 3 пайызға өсті. Өзіндік кірістердің ұлғаюы бюджет мүмкіндігін кеңейтті. Соның арқасында қоғамдық көлік жүйесін дамытуға, жол инфрақұрылымын жаң­ғыртуға, жылу энергетикасы мен ком­муналдық шаруашылық жобаларын жүзеге асыруға, қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға қосымша қаржы бөлінді. Бюджет нақты қажеттіліктерді, Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тап­сыр­маларын, сондай-ақ қаланың ұзақ­мерзімді даму міндеттерін ескере отырып нақтыланды», деді А.Түгелбаева.

Экономикалық белсенділік шағын және орта бизнестің дамуынан да анық көрінеді. Қала әкімдігінің дерегіне сүйен­сек, бүгінде Астанада 246 мың кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Олар 560 мыңға жуық адамды еңбекпен қамтып отыр. Былтыр шағын және орта бизнес өндірген өнім көлемі 21 трлн теңгеге жетті. Қазір бұл сектор қала экономикасының 66 ­пайызын қалыптастырады. Экономистер мұны Астана экономикасының жаңа кезеңге аяқ басқанын көрсететін маңызды өзгеріс деп есептейді.

Экономиканың тұрақты өсуі тек инвестиция көлемімен өлшенбейді. Ең маңыздысы – сол қаржының қай салаға бағытталатыны. Осы тұрғыдан алғанда Астанадағы ең үлкен өзгерістің бірі – өңдеу өнеркәсібінің күшеюі. Егер бұрын елорданың экономикасы негізінен құрылыс пен қызмет көрсетуге сүйенсе, қазір өндірістің үлесі жылдан-жылға артып келеді. Премьер-министрдің баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, биылғы қаңтар–сәуір аралығында Астанада өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,3 трлн теңгеге жеткен. Оның 1,2 трлн теңгесі өңдеу өнеркәсібінің үлесіне тиеді.  Индустриялық парк осы өзгерістің негізгі алаңына айналған. Биыл мұнда жалпы құны 139,8 млрд теңгені құрайтын 28 жаңа жобаны іске қосу көзделген. Соның арқасында 600-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұған қоса Үкімет республика көлемінде биыл өңдеу өнеркәсібінде 200-ге жуық жаңа жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл еліміздің шикізаттық модельден біртіндеп дайын өнім өндіруге көшіп жатқанын аңғартады.

«Ұзақ уақыт бойы елорданың экономикасы негізінен құрылыс пен қызмет көрсету саласына сүйеніп келді. Қазір бұл қатар машина жасау, медициналық техника өндірісі, құрылыс материалдарын шығару, ақпараттық технологиялар, цифрлық шешімдер секілді жоғары қосылған құны бар жаңа салалармен толығып жатыр. Бұл – қаланың экономикалық мәдениетіндегі өзгерісті  көрсетеді. Себебі мұндай өндірістер жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, еңбек өнімділігін арттырады, экспорттық әлеуетті күшейтеді әрі инновацияның дамуына жол ашады. Әлемдік тәжірибеде мұндай өзгерістер экономиканы сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерген. Мәселен, Шэньчжэнь қарапайым өндіріс орталығынан әлемдік технологиялық хабқа айналса, Сеул жоғары технологиялардың арқасында өңірлік көшбасшылардың бірінен саналады. Қазақстан үшін де бұл аса маңызды кезең. Өйткені шикізаттық модельден өңдеуші экономикаға көшу елдің ұзақмерзімді бәсекеге қабілеттілігін ай­қындайды», дейді сарапшы Б.Ысқақ.

Елорда экономикасының тағы бір қар­қын­ды бағыты – логистика. Элек­тронды сауданың кеңеюі бұл саланың маңызын бұрынғыдан да арттырды. Соның бір дәлелі – Technodom компаниясының жаңа логистикалық орталығы. Аумағы 22 мың шаршы метрден асатын кешен толық автоматтандырылған. Қойма тәулік бойы жұмыс істейді. Бүгінде оның сыйымдылығы толық пайдаланылып отыр. Мұнда Wildberries, Ascona секілді халықаралық компаниялардың жүгі өңделеді.

Бірақ бұл – жоспарланған жобалардың басы ғана. Үкіметке таныстырылған жобаға сәйкес, Астанада жалпы аумағы 223 гектар болатын жаңа логистикалық парк салынады. Жеке инвестиция көлемі 300 млн доллардан асады. Сонымен бірге еліміздегі электронды коммерция саласындағы ең ірі жобалардың бірі – Wildberries Kazakhstan логистикалық хабының құрылысы жүріп жатыр. Құны 47,7 млрд теңгені құрайтын кешеннің жалпы аумағы 160 мың шаршы метр болады. Жоба іске қосылған соң 6 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады.

Өндіріс пен логистикадағы серпін азық-түлік қауіпсіздігіне де ықпал етіп отыр. Кейінгі екі жылда Астанада жал­пы сыйымдылығы 12 мың тонна бо­латын екі ірі көкөніс қоймасы пай­далануға берілді. Бұған қоса жылына 53 мың тонна өнім өңдейтін үш кәсіпорын іске қосылды. Алдағы екі жылда агро­өнер­кәсіп кешенінде жалпы құны 180 млрд теңгені құрайтын тағы жеті инвес­тициялық жоба жүзеге аспақ. RnR Group кәсіпорындары бүгінде тәулігіне 25 тонна нан-тоқаш өнімін әрі 100 тонна сүт өнімін шығарады. Жобаларға салынған инвестиция көлемі 8,8 млрд теңгеге жеткен.

Демек Астананың экономикалық дамуы бұрынғыдай құрылыс қарқыны немесе жаңа тұрғын үйлердің санымен ғана өлшенбейді. Елордада өндіріс көлемі ұлғайып, логистика, цифрлық технология, медицина, агроөнеркәсіп пен өңдеу өнеркәсібі қатар дамып келеді. Инвестиция құрылымының өзгеруі, жеке капиталдың белсенділігі, өндірістік жобалардың көбеюі қаланың жаңа экономикалық кезеңге аяқ басқанын аңғартады. Ендігі міндет – осы қарқынды сақтап қана қоймай, оны жоғары технология мен инновацияға негізделген тұрақты өсімге айналдыру. Экономист Б.Ысқақ та осыны айтып отыр. Сөзінше, Астананың Орталық Азиядағы экономикалық әрі технологиялық орталыққа айналуына толық мүмкіндігі бар.

«Бұған қаланың географиялық орналасуы, Еуропа мен Азияны жалғайтын көлік дәліздерінің торабында орналасуы, Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысы, цифрландыру деңгейі мен адам капиталдың әлеуеті негіз болады. Алайда ендігі кезеңде ин­вестиция көлемінен бұрын оның сапа­сына мән беру қажет. Қаражат жоғары технологиялық өндірістерге, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуге, экспортқа бағытталған жобаларға жұм­салуға тиіс. Экономикада «ақша қауіп бар жерге бармайды» деген қағида бар. Сондықтан жеке инвестицияның басым болуы – инвесторлардың елорданың болашағына сенім білдіріп отырғанының айқын көрінісі. Егер осы бағыттағы жұмыс жүйелі жалғаса берсе, Астана Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азияның экономикалық өсіміне серпін беретін жетекші орталықтардың біріне айналады», деп түйіндейді экономист.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Шілде 2026 08:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Иран армиясының қолбасшысы әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған АҚШ сарбазы үшін сыйақы жариялады

17 Тамыз 2026 11:33see120

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

16 Тамыз 2026 17:15see117

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

17 Тамыз 2026 11:35see116

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

17 Тамыз 2026 14:08see114

“Мұнысы масқара, айтарға сөз жоқ“. Маңғыстауда демалушылар көрікті жағажайды қоқыс полигонына айналдырды

17 Тамыз 2026 11:34see114

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

17 Тамыз 2026 14:53see113

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

17 Тамыз 2026 22:41see112

Пайымы биік преамбула

18 Тамыз 2026 07:04see112

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

17 Тамыз 2026 12:08see112

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

17 Тамыз 2026 15:56see111

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

17 Тамыз 2026 15:20see110

Үлескерлердің төрт жылдық сергелдеңі

18 Тамыз 2026 03:20see110

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

17 Тамыз 2026 11:42see110

Көкке көз тіккен күн

18 Тамыз 2026 04:03see110

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

17 Тамыз 2026 19:04see110

Аяғын шыны кесіп кеткен бала ауруханаға 12 минутта жеткізілді

16 Тамыз 2026 17:31see110

Телеаудитория талғамы жаңарды

18 Тамыз 2026 03:17see109

Астана Қарағанды Алматы тас жолының тағы бір учаскесі жүргізушілер үшін жабылады

17 Тамыз 2026 15:38see109

ТМД миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық бойынша ОСК жұмысын жоғары бағалады

17 Тамыз 2026 21:11see108

Қазақстан әйелдердің қауіпсіздігі мен әл ауқаты бойынша Орталық Азияда көш бастады

17 Тамыз 2026 16:05see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары