Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Елімізде теміржол арқылы астық экспорты 33 пайызға артты

Елімізде теміржол арқылы астық экспорты 33 пайызға артты

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазақстанда теміржол арқылы экспортталған астық көлемі ұлғайды. Орталық Азияға бағытталған жүктің өзі 30 пайызға артып отыр. 

Биыл халықаралық жүк ағынын арттыруға арналған жаңа желілер іске қосылады. Сондай-ақ 1600 шақырым жол жөнделеді. 

Былтыр Қазақстан теміржолдар арқылы 11 млн тонна астық экспорттады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 33 пайызға артып отыр. Кәрі құрлықтың қақ ортасында орналасқан еліміз халықаралық көлік дәліздерін байланыстырады. Солардың бесеуі – теміржол. Экспортқа тиесілі астықтың жартысынан көбі Орталық Азияға бағытталды. Оның ішінде Қырғызстанға екі есе, Өзбекстанға 32 пайыз, ал Тәжікстанға 12 пайызға көп өнім жеткізілген. Ал Әзербайжанға жөнелтілген астық көлемі үш есе ұлғайған. Қалғаны Иран, Ауғанстан, Қытай және Балтық елдеріне жөнелтілді. 

Желтоқсан айының өзінде бір жарым млн тонна астық шойын жолдың бойымен шет мемлекеттерге сатылған. Бұл айлық көрсеткіштердің ішінде рекорд болып тіркелді. Ал ішкі тасымал көлемі бір жыл ішінде 3,3 млн тоннаға жетіп, 26 пайызға артып отыр.

Теміржол арқылы жүк тасымалы артты

Астықтан бөлек, өзге де өнім түрлерін қоса алғанда, былтыр елде теміржол арқылы 318 млн тонна жүк тасымалданды. Әсіресе Транскаспий дәлізі арқылы экспорт әлеуетін арттыруда теңіз порттарына дейін тауар жеткізетін пойыздардың маңызы зор болды. Сонымен қатар былтыр мың жарым шақырым теміржол жөнделді. Жалпы ұзындығы 800 шақырымнан асатын «Достық-Мойынты» бағытының екіншісі желісі қолданысқа берілді. Бұл жоба Қытай мен Еуропа арасында тасымалданатын жүк көлемін бес есе арттыруға мүмкіндік береді.

Фархат Исаев, Облыстық кірістер департаментінің бөлім басшысы:

- Аталған желінің іске қосылуымен тасымалданатын жүк көлемі 28 пайызға артты. Яғни 2024 жылы 3 млн тоннадан 2025 жылы 4 млн тоннаны құрады. Бүгінгі күні «Достық» теміржол өткізу бекеті арқылы транзиттік жүктің үлесі Жетісу облысы транзитінің 29 пайызын құрайды.

Биыл 1600 шақырым теміржол жөнделеді

Ал биыл тасымалдайтын жүк көлемін 327 млн тоннаға жеткізу көзделген. Ол үшін инфрақрылымды одан әрі жақсартпаса, жоспар іс жүзінде орындалмай қалуы мүмкін. Көлік министрлігінің мәліметіне қарағанда, биыл 1600 шақырым шойын жолды жөндеу көзделіп отыр. Бұған қоса, «Қызылжар-Мойынты» және «Дарбаза-Мақтарал» учаскелерінің құрылысы аяқталуға тиіс. Бұл жобалар Транскаспий халықаралық көлік дәлізін қысқартып, жүк көлемін еселеуге ықпал етеді. Бұған қоса, «Алтынкөл – Жетіген» және «Бейнеу – Маңғыстау» бағыттарын жаңғырту жұмыстары аяқталады. Ал пойыз қозғалысының қауіпсіздігін күшейту үшін заманауи реттеу жүйелері енгізіліп, жаңа вагондар сатып алынады.

Жәнібек Тайжанов, ҚР Көлік вице-министрі:

- 236 локомотив, 1,4 мыңнан астам жүк вагонын және заманауи 191 жолаушылар вагонын жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Халықаралық көлік дәліздері де Транскаспий халықаралық көлік бағыты мен Солтүстік-Оңтүстік бағыты белсенді дамуда. Транскаспий бағытының өткізу мүмкіндігін арттыру үшін порттар инфрақұрылымын жаңғырту жобалары іске асырылып жатыр.

5 мың шақырым теміржол салынады

Қазақстанды Еуразияның көлік айлағы ретінде қалыптастыру – саладағы ең басты бағыт. Мұны Мемлекет басшысы атап өтті. 2030 жылға дейін елде 5 мың шақырым теміржол салынып, тағы 11 мың шақырымы жөнделуге тиіс.

 
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:183
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қаңтар 2026 09:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see143

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see143

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see139

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see133

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see127

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see126

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see118

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see116

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see116

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see115

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see115

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see114

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see114

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see114

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see113

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see112

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see112

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see112

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары