Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Өмір салтын өзгертетін гаджеттер

Өмір салтын өзгертетін гаджеттер

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бұл іс-шарада жетекші компаниялар мен стартаптар өздерінің ең жаңа жетістіктерін, болашаққа бағытталған идеяларын ұсынады. Көрме барысында таныстырылған ең үздік туындылар мен прототиптердің  бірқатарын назарларыңызға ұсынамыз.

Табиғатты жақындататын құрылғы 

Табиғатты сүйетін жандар үшін жаңа смарт құрылғы ойлап табылды. Birdbuddy деп аталатын бұл инновациялық өнім құстар мен жәндіктердің өмірін бақылауға зор мүмкіндік береді. Сырттай гүлге ұқсайтын құрылғының ішінде жоғары технологиялық камера мен жасанды интеллект жүйесі жасырылған. Мұның басты ерекшелігі үйден отырып-ақ айналаңыздағы жан-жануар, ит-құмырсқаны жақындатып көріп отырасыз. Сонымен қатар ол жай ғана түсіріп қоймай, олардың түрін автоматты түрде анықтап, әрқайсысы туралы қызықты мәліметтер ұсынады. Сондай-ақ қосымша ақпарат арқылы қолданушы оларды қалай күту, немен тамақтандыру керектігін, тіпті стресс немесе жарақат белгілерін де біле алады.

Жүйенің жүрегі – Petal камерасы. Ол 12 мегапиксельді сапамен суретке түсіреді және 4K бейне жазуға қабілетті. Камера 2000-нан астам құс пен жәндік түрін нақты уақытта анықтай алады. Сонымен қатар макро және кең бұрышты линзалармен жабдықталған, бұл табиғаттың ең ұсақ сәттерін анық көруге мүмкіндік береді.

Birdbuddy экологиялық білім мен табиғатты қорғау мәдениетін арттыруды мақсат етіп отыр. Құрылғы арқылы адамдар өз ауласындағы немесе саябақтағы тіршілікті нақты уақыт режимінде бақылай алады. Бұл балалар мен ересектер үшін экологияны үйренудің қызықты әрі көрнекі тәсілі болмақ.

Тұздың дәмін беретін қасық

Жапонияның инновация әлемінен тағы бір ерекше жаңалық. Танымал Kirin компаниясы адам денсаулығына зиян келтірмей, тағамның дәмін сақтауға мүмкіндік беретін электронды қасық (Salt Spoon) құрылғысын ұсынды.

Зерттеушілердің айтуынша, жапон халқының шамамен 60 пайызы шамадан тыс тұз тұтынады. Бұл жүрек-қан тамыр аурулары мен гипертонияның жиілеуіне себеп болып отыр. Осы мәселені шешу үшін Kirin мамандары жасанды дәм күшейту технологиясын ойлап тапқан.

Salt Spoon әлсіз электр тогын тағам арқылы тілге өткізеді. Нәтижесінде, натрий иондарының қозғалысы өзгеріп, дәм сезу рецепторларына тұзды әсерді күшейтіп береді. Яғни, тағамдағы тұз мөлшері аз болса да, дәмі бұрынғыдай тұзды сезіледі.

Қазіргі уақытта құрылғы Жапония нарығында 130 АҚШ долларына сатылуда. Алдағы уақытта Kirin компаниясы Salt Spoon-ды халықаралық нарыққа шығару жоспарын мәлімдеді. Бұл, әсіресе, жоғары қан қысымымен немесе саламатты өмір салтын ұстанатын адамдар үшін таптырмас көмекші болмақ.

Робот-дос

Адаммен сөйлесіп, көңіл күйін түсінетін, тіпті дос бола алатын жаңа буын робот пайда болды. Ropet деп аталатын бұл құрылғы ChatGPT жасанды интеллект платформасы негізінде жасалған және адамның эмоциясын түсініп, онымен табиғи қарым-қатынас орната алады.

Робот камера, микрофон және түрлі сенсормен жабдықталған. Ол адамды көріп, дауысын танып, бет-әлпетті есінде сақтайды. Сонымен қатар қимыл мен ишараны ажырата алады. Қолданушы жарық деңгейін, дауыс үнін, көздің түсін және аксессуарларын өз талғамына қарай өзгерте алады.

Зерттеулерге сүйенсек, соңғы жыл­дары әлем бойынша жалғыздық пен эмо­ционалды күйзеліс деңгейі күрт арт­қан. Сол себепті психологтар мұндай «ин­те­рактивті достардың» пайда болуы адамның психологиялық саулығын сақтауға бағытталған маңызды қадам екенін айтады.

Әлемдегі алғашқы ішексіз гитара

LiberLive компаниясы гитараның жаңа үлгісін ішексіз смарт-гитараны жарыққа шығарды. Бұл құрылғы классикалық аспаптың дыбысын заманауи технологиямен ұштастырған ерекше өнертабыс ретінде бағалануда. LiberLive гитарасының ең басты айырмашылығы – ішектердің орнына орнатылған арнайы батырмалар. Әр батырма белгілі бір аккордты немесе нота жиынтығын білдіреді, сондықтан жаңадан үйренушілер үшін ойнау әлдеқайда жеңіл. Гитараның салмағы небәрі 1,9 кило, яғни оны кез келген жерге алып жүру ыңғайлы. Құрылғы бүктеліп жиналады, сондықтан сапар немесе концерт кезінде орын көп алмайды.

Инновациялық аспап смартфон қо­сым­шасымен бірігіп жұмыс істейді. Оны­мен қоса қолданушы музыкалық ре­жимдерді таңдап, аккомпанемент немесе эффектілерді баптай алады. Сонымен қатар гитарада ішкі драм-машинасы бар, яғни ол өздігінен соққы әуенін (ритм) орындай алады. 

Жиһазға ұқсайтын ЖИ-робот 

Әдетте роботтар суық металдан немесе пластиктен жасалады, бірақ жапондық инженерлер өзгеше роботты жасап шы­ғарды. Олар интерьерге үйлесетін, жасанды интеллект орнатылған «ақылды» робот Mi-Mo-ның алғашқы прототипін таныстырды.

Бұл робот сырттай қарағанда заманауи шам немесе шағын жиһаз элементіне ұқсайды. Ағаш корпусы оның үй немесе кеңсе интерьеріне табиғи үйлесіммен енуіне мүмкіндік береді. Ал «басы» жарық беретін шам пішінінде жасалған. Mi-Mo алты аяғымен қозғалады, яғни кез келген бағытта еркін жүре алады. Роботта орнатылған жа­санды интеллект жүйесі оған адам да­уысын түсініп, қарапайым командаларды орындауға мүмкіндік береді.

Цифрлық көшпенділерге арналған мониторлар 

Қашықтан жұмыс істеу мен мобильді кеңсе мәдениеті дамыған заманда ыңғай­лы тех­никаға деген сұраныс арта түс­ті. Сол қажет­тілікті ескерген JSAUX компаниясы жол үстінде де өнімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін портативті екі монитор жиын­тығын ұсынды. Жаңа құрылғы екі экраннан тұрады, әрқайсысының диа­гоналі – 15,6 дюйм. Мониторлар 2.5K ажыратымдылығымен және 60 Гц жиіліктегі жаңарту жылдамдығымен ерекшеленеді. Бұл сурет сапасын айқын етіп, ұзақ уақыт жұмыс істеу кезінде көзге түсетін салмақты азайтады.

Құрылғы 13-16 дюймдік ноутбуктерге арналған және USB-C немесе HDMI арқылы оңай қосылады. Мониторлардың салмағы жеңіл, құрылымы ықшам, сөмкеге салып жүруге ыңғайлы.

Электрлі роликтер 

Француздық AtmosGear компаниясы спорт пен технологияны ұштастырған электрлі роликтерді таныстырды. Бұл құ­рылғы қозғалыс еркіндігін сақтай отырып, экологиялық көлік құралдарының жаңа түріне айналуы мүмкін. 

Жаңа роликтер дәстүрлі конькиге ұқсас, бірақ олардың қозғалысы электр қуаты арқылы жүзеге асады. Басқару жүйесі ерекше ол қолмен басқарылатын сенсор арқылы реттеледі. Қол қимылының ба­ғы­ты мен жылдамдығына қарай ролик қоз­ғалысын өзгерте алады.

AtmosGear инженерлері құрылғыны жеңіл әрі тепе-теңдік сақтауға қолайлы етіп жасаған. Компания балаларға арналған үлгілерін де шығаруды жоспарлап отыр.

Әсет ҚАЛИ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2025 09:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see134

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see134

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see132

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see128

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see128

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see128

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see126

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see125

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see124

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see124

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see123

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see122

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see121

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see121

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see120

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see119

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see119

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see119

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары