Есілдегі қайғылы оқиға: 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Солтүстік Қазақстан облысында суға батқан жасөспірімнің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 22 маусым күні кешкі уақытта Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда болған.
Есіл өзенінде, Мұқыр ауылынан шамамен 5 шақырым жерде 2009 жылы туған жасөспірімнің мәйіті табылды. Марқұмның денесін судан СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алып шықты.
Құтқарушылар азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Мамандардың айтуынша, тек арнайы жабдықталған және құтқарушылар кезекшілік ететін орындарда ғана шомылған жөн.
Еске салайық, шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түскендерге 7 АЕК мөлшерінде, яғни 30 мың теңгеден астам айыппұл қарастырылған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:100
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Маусым 2026 23:58 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















