Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Жемісті жеті жыл

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Еуропаға өнім экспорттайтын кәсіпорын

Еуропаға өнім экспорттайтын кәсіпорын

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

...Мұндағы әр зауыт­тың  өз тарихы, өз тағдыры бар. Бірі жа­қын­да ғана жұмысын бас­таған болса, енді бірі бір­­неше онжылдық бойы өндіріс өрісін кеңейтіп келеді. Солардың қата­рында «Универсал» компаниялар тобы да бар.

Кәсіпорынға кір­ген сәтте өндірістің әдет­тегі тынысы бірден байқалады. Бір цехта полипропилен қаптар дайындалып жатса, келесі бөлікте жануарларды сәйкестендіруге арналған құлақ белгілері шығарылып жатыр. Арғы жағында түрлі бақы­лау-индикаторлы плом­балар дайындала­ды. Бір қара­ғанда, әртүр­лі өнім секілді көрін­генімен, олардың бәрін біріктіретін ортақ мақ­сат бар. Ол – есепке алу мен бақылаудың ашық­тығын қамтамасыз ету.

Компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрайымы Замира Кузиева кәсіпорынның қалыптасу жолын баяндап берді.

«Біздің компаниялар тобы­ның тарихы 1996 жылдан басталады. Ал­ғашында өз қызметін теміржол көлігіне арналған бекіту-пломба­лау құрылғыларын, атап айтқанда вагондарды, контейнерлерді және басқа да нысандарды пломбалау­ға арналған металл пломбаларды өндіруден бастады. Кейін­нен компания пластиктен жасал­ған бақылау-индикаторлық плом­балар мен басқа да өнім түрле­рін дамыту бағытын қолға алды. Уақыт өте келе цифрландырудың дамуы бізге өнімдерді сәйкестендіру мен қадағалаудың жаңа мүмкіндік­те­рін ашты. Соның нәтиже­сінде ассортиментіміз кеңейіп, бүгінде өңірдегі жетекші өндірушілердің біріне айналдық», дейді ол.

Бүгінде компания құрамын­да бес кәсіпорын жұмыс істейді. Оның екеуі Жетісу облысында, қал­ғандары Түркістан мен Қызыл­орда облысында және Астанада орналасқан. Негізгі бағыттың бірі – жүгеріні терең өңдеу. Бұл за­уыттарда глюкоза-фруктоза шәр­­баттары, крахмал, глютен мен бас­қа да ондаған өнім түрі шы­ға­рылады. Олар тамақ өнер­кәсі­бі­нен бастап қағаз, картон және химия өндірісіне дейін кеңінен қолданылады.

Ал Астанадағы өндіріс орны мүлде басқа бағытқа мамандан­ған. Мұнда пломбалар, пломбалау құрылғылары, ауыл шаруа­шылығы жануарларына арналған құлақ белгілері мен полипропиленді клапанды қаптар өндіріледі.

Өндірістік цехта жүргенде көзге түсетін тағы бір ерекшелік – автомат­тандыру деңгейінің жоға­ры болуы. Жаб­дықтардың басым бөлігі Еуропа­дан әкелінген. Кей учаскелерде роботтан­дырылған жүйелер жұмыс істейді. Өнімге таңбалау лазерлік технология арқылы жүргізіледі.

Кәсіпорын басшылығының айтуынша, бүгінде шикізат мәселесі бұрынғыдай өткір емес. Әсіресе Атыраудағы KPI зауыты іске қосылғаннан кейін жағдай айтарлықтай жақсарған.

«Полипропиленнің шамамен 80 пайызын отандық өндіруші­ден аламыз. Отандық шикізат­тың пайда болуы біздің экспорт­та­ғы бәсекеге қабілеттілігімізді күшейтті. Жеткізу тұрақты, сапасына сенімдіміз. Бұл өндірісті ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік береді», дейді Замира Кузиева.

Кәсіпорын өнімдерінің шамамен 60 пайызы экспортқа шы­ғарылады. Геогра­фиясы да кең. Балтық жағалауы елдері, Грузия, Әзербайжан, Ресей, Қырғыз­стан мен Өзбекстан нарықтары қазақ­стандық өнімді тұрақты тұты­ну­шы­лардың қатарына енген.

Өнім сапасы халықаралық сер­ти­фикат­­тармен расталған. Әсіресе ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкес­тендіруге арналған құлақ белгілерінің халықаралық дең­гейде мойындалуы экспорттық мүмкіндікті арттырып отыр.

Зауыт ішінде өндірістің тағы бір маңызды қыры байқалады. Ол – кадр мәселесі. Қазіргі таңда жоғары технологиялы өндірістер үшін маман тапшылығы бүкіл ел бойынша өзекті мәселе болып отыр. Бұл кәсіпорын оны өз күші­мен шешуге тырысады.

Компаниялар тобының жеке оқу орталығы бар. Мұнда қыз­­меткер­лер арнайы дайын­дықтан өтеді. Бұған қоса Л.Н.Гумилев атында­ғы Еуразия ұлттық университеті­мен және Сәкен Сейфуллин атын­дағы Қазақ агротехникалық зерт­теу университетімен дуалды оқыту жүйесі жолға қойылған.

«Қазір өндірісте роботтар мен цифр­лық технологиялар кеңінен қол­да­нылады. Мұндай жабдықпен жұмыс істейтін мамандар еңбек нарығында саусақпен санарлық. Сондықтан біз кадрларды өзіміз даярлаймыз. Қажет болған жағдай­да қызметкерлерімізді Қытай мен Ресейдегі серіктес кәсіпорындарға оқуға жібереміз», дейді Замира Кузиева.

Цехтағы өндіріс барысын өн­ді­рістік шебер Мейрамгүл Елеусізова қадағалап жүр. Оның айтуынша, соңғы жылдары өндіріс мәдениеті де, технологиялық талаптар да едәуір өзгерген.

«Қазір әр өнімнің сапасына қо­йыла­тын талап өте жоғары. Сон­дықтан қызметкерлердің жауап­кершілігі де артты. Жаңа келген мамандар тәжірибелі қыз­меткерлердің жанында үйреніп, кейін өздігінен жұмысқа кіріседі. Біз үшін ең бастысы – сапа мен тәртіп», дейді өндірістік шебер.

Оның сөзінше, кәсіпорында еңбек қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінеді. Өндірістік үдеріс­тердің басым бөлігі автомат­тан­дырылғанымен, әр кезеңде адам бақылауы сақталған.

«Бұрын көптеген операция қолмен атқарылатын. Қа­зір технология дамыған са­йын жұ­мыстың сипаты өзгерді. Бірақ өндірістің тұрақтылығы бәрібір мамандардың білімі мен тәжірибесіне байланысты. Сондықтан кадр даярлау мәселесі әрдайым назарда тұрады», дейді Мейрамгүл Елеусізова.

Кәсіпорында бүгінде жүз­ден астам адам еңбек етеді. Қыз­мет­керлер үшін арнайы асхана жұмыс істейді. Басқа өңірлер­ден келген мамандарға тұрғын үй қарастырылған. Қала ішін­де қатынайтын көлік те ұйымдас­тырылған.

Кәсіпорын басшылығы арнайы экономикалық аймақтың жұмыс мер­зімі аяқталуға жақындаға­нын қалыпты құбылыс ретінде қабылдайды. Өйт­кені өндіріс осы кезеңге дейін қалыпта­сып, қажетті инфрақұрылымын жасап үлгерген.

Замира Кузиеваның айтуын­­ша, арнайы экономикалық аймақ­тың басты міндеті жеңілдік алу емес, өндірісті аяғынан тұрғызу болған. «Біз зауытты салған кезде бұл режімнің мәңгі болмайтынын білдік. Сондықтан осы уақытты өндірісті күшейтуге, маман даярлауға және нарықтағы орнымызды бекітуге жұмсадық. Қазір бізде өндіріс те бар, кадр да бар. Ендігі міндет – осы тәжірибені жаңа өндірістердің дамуына пайдалану», дейді ол.

Индустриялық парк аумағынан шық­қанда бір ой еріксіз оралды. Елде өңдеу өнеркәсібін дамыту туралы көп айтылады. Бірақ оның нақты нәтижесі осындай кәсіпорындардан көрінеді. Бір кездері шағын өндірістен басталған кәсіпорын бүгінде өнімін бірнеше мемлекетке экспорттап отыр. Ал мұның артында жаңа технология ғана емес, өндірісті ұзақ жыл бойы жүйелі дамытуға бағытталған еңбек пен тәжірибе жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 09:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see123

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see122

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see120

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see120

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see118

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see117

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see117

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see116

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see116

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see116

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see116

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see114

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see114

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see113

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see113

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see112

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see112

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see112

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see109

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары