Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ерте салынған екпе ана саулығының кепілі

Ерте салынған екпе ана саулығының кепілі

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Айгүл Мелесқызының айтуынша, 2025 жылы жоспар бойынша 11 жастағы 13 026 қыз бала вакцина алуға тиіс. Алайда олардың 3 053-іне (23,4%) екпенің І дозасы егілген, ал 1 411 қыз (10,9%) ІІ дозасын алған. Сонымен қатар 12–13 жастағы 953 қызға І доза салынса, 1 271 қыз ІІ дозамен қамтылған. Вакцина үш дозада салынады, әр аралығы бірнеше айды құрайды. Бұл кезең ағзада тұрақты иммунитет қалыптасуы үшін қажет.

А.Тұрымбетованың мәліметінше, 11–17 жастағы қыздарға вакцина тегін салынады. Екпе мектептердің медициналық кабинеттерінде немесе жергілікті емханалардың егу бөлмелерінде жүр­гізіледі. Вакцина салмас бұрын ата-ананың немесе заңды өкілдің жазбаша рұқсаты талап етіледі.

Маманның айтуынша, АПВ инфек­циясының белгілері кей жағдайда адам ағзасында сүйел түрінде көрінуі мүмкін. Вирус тұрмыстық жолмен, ата-анадан балаға немесе адамның өз-өзіне жұғу қаупі арқылы берілуі ықтимал. Сүйел пайда болған жағдайда оны меди­циналық мекемеде күйдіру арқылы емдеуге болады. Дегенмен дәрігерлер алдымен ішкі ағзаларды тексеруді ұсы­нады, себебі сыртқы белгілердің себебі ішкі өзгерістермен байланысты болуы мүмкін. Өз бетінше емделуге болмайды, бұл денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді.

Елімізде қолданылып жатқан АПВ-ға қарсы вакциналар сапасы жоғары, қатаң бақылаудан өткен өнімдер екені айтылды. Екпе егуге республикалық бюджеттен қаржы бөлінген. 11–13 жас аралығындағы қыздарға вакцина ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жоспарлы түрде жүргізіледі, ал 14–17 жас аралығындағы қыздарға ерікті түрде салынады. Дегенмен екпеден бас тартқан жағдайда ата-анаға немесе заңды өкілге ешқандай жауапкершілік қарастырылмаған.

«АПВ вирусын жұқтырудың түрлі себептері бар. Соның бірі – стресс. Сондықтан адам ашушаң болмай, сабыр сақтауы керек. Екінші себеп – дұрыс тамақтанбау. Қазіргі таңда жылдам тамақтану орындарында фри картобы мен газдалған сусындарды көп пайдалану денсаулыққа кері әсер етеді. Оның орнына үй жағдайында дұрыс тағам да­йындап тұтыну маңызды. Өкінішке қарай, кей жағдайда дұрыс тамақтану әдеті отбасында қалыптаспай жатады. Бұл ретте ата-ананың жауапкершілігі жоғары екенін ұмытпау керек», деді маман.

Оның айтуынша, онкологиялық орталықтарда жас әйелдердің жатыр мойны обырына шалдыққан жағдайлары жиі кездеседі. Науқастардың көбі дер кезінде вакцина алмағанына өкініш білдіреді. Сондықтан қыз балаларға ерте жастан иммунитет қалыптастыру үшін екпені уақытында салдырудың маңызы зор.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде вакцинаға қатысты жалған ақпарат­тардың таралуы жағдайды күрделендіріп отырғаны айтылды. Кей азаматтар сол ақпараттарға сеніп, екпеден бас тартып жатады. Дегенмен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары халықпен түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

«Вакцинаға қарсы шығатын, қоғамды жаңылыстыратын топтарды антиваксерлер деп атайды. Бірақ Шымкентте мұндай ұйымдар жоқ. Негізсіз ақпарат таратушылардың әрекеті заң аясында қарастырылуы мүмкін. Халықты растал­маған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз», деді Айгүл Тұрымбетова.

Сонымен қатар ол обыр ауруының алдын алу мақсатында елімізде скринингтік тексерулер енгізілгенін еске салды. 30–70 жас аралығындағы азаматтар жыл сайын профилактикалық тексеруден өтуге тиіс. Бұл шаралар Шымкент қаласындағы емханаларда тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Нәтижесінде, ауруды ерте анықтап, көптеген адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беріліп отыр.

А.Тұрымбетованың айтуынша, 11–17 жас аралығындағы қыз балаларға АПВ-ға қарсы вакцина мемлекет есебінен тегін салынады. Ал одан жоғары жастағы қыз-келіншектер екпені жекеменшік медициналық орталықтарда ала алады. Мамандардың пікірінше, жеке клиникалардағы вакцина сапасына күмән келтіруге негіз жоқ, себебі барлық екпе түрі бірдей қатаң бақылаудан өтеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы қадағалау жүйесі вакциналардың сапасын тұрақты бақы­лап отырады. Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін препараттар өндірістен де, айналымнан да дереу алынып тас­талады. Маманның айтуынша, қазіргі қолданылып жүрген вакциналар ағзада шамамен 10 жылға дейін тұрақты иммунитет қалыптастырады.

Елімізде АПВ-ға қарсы вакцинация алғаш рет 2015 жылы төрт өңірде тәжірибе ретінде енгізілген болатын. Алайда әртүрлі себептерге байланысты бұл бағдарлама уақытша тоқтатылды. Кейінгі кезеңде жатыр мойны обыры көрсеткіштерінің өсуіне байланысты вакцинация бағдарламасы қайта жанданды.

Дәрігердің айтуынша, қоғамда жиі айтылатын «вакцина бедеулікке әкеледі» деген пікірдің ғылыми негізі жоқ. Керісінше, нақты деректер мұндай тұжырымды жоққа шығарады. Мәселен, 2015 жылы екпе алған алғашқы 130 қыздың 80-і бүгінде тұрмыс құрып, ана атанып отыр.

«Вакцина – адамды түрлі жұқпалы аурулардан қорғайтын ең тиімді құрал. Екпе енгізілгеннен бері әлемде көптеген инфекциялық аурулардан болатын өлім-жітім айтарлықтай азайды», деді маман.

Адам папилломасы вирусы (АПВ) – тері мен шырышты қабықтарды зақымдайтын вирустар тобы. Оның 200-ден астам түрі белгілі, соның 14 түрі онкологиялық қауіп төндіреді. Ғылыми деректерге сәйкес, 25 жасқа дейінгі жас­тар арасында АПВ жұқтыру жиілігі жоғары.

Елімізде жыл сайын шамамен 1 900 әйелге жатыр мойны обыры диагнозы қойылады. Олардың ішінде 600-ден астамы ауру салдарынан көз жұмады. Бұл – күніне орта есеппен екі әйел осы дерттен қайтыс болады деген сөз. Жатыр мойны обыры елімізде сүт безі обырынан кейінгі ең кең таралған онкологиялық аурулардың бірі болып отыр.

АПВ-ға қарсы вакцина әлемде 15–16 жылдан бері қолданылып келеді. Бүгінде бұл екпе Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан сияқты көршілес елдерде және әлемнің 135 мемлекетінде ұлттық иммундау бағдарламасына енгі­зілген. 2023 жылғы мәлімет бойынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше 194 елдің 135-і (67%) АПВ вакцинасын иммундау жүйесіне енгізген. Ең жоғары қамту Еуропалық аймақта тіркелген.

Екпе тарихына көз жүгіртсек, 2006–2007 жылдары «Гардасил» вакцинасы АҚШ пен Аустралияның иммундау бағ­дар­ламасына енгізілді. Ол кезде АҚШ-та 11–12 жастағы, Аустралияда 12–13 жас­тағы қыздар вакцина алған. Кейін 2016 жылы АҚШ, 2018 жылдан бастап Аустра­лия «Гардасил-9» вакцинасына көшті. Ал Өзбекстан мен Қырғызстанда 2019 жылдан бері 4-валентті вакцина 9–13 жас аралығындағы қыздарға салынып келеді.

Қазіргі таңда АПВ-ның нақты емі жоқ, оның алдын алудың бірден-бір жолы – вакцинация. Ғылыми зерттеулер жатыр мойны обырының негізгі себебі АПВ инфекциясы екенін дәлелдеген. Сондықтан екпе ауру жұқтырғанға дейін салынса, тиімділігі жоғары болады.

2024 жылдың күзінен бастап еліміз­де 11 жастағы қыз балаларға АПВ-ға қарсы вакцинация қайта енгізілді. Медициналық көрсетілімдер болмаған жағдайда екпе 6 ай аралықпен екі рет салынады. Сонымен қатар 14 пен 17 жас аралығындағы қыздарға қосымша вакцинация жүргізу қарастырылған.

Осыған байланысты 2026 жылдың 13 мамырында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің №7 қаулысы қабылданып, 14-17 жас аралығындағы қыздарға қосымша вакцинация жүргізу тәртібі бекітілді. Бұл шара ең алдымен жас қыздарды жатыр мойны обырының алдын алуға бағытталған.

Маманның айтуынша, вакцина ағзада иммундық жауапты күшейтіп, АПВ инфекциясына қарсы антиденелердің түзілуіне ықпал етеді. Ерте жастан (9 жастан бастап) егілген вакцина қатерлі ісік тудыратын АПВ түрлерінен тиімді қорғаныс қалыптастырады.

Халықаралық зерттеулер де вакци­наның қауіпсіз екенін дәлелдеген. АҚШ, Канада, Данияда 200 мыңнан астам әйелге жүргізілген зерттеулер нәтижесінде екпенің бедеулікке әсер етпейтіні және репродуктивтік қызметті бұзбайтыны анықталған.

Бүгінде әлемде 100 миллионнан астам адам АПВ вакцинациясынан өткен,
270 миллионнан астам доза қолданыл­ған. Осы уақытқа дейін ауыр немесе қауіпті жанама әсерлер тіркелмеген.

Сондықтан мамандар вакцина әйел­дердің бедеулігіне әкеледі деген пікірдің ғылыми негізі жоқ екенін айтады. Бұл мәселе көпжылдық клиникалық зерттеу­лермен дәлелденген.

Маманның пікірінше, АПВ-ға қарсы екпенің жеткілікті деңгейде жүргізілмеуі алдағы уақытта жатыр мойны обырының өсуіне алып келуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2030 жылға қарай бұл дерттен болатын өлім-жітімнің арту қаупін болжаған.

Қазіргі таңда онкологиялық өлім жағдайларының шамамен 90%-ы дамушы елдерде тіркеледі. Қазақстанда 45–54 жас аралығындағы әйелдер арасында жатыр мойны обыры жиі анықталады. Алайда ауру ерте анықталған жағдайда толық емделуге мүмкіндік бар.

Сондықтан дәрігерлер 30–70 жас аралығындағы әйелдерге жыл сайын скринингтен өтуді, ал жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін әр төрт жыл са­йын ПАП-тест тапсырып тұруды ұсынады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Маусым 2026 13:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see153

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see149

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see141

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see139

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see137

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see137

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see136

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see135

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see121

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see121

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see116

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see112

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see111

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see111

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see110

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары