Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Ғалымжан Алматов: Сириус мектептері заманауи білімді ұлттық құндылықтармен ұштастырады

Ғалымжан Алматов: Сириус мектептері заманауи білімді ұлттық құндылықтармен ұштастырады

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

«Қазақстан – Сириус» жобасы мемлекеттер басшыларының уағдаластығына сай іске асырылып жатыр. «Сириус» моделі бойынша еліміздің екі қаласында білім беру ошағы құрылады. Астанамен қатар биыл қаңтар айында Алматы қаласында да мектеп пен орталықтың іргетасы қаланды.

Жобаның мақсаты – дарынды балаларды қамқорлыққа алып, ғылым, технология және инновация салаларын терең меңгерген, бәсекеге қабілетті мамандардың жаңа буынын тәрбиелеп шығару.

Осы орайда «Өрлеу» БАҰО АҚ Басқарма Төрағасы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлының пікірін білген едік.

«Сириус – Қазақстан» жобасы білім беру үдерісіне ұлттық мазмұнды міндетті түрде енгізуді көздейді. Оқу бағдарламаларына «Домбыра», «Ұлттық өнер», «Ұлттық спорт» курстары, сондай-ақ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізіледі. Бұл заманауи білімді ұлттық құндылықтармен және мәдени бірегейлікпен ұштастыруға мүмкіндік береді», деді Ғалымжан Алматов.

Алматыда «Сириус» мектебі ашылады

Ғ. Алматовтың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Сириус – Қазақстан» жобасы білім сапасын арттыруға және оқушылардың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған. Бұл жоба білім беру саласындағы адами капиталды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі саналады.

«Орталықтың ашылуы дарынды балаларды ерте анықтау және оларды жүйелі қолдау тетіктерін күшейтуге мүмкіндік береді. Жоба аясында ғылым, технология және жобалық қызметке бағытталған тереңдетілген бағдарламалар енгізіліп, талантты оқушыларды қолдаудың тұрақты экожүйесі қалыптасады. Сонымен қатар STEM, ІТ, инженерия және зерттеу бағыттарына басымдық беру арқылы елдегі заманауи білім беру инфрақұрылымын дамытуға серпін береді», деді Ғалымжан Бауыржанұлы.

Оның айтуынша, бұл орталықтың басты артықшылығы − заманауи білім беру тәсілдерін ұлттық құндылықтармен ұштастыруында.

«Аталған орталық оқушылардың тек академиялық білімін ғана емес, ұлттық болмысын, мәдени танымын және рухани құндылықтарын да дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар орталықта математика, инженерия, жасанды интеллект, робототехника және зерттеу бағыттарына ерекше басымдық беріледі. Яғни оқушылар теориялық біліммен қатар практикалық және жобалық дағдыларды меңгереді. Соның арқасында жоба халықаралық деңгейдегі заманауи білім беру тәсілдерін қазақ халқының мәдени мұрасымен үйлестіретін бірегей модель қалыптастыруы мүмкін. Бұл өз кезегінде ұлттық білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне ықпал етеді», деді Ғ. Бауыржанұлы.

Ғалымжан Алматовтың пікірінше, жоба отандық педагогтердің кәсіби дамуына да оң ықпал етеді. «Сириус – Қазақстан» жобасында педагогикалық құрам негізінен отандық мамандардан жасақталады. Олардың үлесі шамамен 80 пайызды құрайды.

Гүлжайна Елеусінова: «Сириус – Қазақстан» жобасы – сапалы білім мен ұлттық құндылық үндестігі

«Сонымен қатар халықаралық тәжірибе мен «Талант және табыс» қорының біліктілікті арттыру бағдарламаларын қолдану көзделеді. Бұл Қазақстан педагогтерінің тәжірибесін әлемдегі озық әдістермен ұштастыруға, заманауи білім беру технологияларын меңгеруге және кәсіби құзыреттерін арттыруға мүмкіндік береді», деді ол.

Оның айтуынша, «Сириус – Қазақстан» жобасы ғылым, технология және инновация саласындағы жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталады.

«Әсіресе ІТ, инженерия, жасанды интеллект, робототехника және зерттеу бағыттарындағы мамандарға басымдық берілуі мүмкін. Сонымен қатар жоба оқушылардың аналитикалық ойлауын, жобалық және зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл болашақта ғылыми-зерттеу, жоғары технология, цифрлық экономика және инженерлік индустрия салаларында бәсекеге қабілетті мамандардың қалыптасуына ықпал етеді. Ұзақ мерзімді перспективада жоба елдің зияткерлік әлеуетін нығайтып, білім экономикасын дамытуға негіз болады. Сондай-ақ ғылыми-технологиялық бағыттар бойынша ерте кәсіби бағдар беру арқылы талантты жастардың әлеуетін ашуға және халықаралық деңгейде сұранысқа ие кадрлар даярлауға мүмкіндік береді. Қазақстан үшін білім мен адами капитал негізгі стратегиялық ресурсқа айналады», деп түйіндеді Ғалымжан Алматов.

Қаныбек Жұмашев: «Сириус – Қазақстан» жобасы ұлттық мазмұнда енгізіледі

Еске салайық, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин онлайн-форматта «Қазақстан – Сириус» халықаралық білім беру инфрақұрылымының капсуласын салу рәсіміне қатысты. Келешек кешеннің іргетасына рәміздік капсуланы елордалық оқушылар Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовамен, «Сириус» федералдық аумақ кеңесінің төрағасы, «Талант и успех» қорының жетекшісі Елена Шмелёвамен бірге салды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Мамыр 2026 17:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see123

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары