Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Halyk Life басшысы: “Нарықта сақтандыру сыйлықақысы үшін емес, клиенттің сенімі үшін бәсеке болуы керек“

Halyk Life басшысы: “Нарықта сақтандыру сыйлықақысы үшін емес, клиенттің сенімі үшін бәсеке болуы керек“

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстанда өмірді сақтандыру әлі де кең таралмаған. Көпшіліктің санасында бұл қаражат жинап, инвестициялаудың құралы ретінде толық сіңіп үлгерген жоқ. Ал бұл кезде өмірді сақтандыру компаниялары бірнеше жылдан бері сақтандыру нарығын алға сүйреп келе жатқан қара нарға айналып келеді. Сақтандыру ісінің қазіргі жағдайы, болашағы мен негізгі кедергілері туралы "Halyk Life" АҚ Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаевадан сұраған едік.

- Гаухар Асылбекқызы, өмірді сақтандыру нарығының қазіргі жағдайын қалай бағалайсыз? Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі соңғы бес жылда бұл секторды Қазақстанның сақтандыру нарығы өсімінің негізгі драйвері деп атап келеді. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе және өз рөліңізді қалай бағалайсыз?

- Мен бұл пікірмен келісемін. Бүгінде өмірді сақтандыру елдің қаржы жүйесіндегі өз орнын біртіндеп өзгертіп келеді.

Биыл 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанның сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы жұмыс істесе, оның 10-ы өмірді сақтандыру саласында қызмет көрсетеді. Ұлттық Банктің деректеріне сүйенер болсақ, 2026 жылғы 1 қаңтарда өмірді сақтандыру компанияларының активтері шамамен 2,2 триллион теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 33,7 пайызға өсті. Олардың үлесіне бүкіл сақтандыру нарығы активтерінің жартысынан астамы тиесілі.

2026 жылдың жеті айында Қазақстанның сақтандыру нарығындағы сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемі 1,1 триллион теңгеге жетіп, 2025 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15,77 пайызға артты. Өмірді сақтандыру санатына қарай сыйлықақы көлемі 126,5 миллиард теңгені, ал зейнетақы аннуитеті бойынша 499,7 миллиард теңгеге жетті.

Сөйте тұра Қазақстан экономикасына өмірді сақтандырудың сіңу деңгейі ЖІӨ-нің шамамен 1 пайызын ғана құрайды, ал дамыған елдердің сақтандыру жүйесінде бұл көрсеткіш бірнеше пайызға жетеді. Мысалы, Францияда ол 6 пайыздан жоғары, Данияда шамамен 9 пайызды құрайды. Бұл біздің нарықтың одан әрі дамуға мүмкіндігі жоғары екенін көрсетеді.

Halyk Life-қа келетін болсақ, біз үшін көшбасшылық деген тек нарықтағы үлесіміз немесе жиналған сыйлықы көлемі ғана емес, сонымен бірге саланы дамыту жауапкершілігі де. 2026 жылғы 1 шілде тіркелген деректер бойынша компания активтер, сақтандыру резервтері және сақтандыру сыйлықақылары көлемі бойынша алдыңғы орынға шықты. Активтер 791,6 миллиард теңге, сақтандыру резервтері 586 миллиард теңге, капитал 205,6 миллиард теңге болды. 2026 жылы жеті ай ішінде Halyk Life 203,2 миллиард теңге сақтандыру сыйлықысын жинады. Бұл өмірді сақтандыру санатындағы нарықтағы сыйлықақылардың жалпы көлемінің 25,9 пайызына тең. Компанияның сенімділігін S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі BBB- деңгейіндегі қаржылық тұрақтылық рейтингімен және "тұрақты" болжамымен де растады.

Біз үшін клиенттің белгілі бір өнімді сатып алып қана қоймай, ол полистің өз қаржылық стратегиясындағы рөлін түсінуі маңызды. Сондықтан біз өзімізді нарықтың жаңа стандарттарын қалыптастыратын ойыншылардың біріміз деп санаймыз.

Фото: Halyk Life

- Қазақстандағы зейнетақы аннуитетінің қазіргі даму деңгейіне қандай баға берер едіңіз? Оны мемлекеттік зейнетақыға толыққанды балама санайсыз ба?

- Біреуі екіншісінен тиімдірек деп айтуға болмайды. Ол – клиенттің алдына қандай мақсат қойғанына байланысты. Зейнетақы аннуитеті зейнет жасқа жетпей тұрып-ақ төлем ала бастауға мүмкіндік береді және сақтандыру компаниясына аударылған қаражатының таусылған-таусылмағанына қарамастан, өмір бойы тұрақты зейнетақы түсіп тұратын болады.

