Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтіледі

Есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтіледі

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Отырыста есірткі қылмы­сының алдын алу, заңсыз есірткі айналымымен күрес мәселелері қаралды. Сонымен қатар есірткі саудасын анықтау мен жолын кесуде цифрлық технологияларды тиімді пайдалану бағыты талқыланды. Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу, жастардың есірткі қылмысына тартылуына жол бермеу мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қатысушылар жазғы демалыс кезінде балалар мен жастар арасында жүргізілетін түсіндіру мен профилактикалық шараларды күшейту қажеттігін атап өтті.
Олжас Бектенов есірткі қыл­мыстарына қарсы іс-қимыл мәселесі Мемлекет басшысының ерекше назарында екенін айтып, есірткі таратуға қарсы заманауи тәсілдерді ескере отырып, бұл бағыттағы жұмысты одан әрі күшейту керек екенін баса айтты.

«Ұлттың өмірі мен денсау­лығы, сондай-ақ болашақ ұрпақ алдын­дағы жауапкершілік мәсе­лесі жаңа Конституцияда жоғары құндылықтар ретінде бекітілген. Осы орайда есірткіні тарату мен қолдану – барлық азаматқа қатер төндіреді, әсіресе жастардың болашағына балта шабады», деді О.Бектенов.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында атқарылған жұмыс туралы баяндады. Оның айтуынша, жоспарға енгізілген 71 іс-шара сәтті болған. Атап айтқанда, жыл басынан бері 1,2 мыңнан аса есірткі қыл­мысының жолы кесілді. Алты ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Оның ішінде халықаралық деңгейде әрекет еткен бір трансұлттық қылмыстық топ бар. Заңсыз есірт­кі саудасына қарсы күресте цифр­­лық технологиялар да кеңі­нен қолданылып келеді. Мәселен, «Киберқадағалау» жүйесі арқылы есірткі жарнамасы мен сатылымына қатысы бар 5 мың интернет-ресурс бұғатталған. Сондай-ақ антифрод орталығының көмегімен 100 млн теңгеден аса қаржы аударымының жолы кесілді. Есірткінің заңсыз айналымынан бір жарым тоннаға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп көрсеткіш. Бұған қоса синте­тикалық есірткі өндіруге пайдаланылатын 11 мыңнан аса прекурсор тәркіленді.

Премьер-министрдің орын­басары – Мәдениет және ақ­парат министрі Аида Балаева нашақорлықтың алдын алу мен есірткі қылмысына қарсы күрес бірнеше бағытта жүргізіліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, осы үдерісте Мемлекет басшысы ұсынған «Заң мен тәртіп» қағидаты жатыр. Жыл басынан бері әлеуметтік желі мен мессенджерлерде таралған 4,5 мыңнан аса заңсыз материал жойылған. Сонымен қатар жасанды интеллект технологиялары қолданылатын «MERGEN» жобасы аясында интернет кеңістігіндегі есірткіге қатысты контентке талдау жасалып келеді. Жоба іске қосыл­ғалы бері 22 мыңнан аса цифр­лық материал өңделіп, есірткі сатумен айналысқан 6,1 мың­нан аса онлайн-дүкен бұғат­талған. Есірткіні онлайн сатуға қарсы іс-қимыл, көлеңкелі қар­жы ағындарын анықтау мен мем­лекет­аралық цифрлық платформа құру туралы шараларға да назар аударылды.
Бас прокурордың орынба­сары Ерлан Өтегенов мониторинг жүргізуді, дерек­терді талдамалық өңдеуді, ведомствоаралық ақпарат алмасуды жүзеге асыратын Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг-орталықтың жұмысы туралы баяндады. Орталық 2025 жылғы қазанда жұмысын бастағалы есірткі өндірісінде қолданылатын прекурсорларды заңсыз әкелу мен айналымына қатысты 78 дерек бойынша материалдар Ішкі істер министрлігіне жолданған. Сондай-ақ есірткі қаупіне байланысты 33 хабарлама беріліп, 23 лицензиялық-рұқсат беру құжатының күші жойылған. Қабылданған шаралардың нәти­жесінде заңсыз айналымнан 23,3 тонна прекурсор шығарылды. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейтіп, заңсыз есірткі айналымына қарсы күрестің нәтижесін арттырды.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, мектептерде «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың құқық­тық сауатын арттыруға, қар­жылық жауапкершілігін қалып­тас­тыруға, азаматтық белсенділігін дамытуға бағытталған жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ барлық білім ұйымдарын­да «Қауіпсіздік сабақтары» ен­гізілген. Бұл сабақтарда оқу­шылармен алкогольдің, темекі­нің, психоактивті заттар мен есірткінің зияны түсіндіріліп, олардың таралуының алдын алу мәселелері талқыланады. Бүгінде мектептердегі профилактикалық жұмысқа 360 мыңнан аса педагог жұмылдырылған. Олар­дың қатарында сынып жетекші­лері, тәрбиешілер, педагог-психологтер және әлеуметтік педагогтер бар. Бұл ретте тәуекел тобы­на жататын отбасылармен жұ­мыс­қа ерекше көңіл бөлінеді. Барлық мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары жұмыс істейді. Осы орталықтар арқылы 3,5 млн адамды қамтыған 315 мыңнан аса іс-шара ұйымдастырылған.

Штаб отырысының қорытын­дысында Премьер-министр әлемдік нарықта есірткіге қарсы күресте қосымша мәселелер туғызатын жаңа психотроптық заттар пайда болып жатқанын еске салды. Осыған байланысты О.Бектенов бірқатар тапсырма берді.

Біріншіден, Қаржы ми­нистр­лігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, химиялық заттар мен қосарлы мақсаттағы өнімдердің елге кіруін қатаң бақылау тапсырылды, сондай-ақ мұндай тауарларды тексеру тәртібін қайта қарау қажет.

«Оның үстіне прекурсор­лардың басым бөлігі бірнеше мақсатта қолданылады әрі олардың кейбірі елге заңсыз әкелінеді. Цифрландыру мен жасанды интеллект элементтерін белсенді түрде енгізіңіздер», деді Премьер-министр.

Екіншіден, қылмыстық ұйымдар криптовалюта мен өзге де цифрлық құралдарды пайдаланып жүргізетін жасырын қаржылық операцияларға назар аударылды.

«Уәкілетті органдарға крип­то­валюталарға байланыс­ты күмәнді қаржылық операция­ларды анықтау мен бұғаттауға арналған арнайы бағдарлама әзір­леуді тапсырамын. Бұл жұмыс Ұлттық Банктің антиф­род-орталығы жүйесіне ұқсас жү­зеге асырылуға тиіс. Бағдар­ла­мад­а есірткі транзакцияларын­да бай­қалған күдікті деректердің, шот­тар­дың және криптовалюта әмиян­дарының тізілімі де қамты­луы керек», деді О.Бектенов.

Сондай-ақ есірткі трафигінің жолын кесу мақсатында Telegram-чаттарды бұғаттауға мүмкіндік беретін технологиялық құралды әзірлеу қажеттігі аталып өтті. Үшіншіден, Бас прокуратура Қаржы мониторингі агенттігі­мен, Ұлттық банкпен, Ішкі істер, Сыртқы істер және Цифрлық даму министрліктерімен бірге бір апта мерзімде мемлекетаралық цифрлық платформа құруда келісілген ұстанымды енгізеді.

Төртіншіден, заманауи технологияларды ескере отырып, есірткі қылмыстарын тергеудің қолданыстағы әдістерін қайта қарау тапсырылды.

«Жаңа тәсілдер қажет. Біздің құқық қорғау органдары жедел алдын алу шараларын қабыл­дауға тиіс. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге цифрлық құралдар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пай­далана отырып, есірткі қыл­мыс­тарын тергеудің жаңа әдістерін әзірлеуді тапсырамын. Әдістер «Заң мен тәртіп», сондай-ақ жазаның бұлтарт­пас қағидаттары тұрғысынан қаралуы керек», деді Премьер-министр.

Осы бағытта Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімін жедел жаңартып, күшті әсер ететін заттардың тізбесін өзектендіріп, сондай-ақ олардың айналымы тәртібін әзірлейді.

Бесіншіден, өңір әкімдеріне штабтардың жұмысын жеке бақы­лауға алу тапсырылды. Жас­тар­­дың жұмыспен қам­тылуы мен бос уақытына, әсіресе демалыс кезеңіне ерекше назар аударылды.

«Жұмыс берушілер мен мем­лекеттік органдарды тарта отырып, бос жұмыс орындары­ның «жәрмеңкелерін» өткізуді ұйымдастыру қажет. Жастарды «Таза Қазақстан» экологиялық акцияларына, әртүрлі волонтер­лік қозғалыс­тарға кеңінен тарты­ңыздар. Бұқаралық спорттың мүм­кін­­діктерін тиімді пайда­лану қажет», деді О.Бектенов.

28 мамырдан 26 маусымға дейін елімізде Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне (26 маусым) орайлас­тырылған есірткіге қарсы акциялар өткізіледі. Маусымнан қазан айына дейін құрамында есірткі заттары бар өсімдіктердің өсетін ошақтарын анықтау және жою мақсатында «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылады.

«Ішкі істер министрлігі мүд­де­лі мемлекеттік органдар­мен бірлесіп, жастарды, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, блогер­лерді және танымал тұлға­лар­ды белсенді тарта отырып, есірткіге қарсы күрес айлығын өткізуді қамтамасыз етсін. Атал­ған жұмысқа әкімдіктер де бел­сенд­і түрде атсалысуы керек», деп тапсырды Премьер-министр.

Сонымен қатар жазғы каникул қарсаңында жастарды есірткінің заңсыз айналымы­на тартудың алдын алуға бағыт­талған ауқымды ақпараттық-профилактикалық науқан ұйым­дастыру тапсырылды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Маусым 2026 09:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see127

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see125

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see124

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see121

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see120

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see119

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see117

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see117

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see117

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see116

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see115

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see114

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see114

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see114

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see114

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see112

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see111

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see111

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see110

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары