Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Халықаралық автожолдың Жамбыл облысындағы екі учаскесінде жылдамдық шегі өзгерді

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

40 градус ыстық: жаздың алғашқы күнінде қай өңірлерде ескерту жасалды

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті робот иттер күзетеді

Украиналық дрон ЗАЭС тің ғимаратына соғылды

Абитуриенттерді смарт көзілдірік үшін ҰБТ дан шеттетті

7 күнге арналған ауа райы болжамы: Астанада осы апта жауын шашынды болмақ

Трамп жаңа мәлімдеме жасады: Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

Мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр Тоқаев

Атырауда зооқорғаушылар акциясы өтті

Жаңа ипотекалық жоба арқылы аяқталмаған үйлерден пәтер алуға болады

БЖЗҚ да 45 миллиард теңгені ұмытып кеткен ақшаны кім ала алады?

Израиль Бейрутқа жасалатын соққыларды күшейткісі келеді және АҚШ тың шешімін күтіп отыр БАҚ

Түркістанда қарбыз пісіп, алғашқы партия экспортқа шығарылды

Астанада автокөлік жарылды: Зардап шеккендер бар

Президент үндеуі: Қуғын сүргін құрбандарын ұмытпау ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Қазақстанның ақылы жолдарында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаудың 2 000 ға жуық жағдайы анықталды

Атырау Арена : 1500 орындық спорт кешені салынуда

Ербол Мырзабосынов: Саламатты өмір салтын қалыптастыруға баса көңіл бөлінеді

Ербол Мырзабосынов: Саламатты өмір салтын қалыптастыруға баса көңіл бөлінеді

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Дені сау ұлт – мемлекеттің нық тірегі. Дамудың даңғыл жолындағы елдер халқының қажыр-қайратына әрдайым арқа сүйейді. Елге тұтқа болар ұрпақтың саламатты өмір салтын ұстануы қашанда маңызды. Бұқаралық спорттың кең қанат жайып, өркендеуі жолында елімізде де маңызды жобалар қолға алынды. Тіпті спорт туралы заң күшейтіліп, қайта қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында да ұлт саулығын ұдайы назарда ұстап, бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын атап, бірқатар тапсырма жүктеді. Туризм және спорт министрі Ербол МЫРЗАБОСЫНОВПЕН сұхбатымызда Президент тапсырмасының орындалу барысын сұраған едік.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

– Мемлекет басшысы үнемі бұқаралық спорт­ты дамытуға ерекше мән береті­нін айтады. Елімізде халықты саламат­ты­лыққа баулу үрдісі қалай іске асып жатыр?

Бұқаралық спортты дамыту – Туризм және спорт министрлігінің басым ба­ғыт­тарының бірі. Халық арасында спорт­ты насихаттау саламатты ұлт қалып­та­с­тырудың негізгі кілті екенін жақсы түсінеміз. Қазірде халықтың 40%-дан астамы спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Біздің мақсатымыз – 2029 жылға дейін бұл көрсеткішті 50%-ға жеткізу.

Өңірлердегі көрсеткішті атасақ, Атырау, Қостанай облыстарында, Шымкент қаласында спортпен айналысу белсенділігі артып келеді. Халық арасында футбол, волейбол, баскетбол сынды спорт түрлері танымал. Соны­мен қатар кейінгі жылдары марафон мен жаппай жүгіру жарыстарына тұрғы­ндардың қызығушылығы оянып, белсенді қатысады. Бұқаралық спортты дамыту, саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында жыл сайын елімізде 25 мыңнан астам бұқаралық спорттық іс-шара ұйымдастырылады.

Мемлекет басшысы балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға да  ерекше көңіл бөліп, үнемі назарда ұстайды. Қазір мектептерде 50 мыңнан астам спорт секциясы жұмыс істейді, онда шамамен 1,5 миллион бала спорт үйірмелеріне қатысады. Елімізде 521 «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» (БЖСМ) жұмыс істейді. Онда 400 мыңнан астам болашақ спортшы жаттыға­ды. Сонымен қатар 5 рес­публикалық, 14 облыс­тық мектеп-интер­нат, кол­ледждерде талантты жас спортшылар шыңдалып жүр.

Мемлекеттік спорттық тапсырыс­ты жүзеге асыру жұмысы тұрақты жүр­гі­зіліп отыр. Биыл 240 мың бала спорт үйір­ме­леріне жазылып, жергілікті бюджеттен бұл мақсатқа 50 млрд теңге бөлінді. Балалардың үйірмелерге қолжетімділігін арттыру мақсатында 1 маусымнан бастап Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту, Цифрлық даму министрліктерімен бір­лесіп, бірыңғай ваучер енгізудің қанат­қақты жобасы қолға алынды. Жаңа механизм спорт, шығармашылық, қосымша білім беруді қамтып, мемлекеттік һәм жеке ұйымдарды бір цифрлық жүйеге біріктіреді.

