Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Ел тұрғындарының алкогольге жұмсайтын шығыны 15,2 пайызға азайды

Ел тұрғындарының алкогольге жұмсайтын шығыны 15,2 пайызға азайды

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстандықтар соңғы жылдары алғаш рет алкогольге жұмсайтын ақшасын қысқартты. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылы бір отбасының алкогольдік ішімдіктерге жұмсаған орташа шығыны шамамен 21 мың теңгені құраған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 15,2 пайызға аз, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зерттеу нәтижесі қала тұрғындарының алкогольге ауыл халқына қарағанда әлдеқайда көп ақша жұмсайтынын көрсетті. Мәселен, 2025 жылы қаладағы отбасылар ішімдікке орта есеппен 23,2 мың теңге жұмсаса, ауыл тұрғындарының шығыны 16 мың теңгеге де жетпеген. Айырмашылық 31 пайыздан асқан.

Мамандар мұны бірнеше фактормен байланыстырады. Соның бірі – елімізде кең таралып келе жатқан «Арақсыз ауыл» жобасы. Қазір Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі 280-нен астам ауыл алкоголь сатудан толықтай бас тартқан. Мұндай елді мекендердегі дүкендер мен кафелерде спирттік ішімдіктер сатылмайды. Жоба нәтижесінде кей ауылдарда қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеген.

Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты

Сондай-ақ қала мен ауыл тұрғындарының табыс деңгейі мен сатып алу мүмкіндігі де әртүрлі. Қала халқы қымбатырақ алкоголь өнімдерін жиі тұтынады.

Өңірлер арасында да айырмашылық байқалады. Алкогольге ең көп қаржы жұмсайтын аймақтар қатарында Қарағанды және Павлодар облыстары көш бастап тұр. Бұл өңірлерде бір отбасының жылдық шығыны 38,1 мың теңгеге жеткен. Алматы қаласында көрсеткіш 36,7 мың теңгені құрады.

Ал ең аз шығын тіркелген өңірлер:

Маңғыстау облысы – 3,4 мың теңге; Шымкент – 4,6 мың теңге; Қызылорда облысы – 6,2 мың теңге.

Сарапшылар мұны өңірлердегі табыс деңгейі, урбанизация және алкоголь өнімдерінің қолжетімділігімен байланыстырады.

Статистикаға сәйкес, елде алкоголь өнімдерін сату көлемі де азайып келеді. 2025 жылы арақ өнімдерінің сатылымы 3,8 пайызға төмендеп, 83,5 млн литр болған. Ал 2026 жылдың алғашқы екі айында бұл көрсеткіш тағы 11,6 пайызға қысқарған.

Шарапқа да сұраныс та төмендеген. Өткен жылы оның сатылымы 17,6 пайызға азайып, 33,7 млн литрді құрады.

Дегенмен Қазақстандағы ең танымал алкогольдік сусын – сыра. 2025 жылы оның сатылымы керісінше 6,8 пайызға өсіп, 690,5 млн литрге жеткен. Бірақ 2026 жылдың алғашқы екі айында сыра сатылымы да 13,2 пайызға төмендей бастаған.

Мамандардың пікірінше, бұл азаматтардың алкоголь тұтыну әдеті өзгеріп жатқанын көрсетеді. Бір бөлігі күшті ішімдіктен жеңіл сусындарға ауысса, енді біреулері алкогольден мүлде бас тарта бастаған.

Қазақстанда сатылатын алкоголь өнімдерінің басым бөлігін отандық зауыттар шығарады. Импорттық ішімдіктер де бар, алайда олардың үлесі салыстырмалы түрде аз. Негізінен шетелден Қазақстанда өндірілмейтін кейбір сусын түрлері, әсіресе жүзім шарабы әкелінеді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы арақ және ликер-арақ өнімдерінің жалпы нарығындағы отандық өндірістің үлесі 84,5 пайызды құраған. Ал импорт небәрі 15,5 пайыз болған. Бұл азаматтардың көбіне жергілікті брендтерді таңдайтынын көрсетеді. Сыра нарығында да ұқсас жағдай қалыптасқан. Өткен жылы сатылған сыраның 89,9 пайызы ел ішінде өндірілген өнім болса, импорт үлесі 10,1 пайыз ғана болған.

Сонымен қатар Қазақстанда өндірілген алкоголь өнімдері шетелге өте аз көлемде экспортталады. Бұл жергілікті өндірушілердің негізінен ішкі нарыққа жұмыс істейтінін аңғартады.

Сарапшылар тұрғындардың алкогольге жұмсайтын шығынының азаюын бірнеше фактормен байланыстырады. Соның бірі – халықтың үнемдеуге көшуі. Әсіресе 2026 жылы елде жалақының сатып алу қабілеті төмендеп, алкоголь өнімдері айтарлықтай қымбаттаған.

Статистикаға сәйкес, 2025 жылдың наурызынан 2026 жылдың қаңтарына дейін алкоголь бағасы орта есеппен 10-11 пайызға өскен. Ал ақпанда бағаның жылдық өсімі 14,2 пайызға жетсе, наурызда шамамен 15 пайыз болған.

Бағаның ең қатты өсуі сыра сегментінде байқалған. Егер 2025 жылдың жазында сыра бағасының индексі 112,6 пайыз болса, 2026 жылдың наурызына қарай 116,4 пайызға дейін көтерілген.

Шарап бағасы да айтарлықтай қымбаттаған. Мәселен, 2025 жылдың шілдесінде индекс 109,4 пайыз болса, 2026 жылдың ақпанында 116,7 пайызға жеткен.

Ал арақ бағасы салыстырмалы түрде баяу өскен. 2026 жылдың көктемінде бұл санаттағы өнімдердің қымбаттауы шамамен 10,1 пайызды құраған.

Соңғы жаңалықтар

Трамп пен Си Цзиньпин Пекинде кездесті

Әлем • Бүгін, 10:22

Оралда полиция қызметкері қыз зорлады деген күдікпен ұсталды

Оқиға • Бүгін, 10:07

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевты қамау мерзімі ұзартылды

Қоғам • Бүгін, 09:59

Қазақтың қымызы Нью-Йоркте алтын жүлде жеңіп алды

Өнім • Бүгін, 09:53

Қазақстанда 32 градусқа дейін күн ысиды

Ауа райы • Бүгін, 09:48

Сәтті серпіліс

Пікір • Бүгін, 09:45

Сапаны арттыратын шешім

Пікір • Бүгін, 09:40

Білімді өрістететін бастама

Білім • Бүгін, 09:35

Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:27

Депутат Қазақстанда тыңайтқыш өндірісін ұлғайтуды ұсынды

Шаруашылық • Бүгін, 08:27

Заңсыз көлік тізгіндеген жасөспірім TikTok-тан анықталған

Оқиға • Кеше

Францияда 1700-ден астам адам карантинге алынды: Хантавируспен байланысы бар ма?

Әлем • Кеше

14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді

Ауа райы • Кеше

Қазақстанда Tesla Cybertruck базасындағы көліктер алғаш рет штабтық қызметтерге қолданылады

Технология • Кеше

Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет

Экология • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Мамыр 2026 11:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары