Енді көлік нөмірін туыстарға беруге болады: Жаңа түзетулер күшіне енді
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Фото: Ашық дереккөз
Жаңа тәртіпке сәйкес, бұрын пайдаланылған нөмірлерді мемлекеттік органдарға, шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелерге, сондай-ақ олардың қызметкерлері мен отбасы мүшелеріне қайта беру қарастырылған.
Сонымен қатар мемлекеттік нөмірлерді ата-анасына, балаларына, асырап алушылар мен асырап алынғандарға, туған және өгей бауырларға, ата-әжелеріне, немерелеріне, жұбайына немесе бұрынғы жұбайына рәсімдеуге болады. Бұл құқық бұрынғы иесінің мұрагерлеріне де берілді.
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Нөмірді қайта рәсімдеу үшін бұрынғы иесінің өтініші және туыстықты немесе мұрагерлік құқықты растайтын құжаттар қажет. Олардың қатарында неке куәлігі, туу туралы куәлік және мұрагерлік құқығын растайтын құжаттар бар. Сондай-ақ нөмірдің телнұсқасын дайындауға арналған мемлекеттік баж салығы төленуге тиіс.
Бұған дейін мұндай мүмкіндік тек жоғары сұранысқа ие VIP-нөмірлерге ғана берілетін.
Сонымен қатар ІІМ жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлер тізімін кеңейтті. Енді 101, 121, 131, 202, 303, 404, 505, 717, 808, 909 секілді ерекше цифрлық комбинациялар, сондай-ақ бірдей әріптермен келетін ұқсас нөмірлер ресми түрде сұранысы жоғары санатқа енгізілді.
Еске салайық, бұған дейін қыста автокөлікті қыздыруға қатысты шектеулер қайта қаралатыны туралы хабарланған еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:99
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Мамыр 2026 11:57 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