– Спорттағы күрмеулі мәселенің бірі – шеттен легионер шақыру.  Пре­зи­дент Жолдауындағы негізгі тап­сыр­ма­лардың бірі – легионерлерді мемле­кеттік бюджеттен қаржыландыруға тоқтам салу. Бұл норма енгізілді ме? Қалай жүзеге асып жатыр?

–  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елде спорт саласында кешенді реформа жүргізіледі. Министрлік «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасын әзірлеп, биыл шілдеде күшіне енді. Жаңа заңның маңызды саласының бірі – бюджет шығындарын оңтайландыру. Заң­ға сәйкес легионерлерді мемлекет­тік бюджет есебінен қаржыландыру­ға тыйым салынды. Дегенмен, спорт клубтарына шетелдік спортшы­ларды шақыруға тыйым салынбаған. Олардың жалақысын демеушілердің қаражаты есебінен төлеуге болады. Сонымен қатар кәсіби ойын клубтарына лимит белгіленді. Бұл шаралар мемлекеттік бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге әрі отандық спортшыларды қолдауға бағытталады.

Тағы бір маңызды жаңалық – вертикалды басқару жүйесін енгізу. Жергілікті атқарушы органдар мен спорт федерациялары басшылығының тиімділігін бағалау жүйесі (KPI) әзірленіп жатыр. Бағалау жүйесінің негізгі көрсеткіштері  спорт инфрақұрылымының дамуы мен халықтың бұқаралық спортпен қам­тылуы нәтижесінде сараланады. Еліміз­де жылдан-жылға саламатты өмір салтын қалыптастыруға баса көңіл бөлініп келеді.

Сондай-ақ елімізде басым спорт түр­лерінің тізімі анықталды. Олар Олим­пиада, Сурдлимпиада, Азия, Азия пара ойын­дарындағы нәтижелері бойынша іріктеледі. Мақсат – отандық спорт­шы­лардың әлемдік аренадағы бәсе­кеге қа­бі­леттілігін арттырып, ұлттық құра­маларды дүбірлі додаларға әзірлеуде басым­дықтарды белгілеу.

Тағы бір ерекше атап өтерлігі, бұдан былай 11 ұлттық спорт түрі Олимпиада бағдарламасына енген спорт түрлерімен теңестірілді. Яғни енді төл спортымыздың жаңаша қарқынмен дамуына өріс ашылады. Сондай-ақ бұл заң ұлттық құндылықтарымызды халықаралық деңгейде насихаттауға мүмкіндік береді.

Елімізде спортты тұрақты әрі жүйелі дамытуға толыққанды жағдай жасалып отыр. Бұл – Президент тапсырмасының жүзеге асуының нақты көрінісі әрі саламатты ұлт қалыптастыру мен елдің халықаралық аренадағы беделін арт­тыруға мүмкіндік береді.

– Салаға жылдан-жылға айрық­ша көңіл бөлініп отыр. Мемле­кет басшысы да өңірлерде спорт нысандары салынып жат­қаны­на оң бағасын берді. Спорттық инфрақұрылымның даму үдерісін тарқата айтсаңыз. 

– Биыл елімізде спорт инфра­құ­ры­лымының дамуында оң динамика байқалды. 9 ай ішінде 35 спорт нысаны пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 67 нысанның құрылысы жоспарға сай аяқталуға тиіс. Ел игі­лігіне берілген ең ірі нысандардың бірі – Түркістандағы Есу арнасы. Бұл – халықаралық стандарттарға толық сай келетін Орталық Азиядағы бірегей нысан. Оны ашу арқылы елімізде есу спортын қарқынды дамытуға мүмкіндік туды. Екінші ірі нысан – Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт уни­верситеті. Білім ордасы осы айда ашылады. Университет оқу орны ғана емес, көпсалалы спорттық, ғылыми орталық ретінде де қызмет етеді.

Кейінгі жылдары спорт нысандарын жобалау, пайдалану стандарттары жаңартылды, қолжетімділік, энергия тиімділігі мен әмбебаптық артты. Бүгінде  халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі 55%-ға жетті. Ең жоғары көрсеткіш Павлодар, Жамбыл, Қарағанды облыстарына тиесілі. Біздің мақсат – 2029 жылға дейін 65%-ға жеткізу.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа футбол стадион­дарын салу, сондай-ақ қолданыс­тағы кешендерді реконструкциялау жұмыстары демеу­ші­лерді тарту арқылы да қарқынды жүр­гізіліп жатыр. Мәселен, жуырда Қызыл­орда қаласында UEFA стандартына сай, 11 мың орындық стадион пайдалануға берілді. Астана­да 3 600 орындық стадион салынып жатыр, оны 2026 жылдың бірінші тоқсанында аяқтау жоспарланған. Жоспарға сай тағы 14 стадион қажет, қазір 10 стадионның жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Биыл балалар футбол алаңдарын салу жоспары бекітілді. Жергілікті бюджет пен жеке инвестиция есебінен 700 жоба іске асырылады. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен ауылдық спорт инфрақұрылымын дамыту жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Биыл 12 өңірде 23 модульдік спорт залы салынады, олар футбол, волейбол, баскетболға арналған. Сонымен қатар 130 спорт залына қажетті құрал-жабдықтар жеткізілді.

– Енді туризм саласына ойыссақ. Мемлекет басшысы Жолдауында туристік инфрақұрылымды кешенді дамытудағы басты міндеттерді ай­қын­дап берді. Осы тапсырманы орындау қалай жүзеге асып жатыр?

– Жыл сайын маусым басталар алдында министрлік курортты өңір­лер­дің жағдайына мониторинг жасап, жергілікті атқарушы органдармен, сон­дай-ақ тиісті мемлекеттік орган өкіл­дерімен кеңестер ұйымдастырады. Биыл кейбір курорттар туристерді қабылдауға дайын болмай шықты. Бұл ішкі туризмге қызығушылықтың артуы, инфрақұрылымның ескіргендігі, су қауіпсіздігі талаптарының орындал­мауы мен санитарлық нормаларға сәй­кес келмеуі сияқты себептерге байла­­ныс­­ты. Жазғы маусымда елдегі курорт­тар­­ды толық тексерістен өткіздік. Монито­ринг топтарында жергілікті атқарушы орган, орталық мемлекеттік орган, қоғам өкілдері болды. Олар 8 өңірді, атап айтқанда, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу облыстарын аралады. Тексеру барысында негізгі ескертулер шомылу қауіпсіздігіне, инфрақұрылым­ға, көлік қолжетімділігіне, санитар­лық-гигиеналық жағдайға қатысты айтылды. Маусым басындағы ескертулер­дің кейбірі дереу түзетілді, қалғандары­на қатысты Жол карталары дайындалды. Алдағы уақытта жүйелі жұмыс жүргізу мақсатында Үкімет жанынан үйлестіру кеңесін құру ұсынылады. Оған барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктер енгізіледі. Мысалы, республикалық маңызы бар жолдарды жоспарлау барысында министрлік Кеңес шешіміне сүйене отырып, туристік нысандарға бағытталған жол құрылыстарын бірден жоспарлай алады. Сол қағидалармен құтқару қызметтері, санитарлық-гигиеналық құрылғылар мен инженерлік желілердің қажеттілігі есептеледі.

Туризмді дамыту жүйелі жұмыс­ты талап ететіні белгілі. Сол тұрғыда өңірлер, уәкілетті орталық мемлекеттік органдар бизнес саласы және бақылаушы органдармен тығыз бірлесіп жұмыс істеуі қажет.

– Әңгімеңізге рахмет.

 

Әңгімелескен –

Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:81
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 08:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Халықаралық автожолдың Жамбыл облысындағы екі учаскесінде жылдамдық шегі өзгерді

31 Мамыр 2026 20:13see118

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

31 Мамыр 2026 13:16see116

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

31 Мамыр 2026 10:39see115

40 градус ыстық: жаздың алғашқы күнінде қай өңірлерде ескерту жасалды

31 Мамыр 2026 16:00see114

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

31 Мамыр 2026 13:03see114

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті робот иттер күзетеді

31 Мамыр 2026 16:50see113

Украиналық дрон ЗАЭС тің ғимаратына соғылды

31 Мамыр 2026 12:20see112

Абитуриенттерді смарт көзілдірік үшін ҰБТ дан шеттетті

01 Маусым 2026 15:28see112

7 күнге арналған ауа райы болжамы: Астанада осы апта жауын шашынды болмақ

01 Маусым 2026 20:49see112

Трамп жаңа мәлімдеме жасады: Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

31 Мамыр 2026 11:28see111

Мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр Тоқаев

01 Маусым 2026 09:24see110

Атырауда зооқорғаушылар акциясы өтті

01 Маусым 2026 20:58see110

Жаңа ипотекалық жоба арқылы аяқталмаған үйлерден пәтер алуға болады

01 Маусым 2026 18:00see109

БЖЗҚ да 45 миллиард теңгені ұмытып кеткен ақшаны кім ала алады?

01 Маусым 2026 11:51see108

Израиль Бейрутқа жасалатын соққыларды күшейткісі келеді және АҚШ тың шешімін күтіп отыр БАҚ

01 Маусым 2026 08:44see107

Түркістанда қарбыз пісіп, алғашқы партия экспортқа шығарылды

01 Маусым 2026 09:34see106

Астанада автокөлік жарылды: Зардап шеккендер бар

31 Мамыр 2026 21:04see106

Президент үндеуі: Қуғын сүргін құрбандарын ұмытпау ұрпақ алдындағы жауапкершілік

31 Мамыр 2026 10:45see106

Қазақстанның ақылы жолдарында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаудың 2 000 ға жуық жағдайы анықталды

01 Маусым 2026 13:11see104

Атырау Арена : 1500 орындық спорт кешені салынуда

01 Маусым 2026 20:58see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары