Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Жемісті жеті жыл

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Көктоғайдағы оқиғаға байланысты күмәнді сұрақтар қалып отыр

Көктоғайдағы оқиғаға байланысты күмәнді сұрақтар қалып отыр

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

СhatGPT жасаған сурет

Еламан Сағиевтің туыстары болған жағдайдың түсініксіз екенін айтып, ашық тергеу жүргізуді талап етуде.

Еске сала кетсек, 19 желтоқсанда Индер ауданына қарасты Көктоғай ауылында жұмыс барысында электрик 10 киловольттық электр доғасынан жарақат алған. Алдымен ол Индер аудандық ауруханасына жеткізілген, кейін жағдайы нашарлап Атырауға ауыстырылып, травматология және реанимация бөліміне жатқызылды.

Зардап шегушінің туыстары жұмыстың қалай жүргізілгеніне және қауіпсіздік талаптарының сақталуына қатысты сұрақтар қойып отыр. Олардың айтуынша, қорғаныс киімі жеткілікті деңгейде қорғамаған, ал алынған күйіктердің сипаты жұмыстардың қауіпсіз жағдайда жүргізілгеніне күмән тудырады.

«Атырау Жарық» компаниясы оқиға бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатқанын хабарлады. Кәсіпорын зардап шеккен адамның емделу шығындарын, сондай-ақ оны сүйемелдеушілердің жолы мен тұруын толық өз мойнына алатынын мәлімдеді. Ал науқасты Астанаға санитарлық авиация арқылы ауыстыру мәселесі медициналық мекеменің құзырында екенін, бұл шешімді дәрігерлер қабылдайтынын атап өтті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, науқастың жағдайы ауыр деп бағалануда. Зардап шегушінің денесінің шамамен 5 пайызы күйген. Екі қолы, оң балтыры және башпайлары зақымданған. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында, республикалық деңгейдегі мамандармен де кеңес жүргізілуде.

Сонымен қатар туыстарының айтуынша, медициналық мекемеде кәсіпорынның техникалық журналы бар бір ер адам палатаға кірмек болғанда тоқтатылған. Жақындары оның қандай мақсатпен және кімнің тапсырмасымен науқасқа бармақ болғанын түсінбей, бұл жағдайды қосымша күмән тудыратын жайт деп санайды.

Отбасы зардап шегушіні арнайы медициналық көмек алу үшін Астанаға ауыстыруды талап етуде. Олардың сөзінше, бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданбаған.

Атырау облысының полиция департаменті хабарлағандай, Индер аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 2-бөлігі бойынша (еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі) сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұдан бөлек, мемлекеттік еңбек инспекторлары ресми тексеріс жүргізуді қолға алды, оның аясында жұмыс берушінің әрекеттеріне және еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына құқықтық баға берілмек.

Жақындары үшін маңыздысы – тек емдеу ғана емес, оқиғаның мән-жайын әділ анықтау. Олар осыдан 13 жыл бұрын дәл осы отбасында ауыр күйікпен аяқталған ұқсас жағдай болғанын еске салып, бұл оқиғаның әділ, ашық және толыққанды тергеумен қаралуы қажет деп санайды.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 12:10

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:110
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Желтоқсан 2025 13:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see146

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see144

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see143

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see143

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see141

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see140

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see136

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see136

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see136

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see136

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see135

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see135

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see134

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see134

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see133

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see133

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see133

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see132

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see131

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see131
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары