Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

GovHR: Мемлекеттік қызметтің жауапты қағидаты

GovHR: Мемлекеттік қызметтің жауапты қағидаты

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Халықаралық іс-шараның ашылуында агенттік төрағасы Дархан Жазықбай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың форум қатысу­шыларына жолда­ған құттықтау хатын оқып берді.

«Біз мемлекеттік қызмет жүйе­сінде меритократия қа­ғидатын орнықтыруға, ашық­тықты қамтамасыз етуге, жоғары кәсіби этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді дәріптеп, адалдық мәдениетін қалыптастыруға баса мән береміз. Бірегей жиын барысында цифрландыру мен жасанды интеллект дәуіріндегі орасан зор мүмкіндіктің арқа­сында адам капиталын күшей­туге, мемлекет тарапынан көрсеті­летін қызметтердің деңгейін мей­лінше арттыруға ықпал ете­тін тың тәсілдер ұсынылады деп сенемін» делінген Мемлекет бас­шысының құттықтау хатында.

Жиында агент­тік төрағасы форумның мем­ле­кеттік қызметті дамытуға арнал­ған инновациялық шешім­дерді қалыптастырудағы маңы­зына тоқталды. Сонымен қатар еліміз­де жүзеге асырылып жат­қан конс­титуциялық және инс­титу­цио­налдық рефор­маларға назар аударып, адам құқықтары мен оның мүд­десін ең жоғары құндылық ре­тінде бекіткен халықтық Конс­титуцияның мемлекеттік бас­қарудың жаңа философиясын қалыптастырғанын атап өтті.

Дархан Жазықбайдың айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызмет патриотизм, кәсіби­лік, ашықтық, әдептілік және аза­матқа бағдарлану қағидат­тарына негізделген жаңа басқару мәдениетіне қадам басты.

– Мемлекеттік қызметтегі конкурстық рәсімдер толықтай цифрлық форматқа көшірілді. Нәтижесінде, іріктеу мерзімі бұрынғы 23–30 жұмыс күнінен 5–7 жұмыс күніне дейін қысқарды. Азаматтардың конкурсқа қатысу деңгейі дәстүрлі жүйемен салыс­тырғанда 3,5 есеге артты. Жаңа заңға сәйкес «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы кемінде үш жылда бір рет міндетті түрде индекстеледі. Ал лауазым үш айдан астам уақыт бос тұрған жағдайда конкурс автоматты түрде жарияланады. «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында Alem.cloud ұлттық суперкомпьютері мен 100-ден астам автоматтандырылған агенттен тұратын мемлекеттік жасанды интеллект платформасы іске қосылды. Сондай-ақ «AI Qyzmet» бағдарламасымен 52 мыңнан астам әкімшілік мемлекеттік қызметші оқытудан өтті, – деді агенттік төрағасы.

Сонымен бірге ол халық­аралық ұйымдардың стандарт­тарына сәйкес алдағы бес жылға арналған сыбайлас жемқор­лыққа қарсы жаңа стратегиялық құжат әзірленіп жатқанын жеткізді. Жаңа құжат сыбайлас жем­қорлықтың алдын алуға, мүдделер қақтығысын тиімді басқаруға, қоғамда сыбай­лас жемқорлыққа қарсы мә­дениетті нығайтуға бағытталмақ.

Форумда сөз сөйлеген Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төр­ағасы Әлихан Байменов HR қауым­дастығы жүргізген зерттеулерге сүйене отырып, қазіргі таңда, әсіресе миллениалдар мен зумерлер үшін жұмыс орнын таңдауда жалақыдан бұрын қолайлы әрі күйзеліссіз еңбек ортасының маңызды екенін айтты.

– Бүгінде технологиядан гөрі адамға ғана тән қасиеттер – түйсік, шығармашылық, қиял, адамгершілік, жанашырлық, көшбасшылық және стратегия­лық болжай білу қабілеттерінің маңызы артып келеді. Осындай қасиеттерге ие білікті кадрларды іріктеп, лайықты орынға тағайындауға не кедергі деген сұраққа жуырда жүргізілген халықаралық сауалнамада саяси ықпал негізгі фактор ретінде аталды. Бұл заманауи мем­лекет­тік басқаруда ұзақмерзімді стратегиялық мүдде мен қысқа­мерзімді нәтижелер арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың маңы­зын көрсетеді, – деді Ә.Байменов.

Форум жұмысына GRECO президенті Дэвид Мейер, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақ­­стандағы тұрақты өкілі Катар­жина Вавьерня, Черногория­ның мемлекеттік басқару министрі Мараш Дукай, Жапония Ұлттық кадр басқармасының халық­аралық істер және оқыту жөнін­дегі бас директоры Мио Маэда, Түркия Республикасы Прези­денті Бас хатшылығының кадр мәселе­лері және қызмет қағидат­тары жөніндегі бас директоры Билал Шентюрк, Босния және Герце­говина Федерациясы Мемлекеттік қызмет агенттігінің директоры Рефик Бегич, Португалия Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық механизмі төрағасы Жозе Антониу Мураш Лопеш, сон­дай-ақ БАӘ, Румыния, Қытай, Гонконг, Ұлыбритания, Әзер­байжан, Армения, Иордания, Кипр, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрік­менстан, Финляндия, Сингапур сарапшылары қаты­сып, тә­жі­рибе алмасты.

Ұлыбританиядағы Ольстер университетінің профессоры Колин Нокс мемлекеттік сектордағы адами ресурстарды басқарудың халықаралық озық тәжірибесіне тоқталды.

– Қазақстан үшін халық­аралық тәжірибеден үйрену­ге болатын маңызды бағыттар­дың бірі – нәтижеге негіздел­ген тиімділікті басқару жүйесі. Елде қызмет нәтиже­лерін бағалау тетіктері енгізілгені­мен, мемлекеттік органдар жұмысында әлі де рәсімдердің сақталуы мен есеп­тілік көрсет­кіштеріне басымдық беріледі. Ал Ұлыбри­тания секілді дамыған мемлекеттерде мемлекеттік қызметтің тиімділігі нақты нәтижелер арқылы бағаланады, – деді К.Нокс.

Шетелдік сарапшының пікірінше, мемлекеттің тиім­ділігі рәсімдердің орындалуымен ғана емес, қоғамдық мәселелерді шешуімен, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуымен өлшенеді. Сон­дықтан мемле­кеттік қызмет­шілерді жоғары­лату мен ынта­ландыру жүйе­сін нақты нәти­желермен, иннова­циялық бастамалармен, көрсетілетін қызметтердің сапасымен тікелей байланыстыру маңызды. Сонымен қатар артық есептілікті қысқарту мемлекеттік қызметшілерге негізгі міндеттерге және нақты проблемаларды шешуге көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

Форум қатысушылары қазіргі таңда инновациялық техноло­гиялардың қарқынды дамуы жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты білім мен тәжірибе алмасу, халықаралық әріптестікті нығайту, мемлекеттік бас­қа­рудың үздік тәжірибелерін енгізу бұрын­ғыдан да маңызды бола түскені айтылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Маусым 2026 09:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары