Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

География пәнін оқытудағы жүйесіздік

География пәнін оқытудағы жүйесіздік

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мектепте география пәні өз деңгейінде оқытылмай келеді. Түйткілді мәселеге алаңдаған 500-ге жуық мұғалім Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға ашық хат жолдады. Хатта ұстаздар орта білім жүйесінде іске асып жатқан ауқымды реформа кезеңінде география пәнінің оқытылуына қатысты әрі оқу жоспарына енгізу туралы ұсынысын жеткізді. Айтылған мәселеге орай министр Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мамандарымен жиын өткізді. Осы жиында педагогика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің профессоры, Географиядан республикалық атаулы мектеп жетекшісі Ұлжалғас Есназарова қордаланып қалған бірқатар мәселені айтып берді. Ендігі кезекте ұстаздар қауымы география пәнін оқыту жүйеленеді деп үміттеніп отыр.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Жалпы орта білім  саласында география пәнін оқытуға қатысты ұстаздар қауымдастығы кейінгі жылдары үздіксіз мәселе көтеріп келеді. Осыған орай «Egemen Qazaqstan» газетінде екі бө­лімнен тұратын «Қазақстан географиясы», яғни 8-сыныпта оқытылатын «Қазақстанның физикалық географиясы» мен 9-сыныпта оқытылатын «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясын» жеке пән ретінде оқытуға арналған бағдарлама әзірлеуге қатысты ұсыныс-пікірлері жа­рияланған-ды. Айтылған мәсе­ле 2022 жылы Түркістан қаласында «Географиялық білім берудегі озық ой және заманауи көз­қарас» тақырыбында өткен география пәні мұғалімдерінің І съезінде де көтерілді. Делегат болып келген 300-ден астам педагог-шебер мен педагог-зерттеуші жалпы орта білім беретін мектептегі география оқу пәніне қатысты шешімін таппаған мәселелерді атап көрсеткен еді. Содан бері бұл проблема басылымдарда, кә­сіби жиындарда оқтын-оқтын көтеріліп келеді.

Профессор Ұлжалғас Есна­зарованың пікіріне сүйенсек, «Қазақстан географиясы» пәні жалпы орта білім жүйесінде лайықты орнын алуы керек.

«Аталған пән картаны жаттау мен табиғатты тануды ғана оқытпайды. Туған елдің кеңістігін, ресурсын, геосаяси орналасуын, демографиясын, климаттық құрылымын танытатын терең мазмұнды сала. Оның тәрбиелік, ғылыми маңызы зор. Географиясыз оқушылар­дың бойында отансүйгіштік пен ұлтжандылық қасиет ор­нық­пайды. Табиғат пен адам арасындағы байланыс­ты түсінудің өзі қиын. Гео­графияны әлсірету елдің өз тамырынан алыстауына соқтырады. «Қазақстанның физикалық географиясы» мен «Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық география­сы» пәнін қайта енгізу, картамен жұмыс істеуді жүйелеу, оқыту сағаттарын қалпына келтіру қазіргі заман талабымен үндесіп отыр», дейді профессор.

Қазақстан әлемде жер көлемі жағынан алдыңғы ондыққа кіретін, қойнауы қазба байлыққа толы ел. Сондықтан туған елдің табиғи кеңістігін, суын, шөлін, орманын, ауылын, қаласын жете таныту бүгінгі ұрпаққа аса қажет. Ал оны үйрететін пән – география.

– География пәнін қай­тадан жүйелеп оқыту – елдік географиялық ойды қал­пына келтірумен тең. Білім мазмұнының сапасы мен құрылымдық тұтастығы оқушының дүниетанымын қа­лыптастырады. Кейінгі жылдары еліміздің жалпы орта білім жүйесінде оқу пәндерінің мазмұнын ық­шамдау, интеграциялау және құзыреттілікке бағыттау үрдісі жүріп жатыр. Бұл өзгерістің кейбірі тиімді болғанымен, география пәні мазмұнының тұтастығына елеулі зиян келді. Оның ішінде ең маңыздысы – «Қазақстанның физикалық географиясы» мен «Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық географиясының» сағаттары қысқарып қалды. Бұл өзгеріс оқу жүктемесін азайту мақ­сатын көздегенімен, нақты нәтиже керісінше болып отыр. Пәннің ішкі логикасы үзіліп, оқушылардың кеңістіктік ойлау, ұлттық кеңістікті тану және табиғи-әлеуметтік үрдістер арасындағы байланысын тү­сінуі төмендеп барады, – дейді Ұлжалғас Есназарова.

Осы ретте профессор география пәнін ықшамдаудың салдарынан туындаған бірқатар мәселеге тоқталды. Біріншіден, жылдар бойы қалыптасқан география пәнін оқыту жүйесі бұзылды. Педагогикадағы «оңайдан – қиынға» қағидаты сақталмады. Екіншіден, карта және кескін картамен жұмыс істеу жүйесі жойылды. Карта – географияның негізгі тілі болғандықтан, картасыз оқыту – сөзсіз, тілсіз сөйлеумен бірдей. Үшіншіден, 2017 жылға дейін Қазақстан географиясы аптасына 2 сағат, екі жылда 136 сағат оқытылса, қазір 1 сағатқа дейін қысқарған. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын айтарлықтай төмендетті. Төр­тіншіден, «AraGis» ақылы геоинформатика бағдарламасы енгізілді. Елімізде көптеген мектепте интернеттің баяулығы, қолжетімсіздігі, тіптен компьютер жетіспеушілігінен оқушылардың бұл бағдар­ламаны тұрақты қолдануына мүмкіншілігі бола бермейді. Нәтижесінде, толыққанды білім ала алмайды.

Профессор атап өткен ең үлкен әдістемелік олқылық – 6-сыныптағы «Физикалық география» пәнінің оқытылмауы. Бұл пәнде оқушылар Жер ғаламшары мен оның гео­графиялық қабықтары: литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера туралы білім алып, олардың өзара байланысы туралы оқып білетін. Қазіргі кезде оқушылар табиғи құбылыстың себеп-салдарын, табиғи апаттардан сақтану жолдарын білмей өсіп келеді. Ал табиғат заңдылығын түсінбеген бала – өмірдің логикасын да толық ұғына алмайды. Бұған қоса, оқулықтардың тілі мен құрылымы да сын көтермейді. «Оңайдан – қиынға», «қара­пайымнан – күрделіге» өте­тін дидактиканың басты қағидалары сақталмай отыр. Нәтижесінде, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, кеңістіктік ойлау дағдысы төмендеген.

Географияны оқытудың спиральдық (шиыршық) мо­делі де ұстаздар көңілінен шықпайды. Профессор атап өткендей, америкалық ғалым Джером Брунер ХХ ғасыр­дың 60-жылдары ұсынған «Брунердің спиральдық қағидасы» бойынша оқыту барысында негізгі ұғымдарға бірнеше рет оралу қажет, ал оралған сайын олардың мазмұны да күрделене түсуге тиіс. Сондықтан геогра­фия пәні төмендегідей құры­лыммен оқытылуды қажет етеді. Мысалы, 5-сыныпта «Жаратылыстану» пәнінде табиғат пен адам арасындағы байланыс таныстырылса, 6-сыныпта табиғат заңдылықтары мен геосфералар түсіндірі­леді. Ал 7-сыныпта әлемдік мұхит кеңістігі мен материктер қарастырылып, 8-9-сыныптарда еліміздің физикалық географиясы мен әлеумет­тік-экономикалық жағдайы оқытылуға тиіс. Яғни «Жара­тылыстану» курсын 5-сыныпта бір жылдық кіріспе пән ретінде қалдырып, 6-сыныпта «Физикалық география», 7-сыныпта «Мұхиттар мен материктер географиясы», 8-сыныпта «Қазақстанның физикалық географиясы, 9-сыныпта «Қа­зақстанның әлеуметтік және экономикалық географиясын», 10-11-сыныптарда «Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясын», таңдау курсы ретінде «Түркі тілдес елдер география­сы», «Геоэкология», «Геоин­форматика» оқыту қажет. Нәтижесінде, 10-11-сыныптарда оқушы әлемдік үрдістер мен жаһандық экономиканы ұлттық көзқараспен талдай алатын деңгейге жетеді.

«Қазақстанның физи­алық географиясы» мен «Қазақ­станның әлеуметтік және эко­номикалық географиясы» пәндері сағатының қысқаруы салдарынан тақырыптар шашырап кетті. Салдарынан оқушылардың пәнді игеруі қиындаған. Ұлжалғас Есна­зарова түсіндіріп өткендей, вер­тикальды тұтастық үзілді. География ерте заманнан бері дамып келе жатқан және қалыптасқан оқыту жүйесі бар оқу пәні болғандықтан, 5-11-сыныптар аралығында біртұтас логикалық жүйе ретінде дамуға тиіс болатын. Алайда 8-сыныптағы «Қазақстанның физикалық географиясы» сағатының қысқартылуы нәтижесінде оқыту тізбегінде ұлттық мазмұндық буын үзі­ліп қалды. Одан кейін маз­мұнның фрагментациясынан қазіргі оқу жүйесінде географиялық ұғымдардың бір деңгейден келесісіне өтуі үйлесімсіз күйде қалып отыр. Кейбір тақырыптар қайталанса да, күрделену дәрежесі сақ­талмайды, бұл спираль қағи­дасының бұзылғанын көрсетеді. Ал кеңістіктік ойлаудың әлсіреуі салдарынан Қазақстан табиғаты мен аймақтарын нақты карта, дерек және далалық мысалдар негізінде талдау азайды. Географиялық сауаттылық, картамен жұмыс, статистика және кеңістіктік талдау дағдыларының сапасы төмендеді. Сондай-ақ оқу үрдісінде бағалау мен жоғары білімге өту қиындық туғызып отыр. Жоғары оқу орындарына түсетін оқушылар физикалық география негіздерін жеткі­лікті меңгермегендіктен, фи­зикалық, экономикалық және экологиялық үдерістерді жоғары деңгейде талдауда қиналып жүр.

Ұстаздардың пікірінше, географияны жүйелі оқыту – оқушыға фактілерді үйрету емес, кеңістіктік ойлау мен экологиялық жауапкерші­лікті дамытуға бағытталады. Сон­дықтан еліміздің жалпы орта білім беретін мек­тептерінде «Қазақстан географиясы» пәнін оқу жоспарына қайта енгізу – ғылыми және педагогикалық тұрғыдан дұрыс шешім болмақ. Бұл модель оқушылардың ұлттық кеңістікті тануына, табиғат пен қоғам байланысын түсінуі­не және әлемдік үрдістерді ұлттық контексте талдауына мүмкіндік береді. География пәнінің мазмұны жүйеле­неді. Ұлттық және жаһан­дық географиялық білімнің арақатынасы орнайды. ҰБТ мен халықаралық бағалау жүйелеріндегі нәтижесі жақсарады. Жаратылыстану-географиялық сауаттылығы артады. Жалпы орта білім беретін мектептің оқу жоспарына жоғалған пәнді қайтару – ұлттың өзін картаға қайта түсірумен пара-пар. Бұл құ­рылым – географияны бір ізді және ұлттық негізде оқытудың ең тиімді жолы. Ал білім  үдерісіне енген жаңартылған білім бағдарламасын заман талабына және келешек ұр­пақтың сұранысын қанағат­тандыратындай етіп қайта жасау – уақыт талабы.

АЛМАТЫ 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 10:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see133

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары