Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Елімізде жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталады

Елімізде жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталады

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

14-23 наурыз аралығында Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі өтеді. Наурыз мейрамын атап өтудің бұл форматы аз уақыт ішінде тарихи дәстүрлерді, мәдени іс-шараларды, қоғамдық бастамаларды ұштастырып, ел бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды халықтық мерекеге айналды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Наурызды жаңа форматта атап өту 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бекітілген. Ол Наурызды тек бір күндік мереке ретінде емес, адамдардың жүздесіп, игі істер істеп, жаңарып, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтатын кезең ретінде қабылдаған тарихи дәстүрге негізделеді.

Наурызнама аясында биыл еліміз бойынша 10 мыңнан астам іс-шара өткізу жоспарланған. Онкүндіктің әр күні қоғамның негізгі құндылықтарын айқындайтын жеке тақырыпқа арналады.

14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі». Бұл – адамдардың бір-бірімен жүздесіп, амандасып, жылы лебіздерін білдіретін, сағынысып көрісетін күн.

15 наурыз – «Қайырымдылық күні». Бұл күн мейірімділікке, қамқорлық пен жанашырлыққа арналды.

16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні». Ұлттық мәдениет пен ата-баба дәстүрлерін дәріптеуге бағытталған күн.

17 наурыз – «Шаңырақ күні». Отбасы құндылықтарын, ұрпақтар сабақтастығын және шаңырақтың бірлігін айшықтайтын күн.

18 наурыз – «Ұлттық киім күні». Ұлттық киімнің халықтың мәдени болмысы мен бірегейлігінің маңызды бөлігі екенін насихаттайтын күн.

19 наурыз – «Жаңару күні». Жаңғыру мен жасампаздықты, жаңа бастамалар мен игі өзгерістерді білдіретін күн.

20 наурыз – «Ұлттық спорт күні». Ұлттық спорт түрлері мен дәстүрлі ойындарды кеңінен дәріптеуге арналған күн.

21 наурыз – «Ынтымақ күні». Бірлік пен ынтымақты, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуды мақсат ететін күн.

22 наурыз – «Жыл басы». Наурыз мейрамының басты күні. Ол жаңа жылдың басталуын, табиғаттың жаңаруын, береке мен молшылықты білдіреді.

Наурызнама онкүндігі 23 наурыз – «Тазару күнімен» аяқталады. Бұл күн тазалықты, экологиялық мәдениетті және қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын насихаттауға арналған.

Наурызнама бағдарламасында республикалық мәдениет ұйымдарының іс-шаралары ерекше орын алады. Онкүндік аясында музейлер, театрлар, концерттік ұйымдар мен мәдениет орталықтарының алаңдарында көрмелер, концерттер, фестивальдер, театрландырылған қойылымдар, қайырымдылық акциялары, мәдени-танымдық кездесулер және түрлі тақырыптық жобалар ұйымдастырылады. Бұл іс-шаралар ұлттық дәстүрлерді, отбасы құндылықтарын, ұлттық киімді, өнер мен спортты, сондай-ақ жаңару идеясын кеңінен насихаттауға бағытталған. Бағдарлама дәстүрлі мәдени форматтарды заманауи интерактивті шешімдермен ұштастыра отырып, халқымыздың бай тарихи-мәдени мұрасын кеңінен танытуға және дәріптеуді мақсат етеді.

Наурыз мейрамын атап өтуге ел өңірлері де белсенді түрде атсалысуда. Облыс орталықтары мен қалаларда концерттер, фестивальдер, театрландырылған қойылымдар, көрмелер, жәрмеңкелер, отбасылық және жастар акциялары, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар, сондай-ақ экологиялық бастамалар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, Астанада жасанды интеллект элементтері қолданылатын «Tartys Fest» ұлттық ойындар фестивалі өтеді. Алматыда «Әз-Наурыз – Алматы төрінде» атты концерт пен жасанды интеллектке негізделген фотозоналары және иммерсивті LED-туннелі бар «Nauryz Vibes» фестивалі өткізіледі. Шымкентте республикалық «Жарапазан Fest» фестивалі және «Робо-шаңырақ» атты отбасылық байқау өтсе, Ақтөбе облысында «Dastur-fest» фестивалі мен «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты мәдени-көпшілік бағдарлама жоспарланған. Ал Маңғыстау облысында цифрлық көрме, робототехника және интерактивті технология элементтері қамтылған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бүгінде Наурызнама – жай ғана мерекелік күнтізбе емес, қоғамдағы бірлікті нығайтуға, ұлттық дәстүрлерді кеңінен насихаттауға және халқымыздың бай тарихи-мәдени мұрасын дәріптеуге бағытталған ауқымды жалпыұлттық мәдени бастамаға айналды. Ғасырлар қойнауынан жеткен салт-дәстүрлер мен заманауи мәдени форматтардың үйлесуі арқылы бұл мереке жаңару мен жаңғырудың, сыйластық пен татулықтың, ортақ мақсатқа ұмтылған елдің бірлігін айшықтайтын маңызды құндылық ретінде орныға түсуде.
 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Наурыз 2026 16:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see141

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see141

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see139

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see137

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see137

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see136

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see136

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see132

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see130

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see130

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see129

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see123

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see123

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see119

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see119

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see118

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see118

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see113

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары