Газ тапаншасынан оқ атқан астаналық бес жылға сотталды
Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Елорда прокуратурасының 2026 жылғы 14 қыркүйектегі мәліметінше, қала тұрғыны түнгі уақытта өзге адамдар арасында болған жанжал кезінде газ тапаншасынан аспанға екі рет оқ атқан. Сондай-ақ олардың біріне қарай тағы бір рет оқ шығарған. Алайда ер адам қашып үлгеріп, оқтан аман қалған.
Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды.
"Елорда прокуратурасы азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады. Қоғамдық тәртіпті күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту, сондай-ақ қару не басқа да заттарды пайдалану арқылы өрескел бұзғаны үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", – деп мәлімдеді прокуратура.
Ал Қазақстанда Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған қару-жарақ жасырылған орындар әлі де анықталып жатыр. Соңғы рет мұндай қоймалар Шымкент пен Петропавл қалаларынан табылды. Полиция мылтықтар, шолақ мылтықтар, тапанша, оқ өтпейтін кеудеше мен оқ-дәрілерді тәркіледі.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Ішіп алып балықшыларды мылтықпен атқан адам 15 жылға сотталды
26 Қараша 2025 14:27
Қызылордалық арулар Макаров тапаншасынан оқ атып сайысты
09 Наурыз 2026 03:13
Заңсыз елік атқан браконьерлер сотталды
28 Қаңтар 2026 20:30
Астаналық үнсіздік үшін 17,6 миллион берді: бопсалаушы 7 жылға сотталды
27 Тамыз 2026 12:45
Петропавл Ресейдікі деген әйел бес жылға сотталды
20 Ақпан 2026 09:38
Көрілімдер:45
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қыркүйек 2026 16:18 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















