Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Елде темекі тартатындар азайып келеді

Елде темекі тартатындар азайып келеді

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мұны айтып отырған біз емес, Ұлттық статистика бюросы. Бір қызығы осы темекі өндірісі бізде дамыған. Бюджеттің қалтасын қампайтып отырған саланың бірі. Мәселен, Қаржы министрлігі былтыр ең қомақты салық төлеген 50 компанияның тізімін жариялады. Көш басында жер қойнауын пайдаланушылар, мұнай-газ алыптары тұратыны белгілі. Осы тізімнің алғашқы ондығына мұнай-газ саласындағы компаниялармен бірге темекі алпауыты “Филипп Моррис Қазақстан” компаниясы енді. Яғни темекі өндіруші былтыр 168 млрд теңгеге жуық салық төлеген.  

Шылымды қаладағыларға қарағанда ауылдағы ағайын көп шегеді. Яғни қала тұрғындарының әрбір алтыншысы немесе 16,7 пайызы темекі тартса, ауылдағылардың әр бесіншісі көк түтінге әуес. 19 пайыздан сәл асады. Бұл елдегі орташа көрсеткіштен жоғары. Дегенмен былтырғыға қарағанда шылымқорлар саны 3 пайыз азайып отыр. Ел халқының 17,5 пайызы темекіге тәуелді. Жынысына бөлсек, ер-азаматтар шылымға көбірек үйір. 34 пайыз. Ал қыз-келіншектер арасында шылым шегетіндер үлесі 5 пайызды көрсетті.

Есесіне қыздырылатын темекіге құмарлар көбейіп тұр. Өндіріс былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 69 пайыз өскен. Мәселен, былтыр елде 48,5 млн қорап стик өндірілсе, биыл 82 млн-ға жетті. 

Темекі өндірісі кеміді

Темекіге сұраныс азайған соң өндіріс пен импорт та кеміп келеді. “Таңба” операторының дерегі бойынша 2022 жылы 1 млрд-тан астам қорап өндірілсе, 2023 жылы 949 млн-нан сәл асты. Ал былтыр 100 млн қорапқа кемісе, биыл 8 айда 653 млн-ға төмендеді. Яғни темекі өндірісі мен импорты жыл санап бірнеше миллионға азайып отыр.

Импорт десек те, ішкі нарықтың негізгі бөлігі отандық өндірушілерге тиесілі. Жыл басынан бері елде 581 млн қорап темекі өндірілді. Ал импорттаушылар тізімін Өзбекстан бастап тұр. Биыл көрші елден 39 млн-ға жуық қорап келді. Бұдан кейінгі Ресей үлесі 16 млн-нан асса, үштікті 12 млн-ға жуық қораппен Германия түйіндейді.  

Келесі жылы темекі қымбаттайды

Келесі жылдан бастап темекі қымбаттайды. Яғни акциздік марка құны 10 пайыз көтеріледі. Қазір арзан темекінің бағасы 1000 теңгенің шамасында. «Акциз қымбаттаса, бюджеттің кірісі көбейетіні белгілі. Және шылымқорлардың да саны азаяды», - дейді министірлікте.

Ғабдылқайыр Баекенов, ҚР ҰЭМ Салық саясаты басқармасының басшысы

- Біздің болжамымыз бойынша республикалық бюджетке түсетін жыл сайынғы кіріс 16,5 млрд теңгеге ұлғаяды. Ал жергілікті бюджет түсімі 48 млрд теңгеден асады. Сонымен қатар темекі неғұрлым қымбаттаған сайын оны шегетіндер саны азаяды деген үмітіміз бар.

Әрине, жас та, жасамыс та жаман әдеттен арылғаны абзал. Бұл орайда акциздік марка да темекінің “көлеңкелі” нарығын тежеуге жол ашып келеді. Мемлекеттік кірістер комитеті жыл басынан бері заңсыз темекі сатқан 632 жағдайды анықтады. Осы орайда жалпы сомасы 4 млрд теңгеге жуықтайтын 6 млн қорап тәркіленген.

Авторлары: Нұрқанат Қанапия, Ділназ Тұрғазиева, Мерей Талап

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:214
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 12:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see133

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see120

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары