Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Ең құрметті журналист

Ең құрметті журналист

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Биыл белгілі қаламгер, филолог-ғалым, ұлт қайраткері Сапабек Әсіптің туғанына 100 жыл толды. Қарт көсемсөзші бар саналы ғұмырында Алаш ардақтылары ұс­танған ұлт мүддесін мұрат тұтты. Осы жолда күрескерлік мақсатынан таймады.

Қазақ үшін ең қастерлі дүние – жер. Осы ұлан-байтақ даланы бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғады. Сөй­тіп, кейінгі ұрпаққа құнды мұра қалдырды. Алайда әр заманда ұшқан құстың қанаты талатын сайын далаға қызыға да, қызғана да қарағандар көп болды. Әсіресе үш ғасырға созылған отаршылдық саясат халқымызға өте ауыр тиді. Шындығында, ел еңсесін көтерт­педі. Тұқыртып тастады. Оты, суы мол құнарлы жерлер тартып алынып, келімсектерге берілді. Қонысынан айырылған жергілікті жұрт шөл және шөлейт аймақтарға ығыстырылды. Осы жан ауыртып, өзек өртейтін мәселені мерзімді баспасөзде алғаш көтерген қаламгердің бірі – Сапабек Әсіп еді. Айтулы тұлға бұл тақырыпты тереңнен тартып ашып жазды. Ашынып жазды. Бұған ол «Қауқарсыз қазақ мәселесі» атты кітабындағы «Жерсіз күніміз жоқ» атты мақаласында кеңірек тоқталған. Онда: «Қазақтар ХІХ ғасырдың 70-жылдарынан бермен қарай құнарлы жерлерінен айырыла бастаған. Ақырында келіп қазан төңкерісіне дейін 45 миллион десятина таяқ шаншыса тал шығатын құнарлы жерін қолдан берген. Оған ішкі Ресейден көшіріп әкелген кәдімгі крестьяндар, жері жоқ мұжықтар қоныстандырылған. Сөйтіп, қазақтар жа­уатын жаңбыры жоқ, шалқып жатқан көлі жоқ, буырқанып ағып жатқан өзені жоқ, жерінің бетінде құнарлы топырағы жоқ шөл далаға қуылды», дейді шамырқанып. Тағы бір еңбегінде: «Қазақстан территориясында 271 миллио­н гектар жер бар, соның 180 млн гектарын біз жайылымдықтар деп жүрміз. Оның үштен бірі шөл және шөлейт, қонысқа, шаруаға жарамайтын жер. Не дұрыстап мал бағуға келмейді. Шапсаң, гектарынан 1,5-2 центнерден артық шөп ала алмайсың. Ал құнарлы жерлерден бір гектардан 10-15 центнер шөп алуға болады. Шөлейт жерге шығарған шығынның есебі мынадан бес есе артық, алатын өнім бес есе төмен. Онымен қалай күн көруге болады?», дейді көсемсөзші.

Кеңес өкіметінің шаңырағы шайқала бастаған жылдары елімізде «артта қалған 71 аудан» деген мәселе жиі көтерілді. Бұл проблема бекер айтылмады. 1989 жылғы 27 наурызда Қазақстан КСР Министрлер кеңесі Президиумының кеңейтілген жиынында республикадағы аудандардың экономикалық-әлеуметтік жайы талқыланды. Сол уақытта елімізде барлығы 205 аудан болған екен. Солардың арасынан дамуы жағынан кейін қалған 71 аудан нақтыланған. Ал тұрғындарының ­табысы аз, күнкөрісі қиын, әлеуметтік жағдайы өте нашар 30 аудан анықталған. Бұл – жері жұтаң, күре жолдан алыс, теміржолы жоқ елді мекендер. Ең негізгісі, дамымай қалған аудандарда қазақтар қоныстанған. Осы жағдай қаламгерді қатты ойландырды. Қаншама сериялық мақалалар жазды. Билікке жер­гілікті жұртты құнарлы өлкеге қоныстандыру керек деп мәселені тікесінен қойды. Дамыған елдерде ондай жерде өмір сүрген халыққа 200-300 пайыз қосымша қаржы төлейді. Ал бізде оны ескерген ешкім жоқ деп дабыл қақты.

Ғылымда «Тантал азабы» деген ұғым бар. Осы тақырыпқа алғаш тарихшы-ғалым Ермұхан Бекмаханов қалам тербеген. Бұл термин грек мифологиясынан алынған. Тантал – ауыр қылмыстары үшін мәңгілік шөл, аштық азабына кесілген ұғымды білдіреді. Ұлт қайраткері ғалымның осы еңбегін ке­йінгі ұрпаққа қалдырған өсиет кітабы деп бағалады. «Қазақтың «Тантал азабын» тасқа басылған тарихи әдебиетте көрсетіп, дәлелдеу дегеніміз ұлттық қасіретімізді ашып айтып, өзімізді өзімізге таныту болғанын түсіну қиын емес. Бар қырсық соған тиісті, мән бермегеніміз ғой. Тәуелсіздік алдық. Бірақ оның ауыр зардаптары – «Тантал азабынан» қазақты құтқару мәселесі күн тәртібіне әлі қойылған жоқ. Шөл және шөлейт аймақ тұрғындары күні кешегідей «мұз үстіндегі балықтай» тулап жатыр. Бұл жер қадірін білмегендіктің қырсығы», дейді ол. Кейін осы мәселені одан әрі індете қаузап, «Танталовы муки степи» атты орыс тілінде кітап шығарды.

Барлық саналы ғұмырын ұлтқа қызмет етуге арнаған қарт журналист әр дүниесінде халқымыздың өз жерінде тар­тып отырған тауқыметін ащы шындықпен жазды. 90-жылдардағы экономикалық қиыншылық, әсіресе қазақ ауылы­на ауыр соққы болып тиді. Ауыл тұрғындары күнкөріс қамымен жаппай қалаға көше бастады. Осы үрдіс әлі де үзілген жоқ. Отыз жылдан бері ауылдың да жағдайы жақсарып кете қоймады. Қаншама елді мекендер жер бетінен жойылды. Бұл мәселені Әсіпұлы азаттық алған тұстан бастап көтерді. Оған автордың «Ауыл мүддесіне тәуелді емеспіз бе?», «Ауыл көшіп барады», «Ауыл байғұс мінекей» атты мақалалары дәлел. Осы жылдары қиыншылық құрсауында қалған Торғайдағы жерлестерін қолдау үшін арнайы қор ашып, қарлығаштың қанатымен су сепкендей көмек қолын созды. Көпбалалы отбасыларға тегін ұн үлестірді.

Дәл осы кезеңде құрт ауруы­мен ауырған­дар арасында басқа ұлт өкілдерімен салыс­тырғанда байырғы халықтың саны үш есе көбейген. Оның себептері де бар. Сонда автор «Туберкулез – геноцид қаруы» атты мақаласында былай дейді: «Қазақты геноцидтен шын азат ету үшін ең басты екі міндетті орындауға қажет: біріншіден, патша өкіметі тартып алған құнарлы аймақтарды байырғы иелеріне қайтарып, жаңадан қоныстандыру; екіншіден, шөл және шөлейт аймақтарға резервациялар мәртебесін беріп, соған лайықты жеңілдіктер жасау мәселелерін күн тәртібіне қоюды білмеді. Сондықтан да қазақ геноцид соққысы астында қала береді».

Бірегей тұлғаның тағы бір ерлігі – қазақ жерін сатуға қар­сылығы. Сол үшін талай мәрте басын бәйгеге тікті. Биік мін­берлерде сөз алып, кесіп сөйледі.

«Менің айтарым – қазаққа жаны ашитын үкімет болатын болса жерді жекеменшікке де бермеу керек, жерді сатуға да тыйым салу керек. Ең алдымен қазақтарды құнарлы жерлерге орналастырған жөн. Жерді сату, оны жекеменшікке беру – қазақтың келешегін құрту деген сөз», деп қанжардай тіліп айтты.

Жаңа ғасыр басында Сапабек Әсіпұлы Қазақстан Жазушылар одағы жанынан «Жер және қазақ тағдыры» атты комиссия құрып, соның төрағасы болды. Оған белгілі жазушыларды тартты. Комиссия ел тағдыры жайында бірталай жұмыс атқарды. Парламент депутаттары алдында жерді сатпау жөнінде елдің мұңы мен зарын айтты. Үкіметке жер мәселесін нақты дәлелдермен жеткізді. Журналист осы ұстанымын ақырғы демі үзілгенше өзгерт­педі. Марапаттан да бас тартты. Алайда қайраткер еңбегі еш кеткен жоқ. Парламент Сенаты: «Жер сатылмайды және шетелдіктерге жалға беріл­мейді», деген түзетулермен «Жер туралы» заңды қабылдады. Бірақ бұл заңды өзі көре алмады.

Ұлт қайраткерінің барлық өмірі күреске толы. Бұғанасы қатпаған бала жасынан еңбек­ке араласты. Аудандық, облыстық газеттерде қыз­мет істеді. Қазақ совет энциклопедиясы бас редакторының бірінші орынбасары болды.

Мен Cапабек есімін бала күнімнен естіп өстім. Өйткені біз бір ауылдан боламыз. Ел қариялары оның жасынан ауырып, қиындық көрсе де, көздеген мақсатына жетпей қоймайтын мақсаткерлігі мен еңбекқорлығын сүйсініп айтатын еді. Біздің ауылдан шыққан алғашқы қаламгер еді. Осыдан бес жыл бұрын «Аna tili» газетінде «Қара нарлар қатары көбейсін» деген мақаласында белгілі публицист Қайнар Олжай: «ХХІ ғасыр басындағы ең құрметті журналист – Сапабек Әсіп», деп баға берді. Мұндай құрметке қалам ұстаған журналистің бәрі ие болмайды. Оған ұлтқа жан-тәнімен қызмет еткен азамат қана лайық. Сапабек Әсіп осындай тұлға...

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қараша 2025 11:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see147

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары