Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Елдегі 10 ЖЭО қызыл аймақта қалып отыр

Елдегі 10 ЖЭО қызыл аймақта қалып отыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Кеңеске облыс әкімдерінің орынбасарлары, энергетикалық кәсіпорындардың басшылары және өңірлік штабтардың өкілдері қатысты.

Кеңесті аша отырып, министр ағымдағы жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатқанын атап өтті. «Инвестицияға айырбасталған тариф» бағдарламасының арқасында 2025 жылы елдегі ЖЭО-лардың жалпы тозу деңгейі 61%-дан 59%-ға дейін төмендеді.

Үш ЖЭО «жасыл аймаққа» ауыстырылып, тоғыз нысан «қызыл аймақтан» шығарылды.

Сонымен қатар жағдай қосымша қатаң шараларды талап етеді: бүгінгі таңда Қазақстандағы 37 ЖЭО-ның 10-ы «жасыл аймақта», 17-сі «сары аймақта», ал 10 станция әлі де «қызыл аймақта» қалып отыр.

Жедел назар аударуды қажет ететін проблемалық нысандар қатарына Семей, Теміртау (ГРЭС-1), Петропавл, Ақтау (ЖЭО-2), Павлодар (ЖЭО-2), Степногорск, Орал, Қызылорда, Арқалық және Тараз қалаларындағы ЖЭО-лар енгізілді.

Аталған станцияларда жағдайды тұрақтандыру үшін ауқымды жөндеу науқандары бекітілді. Жалпы проблемалық нысандар бойынша 9 энергоблокты, 55 қазандықты және 51 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда 2 энергоблок, 5 қазандық және 2 турбина жөндеуден өткізілуде. 1 турбинаның жөндеуі аяқталды.

— Атап айтқанда, «қызыл аймақтағы» ЖЭО-ларда жабдықтарды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Степногорск ЖЭО-сында 2 қазандық агрегаты мен 2 турбоагрегатты жаңарту жоспарланған. Петропавл ЖЭО-2-де 5 қазандық пен 1 турбоагрегат жөнделеді. Павлодар ЖЭО-2-де 2 қазандық пен 2 турбоагрегат жөндеу көзделген. Ақтаудағы МАЭК ЖЭО-2-де 2 қазандық пен 2 турбоагрегат жөнделеді. Тараз қаласындағы ЖЭО-4-те 1 қазандық агрегаты жаңартылады, ал Теміртаудағы ГРЭС-1-де 1 қазандық пен 1 турбоагрегат дайындалады, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар жүргізілген талдау тек жөндеу жұмыстарымен шектелу жеткіліксіз екенін көрсетті. Ерлан Ақкенженов коммуналдық нысандарды қаржыландырудың шектеулі екенін және жабдықтарды жаңартқаннан кейін де апаттық тәуекелдердің сақталатынын атап өтті. Бұл қысқа мерзімді жоспарлаудан жүйелі жұмысқа көшу және мердігерлерге бақылауды күшейтуді талап етеді.

Фото: Энергетика министрлігі

— Келесі жылыту маусымына осындай мәселелермен кіруге болмайды. Осы он станцияны «қызыл аймақтан» шығару — ағымдағы жөндеу науқанының абсолютті басымдығы. Әкімдіктер мен станция иелерінен формалды есеп емес, нақты, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын техникалық сауықтыру жоспарларын талап етемін. Барлық тәуекелдер жедел түрде және жергілікті деңгейде шешілуі тиіс, — деді министр.

Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берілді:

Өңір әкімдіктеріне — ағымдағы айдың соңына дейін ЖЭО-ларды «қызыл аймақтан» шығару бойынша нақты техникалық шараларды қамтитын егжей-тегжейлі жоспарларды бекіту;

«KEGOC» АҚ-қа — жөндеу жұмыстарының кестелерінің орындалуына қатаң жүйелі мониторинг жүргізу;

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетіне — он проблемалық ЖЭО-дағы жұмыстарға және мердігер ұйымдардың қызметіне апта сайын бақылау орнату.

Ерлан Ақкенженов барлық анықталған тәуекелдерді жедел шешу қажеттігін атап өтіп, өңірлер жүйелі тәсіл мен белсенділік танытуы тиіс екенін жеткізді. Бұл халықты сенімді жылумен қамтамасыз етуге және елдің энергетикалық инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Халықты сенімді жылумен қамтамасыз ету мәселесі Энергетика министрлігі басшылығының ерекше жеке бақылауында. 

Айта кетелік ауаны шектен тыс ластаған екібастұздық ЖЭО қомақты айыппұл арқалады. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Наурыз 2026 21:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары