Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Ел экономикасы 6,5% артты

Ел экономикасы 6,5% артты

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Былтыр жалпы ішкі өнім артып, 6,5 пайызға жетті. Ел экономикасының ілгерілеуіне өнеркәсіп, құрылыс, көлік және сауда салалары ықпал еткен.

Енді оң динамиканы сақтап қалу үшін Ұлттық экономика министрлігі бірқатар бағдарламаны іске қосуды жоспарлап отыр. 

Былтырғы қорытындыға сәйкес, өнеркәсіп өндірісінің индексі 7,4 пайызға жеткен. Бұл өңдеу бағытының артып, шикізаттық емес секторда жақсы динамиканың сақталғанын көрсетеді. Тұрақты өсім азық-түлік, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі, метталургия және машина жасау саласында байқалды.

Азық-түлік – 8,1%

Мұнай өңдеу – 5,9%

Химия өнеркәсібі – 9,8%

Металлургия – 1,2%

Машина жасау – 12,9% 

Қалыбек Мағзумов, ҚР ҰЭМ Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті директорының орынбасары:

- Бұл соңғы 10 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. Атап айтқанда, 2023 жылдың экономикалық өсімі 5,1 пайызды, 2024 жылы 5 пайызды құрады. яғни соңғы үш жыл қатарынан ел экономикасы 5 пайыздан жоғары тұрақты өсім көрсетіп келеді. Сондай-ақ нақты сектордағы өсім қазір 8,7 пайызды құрады. Қызмет көрсету секторында 5,3 пайыз.

Еліміз құрылыс саласы бойынша бұрын-соңды болмаған нәтижелерге қол жеткізді. Кейінгі жылдары белгіленген меже артығымен орындалуда. Былтыр берілуге тиіс 15,7 млн-ның орнына 16,9 млн шаршы метр пайдалануна берілді. Бұл экономиканың негізгі драйверінің бірі.

Қалыбек Мағзумов, ҚР ҰЭМ Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті директорының орынбасары:

- Бұл 2024 жылғы деңгейден 5,1 пайызға жоғары. Көлік және қоймалау саласында өсім 2,4 пайызды құрады. Өсім жүк тасымалы көлемінің ең алдымен автомобиль және теміржол арқылы тасымалдаудың ұлғаюына сондай-ақ автомобиль жолаушылар тасымалының артуына байланысты болды. Сауда саласында да оң серпін байқалып отыр. Жыл қорытындысы бойынша саладағы өсім 8,9 пайызды құрады.

Экономикалық өсімге инвестициялардың әсері жоқ емес. Былтырғы 9 айда негізгі капиталға салынған қаржының көлемі артып, 13 триллион теңгеден асқан. Дегенмен мамандар экономиканы әртараптандыруға әлде де мән беру керек, - дейді.

Бауыржан Ысқақ, экономист:                         

- Экономиканы әртараптандыру деген кезде бюджетке түсетін түсімдерді қамтамасыз ететін салалардың санын көбейтуіміз керек. Бізде әлі де болса шикізаттан түсетін түсімдер экономиканың басым бөлігі негізгі кіріс көздерін қалыптастырып отыр. Егер осыны әртараптандыратын болсақ, біздің импортқа алмасушылық бағдарламасының орындалуы, қазақстандық мазмұндағы кәсіпорындардың саны өседі.

«Ел экономикасына инновациялар мен жасанды интеллектінің үлесі бар. Сондықтан Президенттің  биыл «цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялаған жылында мүмкіндікті қалт жібермей, саланы дамыта беру керек», - дейді экономистер.

Қажыкелді Шамбыл, экономист:

- Жасанды интеллект сөзсіз экономикалық өсім мен дамудың нағыз идеалды бағытына алып келетін құрал-жабдық. Бірақ оны қолдану деңгейі бар, қолдану бағыты бар. ЖИ-ді қағаз жүзінде қолдану бір бөлек мысалы ChatGPT-ға промт жазу деген сияқты. Ал ЖИ-ді математиктерді жинап, экономистерді жинап бір арнаға тоғыстырып жабдық жасау – бөлек әңгіме. Шетелдегі ЖИ-мен айтқан екінші нұсқа. Сондықтан Қазақстан екінші нұсқадан қалыс қалмау керек.

Экономикалық өсімді бір деңгейде ұстап тұру да оңай емес. Дегенмен былтырғы көрсеткіш кейінгі жылдармен салыстырғанда «жоғары» деп бағаланды. Ал енді Үкімет «макроэономикалық тұрақтылықты қамту» бағдарламасын бекітті. Ол алдағы үш жыл бойы іске аспақ. Бұл бастама халықтың табысын арттырып, инфляция деңгейін кезең-кезеңімен төмендетуге бағытталады.

Авторы: Альмира Оразбай

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қаңтар 2026 13:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары