Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Ер адам әскерде зорлық көргенін айтып, желіде қаржылай көмек сұраған

Ер адам әскерде зорлық көргенін айтып, желіде қаржылай көмек сұраған

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

23 ақпанда Threads әлеуметтік желісінде белгісіз аккаунт арқылы бір желі қолданушысы әскерде жүргенінде жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын және қазіргі уақытта қудалаудан қорқатынын мәлімдеген. Ол бір жыл бұрын әскерден оралғанын, бірақ болған сұмдық оқиғаны әлі де ұмыта алмай жүргенін жазған.

Пост авторының сөзінше, командирі оны қорқытып, жыныстық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеген. Жазбада желі қолданушыларының назарын аударатындай егжей-тегжейлі мәліметтер келтірілген. Оқиғаның «қорқынышты» тұстарын баяндай отырып, ол өзіне қаржылай көмек сұраған, қауіп барын алға тартып, шетелге кету қажеттігін жеткізген. Жарияланымда банк реквизиттері қоса көрсетілген.

Жиналған қаражатты шетелге шығу үшін жұмсайтынын мәлімдеген. Сонымен қатар ол осы жағдайдан кейін депрессияға түскенін және бұрынғыдай қызымен қарым-қатынасын жалғастыра алмайтынын жазған. Алайда шотты тексеру үшін полицияға жүгінген бір желі қолданушысының қырағылығының арқасында жазба авторының жалған әрекеттері әшкереленді.

Жедел қызметкерлерге тек реквизиттер ғана емес, оқиғаның өзі де күмәнді көрінген. Барлық күдік есепшот иесі — 17 жастағы жасөспірім екені анықталғаннан кейін расталды.

Оның айтуынша, хостелде танысқан бұрынғы танысы оған қарызын аудару үшін реквизиттерін сұраған. Сондай-ақ өз есепшоттары бұғатталғанын айтып, басқа аударымдарды қабылдауын өтінген. Бұл заңсыз әрекетке сенген жасөспірім жеке деректерін беруге келіскен. Екі күннің ішінде оның есепшотына 100-ден астам аударым түскен. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында пост авторы ұсталды.

— Жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сонымен қатар оның әскери қызметке еш қатысы жоқ екендігі және әскерде ешқашан болмағаны белгілі болды. Өзінің осы әрекетімен ол әскери қызметтің беделіне нұқсан келтірді, — дейді тәртіп сақшылары.

23 жастағы күдіктінің айтуынша, жалған ақпаратты ол ақша жинау мақсатында жариялаған.

— Көрінеу жалған ақпаратты тарату және алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен ол қамауға алынды. Осындай айласы үшін жігітке бірнеше жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады, — дейді ІІМ хабарламасында.

Полиция азаматтарға жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын еске салып, тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырады.

— Кейде мұндай оқиғалардың артында жай ғана есеп жатуы мүмкін. Әрдайым тексерген абзал. Бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыздар! — деп ескертті полицейлер.

Осыған дейін ақмолалық әйел жалған интернет жеңілдігіне алданып, 5 млн теңгесінен қағылғанын жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Наурыз 2026 08:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see170

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see169

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see156

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see155

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see143

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see124

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see123

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see115

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see113

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see91

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see89
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары