Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Еурокубок, Сәтпаев жарақаты, жаңа ойыншылар: Қайрат өкілдері жаңа маусым мақсаттарын атады

Еурокубок, Сәтпаев жарақаты, жаңа ойыншылар: Қайрат өкілдері жаңа маусым мақсаттарын атады

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Клуб базасында өткен жиында 2026 жылғы маусымға арналған дәстүрлі сары-қара жейде мен сыртқы ойындарға арналған ақ форма, сондай-ақ қақпашылардың киімі көрсетілді. Одан кейін негізгі ерлер құрамасы, әйелдер және зағип футболшылар командалары таныстырылды. Ерлер құрамасында клубқа жақында қосылған қорғаушы Лукас Африко, жартылай қорғаушылар Себастьян Себальос, Яакко Оксанен және Ойва Юккола болды.

Жаңа маусымдағы мақсат

Ресми бөлімнен кейін ұйымдастырылған баспасөз-конференциясында «Қайрат» ФК бақылаушылар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев жаңа маусымда команда алдында қойылған міндет пен мақсаттарға тоқталды.

— Біздің мақсатымыз өзгерген жоқ. Ең биік жетістіктерге ұмтыламыз. Егер қаржылай мәселе не футболшылар шақыру бойынша қиындықтар болса, түсінуге болады. Бірақ қазір клубта бәрі бар. Тағы (ред. — еурокубокта) шулатуға тырысамыз. Әрине, басқа клубтардың жекеменшікке өткені жақсы, бәсекелестік пайда болады. Бірақ біз үшін мақсат өзгермейді. Мысалы, бапкерге қазір 2-орын деп айтсам, ол келіспейді, — деді Қайрат Боранбаев.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Жаңа ойыншылар

Ал негізгі команданың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин жаңа келген ойыншыларға көңілі толатынын атап өтті.

— Жаңа ойыншылар клубтан кеткен ойыншыларымыздан әлдеқайда мықты. Әрине, олардың физикалық дайындығы әртүрлі. Мәселен, Финляндиядан келген жігіттер физикалық тұрғыдан дайын деуге болады. Өйткені оларда да чемпионат жақында ғана аяқталып, бізде секілді көктемде басталады. Яғни, олар өз командаларында оқу-жаттығу жиындарынан өтіп келді. Қалған ойыншылар жұмысты жалғастырыа жатыр. Олар тезірек командаға бейімделіп, өздерін жақсы жағынан көрсетеді деп үміттенеміз, — деді Рафаэль Уразбахтин.

Қайрат Боранбаевтың айтуынша, шетелдік жас ойыншылардың Қазақстанға келуі — ел чемпионатының бәсекеге қабілетті әрі тартысты бола бастағанының белгісі.

— Біз жаңа футболшыларды Чемпиондар лигасында жинаған тәжірибемізді ескере отырып шақырдық. Барлық командаларда жастарға көп сенім артылатынын көрдік. Сондай-ақ «Челсиге» барған сапарымызда олардың стратегиясының түбегейлі өзгергенін байқадық. Олар қазір жастарға сенім артады, команда өте жас ойыншылар жиналған. Сәйкесінше, біз де өз тарапымыздан жеңіске деген құштарлығы жоғары, жас ойыншыларды тартуға тырыстық, — деп түсіндірді ол.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Сәтпаев командаға оралады

Рафаэль Уразбахтин бірнеше ай бойы жарақатынан емделген 17 жастағы алматылық футболшы Дастан Сәтпаев 24 ақпаннан бастап командамен бірге жаттығуға кірісетінін айтты.

Ал Қайрат Боранбаев болашақ «Челси» ойыншысына байланысты ағылшын командасының мамандарымен әрдайым байланыста екенін айтты.

— «Челси» футбол клубымен келісімшарты күшіне енгендіктен, қазір барлық қажетті оңалту шараларын солардың өздері жүргізіп жатыр. Ол екі ай бойы Катарда болды. Осыдан бір апта бұрын ғана Қазақстанға оралды. Катарда онымен бір топ жаттықтырушылар айналысса, Алматыға басқа жаттықтырушылар штабы келді. Олар Дастан дайындығымен жұмыс істеді. Қазір біз «Челси» клубының Дастанға қатысты барлық қажетті нұсқаулықтарды алдық. Сондықтан ол сақадай сай болады деп үміттенеміз, — деді Қайрат Боранбаев.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Еске салайық, кеше «Қайрат» футбол командасы жаңа маусымға қатысатын құрамын таныстырды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Ақпан 2026 11:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары