Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ақтауда қайық тасқа соғылып, екі адам көз жұмды

Қазақстанда жекеменшік мектептерді қаржыландырудың тұрақты мөлшері белгіленбек

Президент Жолдауын жүзеге асыру: елімізде миллиардтаған қаржы тартылған 215 жоба іске асырылуда

Әткеншекке таласқан : Астанада ойын алаңында ата аналар төбелесті

Алматы Қорғас тас жолында жүк көлігі бақылау аркасын зақымдады

Қасым Жомарт Тоқаев Аида Балаеваның алдына кезек күттірмейтін міндеттер қойды

Тоқаев Әзербайжан президентімен кездесті

Шақырту алдыңыз ба Қазақстандағы 2026 жылғы күзгі әскерге шақыру туралы не білу керек

Жандос Сауыт, аккордеонист: Баян мектебінің болашағы зор

2027 жылы АЕК өсуі қандай танымал құқық бұзушылықтар үшін көбірек төлеуге тура келеді

Димаш Құдайберген шахтаға түсті

Негізгі басымдықтарды айқындап берді

Жанарға түскен салмақ

Балалар қауіпсіздігі: мектептердің 93,5% ы полицияның тікелей бақылауында

Бір минут өмірді сақтап қалуы мүмкін атыраулық өрт сөндіруші қиын жұмыстың екінші жағын көрсетті

Сирек металдар сыры

Жаңбыр, қар, найзағай және шаңды дауыл: 1 қыркүйекте ауа райы жайсыз болады

Күздің алғашқы күнінде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Раймдай жар, күйеу бала жолықса, бақытыңыз еселенеді : Ерке Есмахан қыздарға тілек айтты

Үсік жүреді: 1 қыркүйекке ауа райы болжамы

Ескерту ме, тексеру ме: Атырауда көтерілген экологиялық мәселе Мәжіліске жетті

Ескерту ме, тексеру ме: Атырауда көтерілген экологиялық мәселе Мәжіліске жетті

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бір жыл бұрын атыраулық экологтар мен заңгерлер қазіргі экологиялық тексеру тәртібі заң бұзушылықты дер кезінде анықтауға мүмкіндік бермейді деп ескерткен еді. Инспекторлар міндетті рәсімдерді орындап, кәсіпорынды алдын ала хабардар еткенше, ластану іздері жоғалып кетуі мүмкін.

Енді бұл мәселе Мәжіліс деңгейінде көтерілді.

28 мамыр күні Мәжілісте «Экология мәселелері туралы» заң жобасы қаралған пленарлық отырыста Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Кәсіпкерлік кодекс пен Экологиялық кодекс арасындағы қайшылықтарға назар аударды.

Оның айтуынша, 2015 жылы қабылданған Кәсіпкерлік кодексіне кәсіпкерлік субъектілерін тексеру туралы бір ай бұрын алдын ала ескерту қажет деген норма енгізілген. Осыған байланысты, әсіресе Батыс өңірлерде мұнай қалдықтарын заңсыз төгетін кәсіпорындарды жауапкершілікке тарту мәселесі туындап келеді.

Өйткені тексеру туралы алдын ала хабарланған жағдайда, заң бұзушылықтардың ізін жасыруға мүмкіндік туындайды.

Абзал Құспанұлының айтуынша, соңғы рет осындай жағдай 2024 жылы «Маңғыстаумұнайгазда» тіркелген. Сол кезде Каспий теңізіне мұнай қалдықтарын төккені үшін жауапты кәсіпорынға 32 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынған.

Соттың бірінші инстанциясы мен апелляциялық сот кәсіпорынды кінәлі деп тапқан, бірақ Жоғарғы сот бір ай бұрын ескертпегендіктен процедура сақталмады деп, шешімді заңсыз деп бұзып тастаған.

- Мұндай жағдай он жыл бойы тұрақты түрде қайталанып келе жатыр. Жоғарғы сот төменгі сот актілерін бұзып тастайды, – деді депутат.

Ол Кәсіпкерлік кодекстен осы норманың алынған-алынбағанын сұрады.

Бұған жауап ретінде Мәжіліс депутаты Еділ Жанбыршин бұл мәселе тек мұнай-газ секторына ғана қатысты емес екенін, бұл талап қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін І және ІІ санаттағы барлық қауіпті өндірістік нысандарға қатысты екенін айтты.

Оның сөзінше, заң жобасында қашықтан бақылау және мониторингтік бақылау тетіктерін енгізу ұсынылған. Қашықтан бақылау барысында құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, бірден айыппұл салынбайды. Алайда бұл тексеру жүргізуге негіз болады.

Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінетінін айтқан ол, қазіргі тәртіп бойынша кез келген тексеру прокуратура органдарында тіркелуі тиіс екенін, бұл белгілі бір уақытты қажет ететінін айтты. Оның айтуынша, осы уақыт аралығында компаниялар анықталған заң бұзушылықтарды жойып үлгеруі мүмкін. 

- Осы уақыт ішінде улы газдар ауаға тарап, иісі кетіп қалуы ықтимал, соның салдарынан құқық бұзушылық фактісін тіркеу қиындайды, - деп түсіндірді Жаңбыршин.

Осыны алға тартқан бірнеше депутат аталған норманы енгізуді ұсынғанын айтты. Оның сөзінше, қазіргі уақытта Үкіметтің қорытындысы күтіліп отыр және аталған норма екінші оқылымға дейін әлі де жетілдірілуі мүмкін.

Еске салсақ, өткен жылдың 23 мамырында өткен екінші экологиялық форумда бірқатар экологиялық белсенділер қоршаған ортаға шығарындыларға жедел әрекет ету алгоритмін өзгерту қажеттігін айтқан болатын. Олардың пікірінше, қолданыстағы нормалар мемлекеттік органдардың құқық бұзушылықтарды уақтылы тіркеуіне және экологиялық зиянның алдын алуына кедергі келтіреді.

Атырауда айтылған мәселе

Еске салсақ, өткен жылдың 23 мамырында Атырауда өткен екінші экологиялық форумда жергілікті экобелсенділер қоршаған ортаға шығарындылар мен басқа да ластаушы факторларға жедел әрекет ету тәртібін өзгерту қажеттігін айтқан болатын.

Атырау облыстық адвокаттар алқасы президиумының мүшесі Тлек Хамитов сол кезде мемлекеттік инспекторлардың жоспардан тыс тексерулер жүргізуге мүмкіндігі болуы керектігін айтқан еді. Ол егер құқық бұзушылық орын алса, Экологиялық кодекс аясында әрекет ету қажет екенін, ал Кәсіпкерлік кодексіне сүйенудің қажеті жоқ екенін атап өтті. Мұндай мәселелерде шектеулер болмауы тиіс.

Сондай-ақ ол Экологиялық кодекстің 174-бабының 2-бөлігінде мемлекеттік экологиялық бақылау Экологиялық кодекс пен Кәсіпкерлік кодекс нормаларымен қатар реттелетіні көрсетілгенін айтты. 

Хамитовтың пікірінше, бұл экологиялық құқық бұзушылықтарды тиімді анықтауға кедергі келтіреді және Кәсіпкерлік кодекстің нормаларын экологиялық тексеру рәсімінен алып тастауды ұсынды.

Хамитовтың айтуынша, шығарындыларды тіркеу үшін дереу әрекет ету қажет: ластану көзін анықтау, ауадағы қауіпті заттардың концентрациясын өлшеу және алғашқы тексеруді жүргізу керек.

— Ал тіркеу мен хабарлама рәсімдері жүріп жатқанда, шығарындылар тарала береді, кейін сейіліп кетуі мүмкін. Соның салдарынан олардың нақты концентрациясын анықтау мүмкін болмай қалады, — деді ол.

Әсіресе бұл қысқа уақыт ішінде болатын, бірақ қауіптілігі жоғары шығарындыларға қатысты. Оның айтуынша, мұндай жағдайлар көбіне түнде немесе таңсәріде орын алып, тексеру басталғанға дейін тоқтап қалады.

Оның сөзінше, шынайы және формалды емес әрекет ету үшін Экологиялық кодекстің 174-бабынан Кәсіпкерлік кодекске сілтемелерді алып тастау қажет. Бұл инспекторларға тексеруді кідіріссіз жүргізуге және құқық бұзушылықтарды дер кезінде тіркеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта экология департаменті тексерулерді Кәсіпкерлік кодексте белгіленген тәртіппен жүргізуге міндетті. Кез келген тексеру құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркеліп, қатаң мерзімдік және рәсімдік шектеулермен жүзеге асырылады. Тіркеуден кейін кәсіпорынға алдын ала хабарлама жіберіледі.

Атырауда өткен экологиялық форумнан кейін бір жыл өткенде жергілікті экологтар мен заңгерлер көтерген мәселе Мәжіліс талқылауына жетті. Алайда түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ: өзгерістер әлі де талқыланып жатыр және заң жобасы екінші оқылымға дайындалған кезде түзетілуі мүмкін.

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 12:27

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Маусым 2026 18:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ақтауда қайық тасқа соғылып, екі адам көз жұмды

31 Тамыз 2026 11:59see159

Қазақстанда жекеменшік мектептерді қаржыландырудың тұрақты мөлшері белгіленбек

31 Тамыз 2026 14:20see150

Президент Жолдауын жүзеге асыру: елімізде миллиардтаған қаржы тартылған 215 жоба іске асырылуда

31 Тамыз 2026 09:06see149

Әткеншекке таласқан : Астанада ойын алаңында ата аналар төбелесті

31 Тамыз 2026 15:40see148

Алматы Қорғас тас жолында жүк көлігі бақылау аркасын зақымдады

31 Тамыз 2026 16:19see148

Қасым Жомарт Тоқаев Аида Балаеваның алдына кезек күттірмейтін міндеттер қойды

31 Тамыз 2026 14:58see145

Тоқаев Әзербайжан президентімен кездесті

31 Тамыз 2026 18:30see144

Шақырту алдыңыз ба Қазақстандағы 2026 жылғы күзгі әскерге шақыру туралы не білу керек

31 Тамыз 2026 12:01see142

Жандос Сауыт, аккордеонист: Баян мектебінің болашағы зор

01 Қыркүйек 2026 05:22see139

2027 жылы АЕК өсуі қандай танымал құқық бұзушылықтар үшін көбірек төлеуге тура келеді

31 Тамыз 2026 20:31see135

Димаш Құдайберген шахтаға түсті

01 Қыркүйек 2026 01:24see132

Негізгі басымдықтарды айқындап берді

01 Қыркүйек 2026 03:31see128

Жанарға түскен салмақ

01 Қыркүйек 2026 04:36see127

Балалар қауіпсіздігі: мектептердің 93,5% ы полицияның тікелей бақылауында

31 Тамыз 2026 09:46see123

Бір минут өмірді сақтап қалуы мүмкін атыраулық өрт сөндіруші қиын жұмыстың екінші жағын көрсетті

31 Тамыз 2026 15:24see123

Сирек металдар сыры

01 Қыркүйек 2026 06:48see120

Жаңбыр, қар, найзағай және шаңды дауыл: 1 қыркүйекте ауа райы жайсыз болады

31 Тамыз 2026 18:33see114

Күздің алғашқы күнінде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

31 Тамыз 2026 21:42see114

Раймдай жар, күйеу бала жолықса, бақытыңыз еселенеді : Ерке Есмахан қыздарға тілек айтты

31 Тамыз 2026 22:41see113

Үсік жүреді: 1 қыркүйекке ауа райы болжамы

01 Қыркүйек 2026 00:05see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары