ЕО Қытайға тәуелділікті азайтады: сирек металдарды жеткізу бойынша жаңа стратегия әзірленіп жатыр
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Берлиндегі конференцияда Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен атап өткендей, бұл бастаманың мақсаты — еуропалық өнеркәсіптің қысқа және ұзақ мерзімді перспективада аса маңызды шикізаттың балама көздеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету. Жаңа стратегия Ресей энергетикалық ресурстарының жеткізілімі тоқтағаннан кейін Еуроодақтың энергетикалық дағдарысты еңсеруіне мүмкіндік берген бағдарлама үлгісімен жасалып жатыр.
Басты бағыттардың бірі қайта өңдеу саласын дамыту болмақ.
— Кейбір компаниялар сирек жер элементтері мен аккумуляторлардың 95%-ға дейінін қайта өңдей алады, — деді фон дер Ляйен.
Сонымен қатар, Брюссель шикізатты өндіру және жеткізу саласында бірқатар елдермен, соның ішінде Украина, Канада, Австралия, Қазақстан, Өзбекстан, Чили және Гренландиямен ынтымақтастық жөніндегі келісімдер жасауды жоспарлап отыр.
Бұған дейін хабарланғандай, Қытай жеке деректердің берілуін бақылауды күшейтіп жатыр.
Айта кетелік Қытай Еуропалық Одақтан келетін алкоголь өнімдеріне салықты өсірген еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:40
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қазан 2025 21:55 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