Ал БЖЗҚ қаражатты зейнетақы шотында сақтап, пайдаланылмаған жағдайда қалған ақшаны мұрагерлеріне беруі мүмкін. Сондай-ақ аралас тәсілді таңдауға да болады. Ол бойынша: жинақтың бір бөлігін зейнетақы аннуитетіне аударып, екінші бөлігін БЖЗҚ-да қалдыруға болады. Бұл – бірін-бірі толықтыра алатын тетіктер.

Қазақстанда зейнетақы аннуитеті өз әлеуетін әлі толық іске асырған жоқ. Өнім шарттары айтарлықтай күрделі, сондықтан оның талаптарын түсінікті етіп, клиентке сапалы кеңес беру аса маңызды.

- Ел арасында зейнетақы аннуитетімен қатар өмірді сақтандырудың қандай өнімдері кең таралған? Қандай бағыттар әлі де өз деңгейінде бағаланбай келеді?

- Жинақтаушы бағдарламалар, кепілді төлемі бар өнімдер, мақсаты түсінікті бағдарламаларға сұраныс мол. Мысалы, баланың болашақта жақсы білім алуына арналған бағдарламалар, сондай-ақ несие міндеттемелеріне байланысты өмірді сақтандыру сияқты. Клиенттер күннен күнге ұтымды шешім қабылдауға ұмтылып келеді. Олар өнімнің нақты қандай қаржылық мақсатқа жеткізетінін түсінгісі келеді.

Бағаланбай жүрген бағыттардің бірі деп өмірді сақтандыру және жазатайым оқиғадан сақтандыру секілді классикалық полистерді атар едім. Атап айтқанда, мектептер мен басқа да білім беру ұйымдары арқылы оқушыларды жазатайым оқиғалардан ұжымдық түрде сақтандыруды дамытуға әлеует бар. Мұндай өнімді жаппай енгізу оның қарапайым, түсінікті әрі қалта көтерерлік болуына мүмкіндік береді.

- Halyk Life-тағы клиент тәжірибесіне технологиялар қалай әсер етіп жатыр?

- Біз үшін технология – ең алдымен артық жүгіріс, қаптаған қағаз құжат пен шешім қабылдау уақытын азайту тәсілі. Зейнетақы аннуитетін цифрландыру – соның жарқын мысалы. Қазір процестің едәуір бөлігі онлайн режимде. Мысалы: жеке басын тексеріп, сәйкес келетінін білу, алдын ала есептеп көру, деректер ұсыну және шартты қашықтан-ақ жасуға мүмкіндік бар. 2026 жылдың ақпан айында Halyk Life-та 8 миллион теңгеден астам сомаға толықтай онлайн зейнетақы аннуитет шарты жасалды.

Сонымен қатар ішкі тексеру процестері мен жүйелер арасындағы деректер алмасу автоматтандырылуда. Бұның арқасында адам қолымен атқарылатын операциялар санын және қателесу ықтималдығын азайтады.

- Өмірді сақтандырудың қазақстандықтардың қаржылық жоспарындағы қалыпты құралға айналуына не кедергі деп ойлайсыз?

- Адамның ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау шешіміне бірнеше фактор бірден әсер етеді. Олардың қатарында: табыс деңгейі, отбасы шығыны қандай, қазіргі қаржылық жоспарықандай және ұзақ мерзімді құралдардың құндылығын түсіну деңгейі бар. Адам күнделікті күйбең тірліктегі қаржылық мәселелерін шешумен әуре болып жүргенде 10 немесе 20 жылға арналған жоспарлар шегеріле беруі заңды. Қаржылық сауат та маңызды фактор. Өмірді сақтандыру ұзақ мерзімді жоспарға жатады. Сондықтан адам үшін өнімнің бүгінгі құнын ғана емес, оның болашақта қандай қаржылық міндетті шешуге көмектесетінін түсіне білу маңызды.

Бұл жерде сақтандыру нарығының да өз жауапкершілігін жоққа шығаруға болмайды. Біз өнімдерді түсініктірек етіп, талаптарын барынша ашық түсіндіріп, клиентпен қарапайым әрі түсінікті қаржылық тілде сөйлесуіміз керек. Өнімнің шарттарын айтып қана қоймай, адамға оның қандай қаржылық мәселені шешетінін, қандай жағдайда қорған болатынын және бұл құралдың болашақта қалай жұмыс істейтінін түсінуге көмектесу маңызды.

Тағы бір маңызды мәселе – сенім дер едім. Ол сервистің сапасы, шарттардың ашықтығы және компанияның клиент алдындағы міндеттемелерін қаншалықты жүйелі түрде орындайтыны арқылы қалыптасады.

- Нарықтағы негізгі қиындықтар мен еңсеруге тиіс мақсаттар деп нені атар едіңіз?

- Негізгі еңсеруге тиіс мақсаттардың бірі – өнімдер желісін трансформациялау. Қазақстан қоғамы біркелкі емес. Халықтың қаржыла мүмкіндіктері, өмірлік мақсаттары мен құндылықтары әрқалай. Осыған байланысты ислам шарттары бойынша сақтандыру ісін дамытуда айтарлықтай әлеует бар деп санаймын. Заңда мұндай құралдар қарастырылған, ал 2030 жылға дейінгі сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасында ұсынылған "ислами терезелер" механизмі бұл бағытқа жаңа серпін бере алады.

Тағы бір мәселе – дистрибуция моделінің өзгеруі. Цифрлық сауда, маркетплейстер және агенттер арқылы сату ісін бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Клиент өзіне ыңғайлы жолды таңдауы тиіс: қарапайым өнімді өз бетінше онлайн рәсімдеу немесе кәсіби кеңесшінің қызметіне жүгіну деген таңдауы болуы керек.

- Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру нарығын 2030 жылға дейін дамытудың жаңа бағдарламасын әзірледі. Оны қалай бағалайсыз?

- Бағдарлама мен агенттіктің бұл тәсіліне көзқарасым оң. Сала үшін ұзақ мерзімді әрі түсінікті бағдарболғаны маңызды. Агенттік жекелеген өзгерістер ғана ұсынып отырған жоқ, сонымен қатар тұрақты өсім, жариялылықты арттыру, бәсекеге қабілеттілікті күшейту және халық пен бизнестің сенімін нығайтуға жағдай жасайтын сақтандыру нарығын дамытудың заманауи моделін қалыптастырып отыр.

Агенттік нормативтік ортаны жүйелі түрде жетілдіріп, қадағалаудың риск-бағдарлы тәсілдерін енгізіп, халықаралық тәжірибені де отырып, сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы мен риск басқару сапасына қойылатын талаптарды күшейтіп келеді. Сонымен қатар жаңа сақтандыру өнімдерінің пайда болуына және клиенттердің құқын қорғауды күшейтуге жағдай жасалып жатыр.

Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыруды жетілдіруге ерекше тоқталғым келеді. Бұл жерде сақтандыру тек қаржылай емес, әлеуметтік функцияны да атқарады. Сондықтан енгізілетін өзгерістер қызметкерді қорғау деңгейін арттырып, жұмыс берушілер мен сақтандыру компаниялары үшін тұрақты модель қалыптастыруы тиіс.

Бағдарламада зейнетақы аннуитеттері желісін кеңейту де қарастырылған. Атап айтқанда кепілді төлемдері бар классикалық өнімдерден бастап инвестициялық мақсаттағы және инвестициялық стратегияны таңдау мүмкіндігі бар шешімдерге дейін қарастырылған. Сонымен қатар цифрлық және ислами сақтандыруды одан әрі дамыту, жинақтау мақстандағы бағдарламаларды реттеу, ақпаратты ашып көрсету сапасын арттыру және тұтынушылардың құқын қорғау көзделген.

Агенттіктің дәйекті саясаты Қазақстанда неғұрлым жетілген, тұрақты әрі ашық сақтандыру нарығын қалыптастыруға негіз болмақ.

- Қазақстандағы өмірді сақтандыру саласықай бағытта дамып келеді және клиенттің өзі қалай өзгеруде?

- Қазақстандағы өмірді сақтандыру ісінің әлеуеті әлі толық жүзеге аспаған. Сөйте тұра қазіргі клиенттердің ақпарат алу мүмкіндігі жоғары, көп нәрседен хабары бар. Олар өнімдерді салыстырады, кірісін есептейді, сұрақ қояды, шарттарды толық оқиды және не үшін төлейтінін, бес, он немесе он бес жылдан бұл өнім не беретінін түсінгісі келеді. Бұл – өте жақсы. Талапшыл клиент нарықты сапалы болуға ынталандырады.

Нарық жеке өнім ұсынудан қаржылай қорғаныс экожүйесіне, бір реттік сатылымнан ұзақ мерзімді қарым-қатынасқа, стандартты ұсыныстардан неғұрлым жеке шешімдерге қарай бет алып келеді. Өнімдер ыңғайлырақ, ал клиенттің оларды рәсімдеу жолы қарапайым әрі технологиялық бола түспек.

Сонымен қатар нарық біртіндеп тек сақтандыру сыйлықақылары үшін емес, клиенттің сенімі үшін бәсекелесуге көшуі керек. Клиент компанияға: "мен сіздерге отбасымның қаржылық болашағының бір бөлігін сеніп тапсырамын", - дейді. Ал бұл сенім үдесінен өнім сапасы, шарттарының ашықтығы, мінсіз сервис және өз міндеттемелерін мүлтіксіз орындауымен шыға алатын компаниялар көш басында болады.

Серіктестік материал

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қыркүйек 2026 12:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see145

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see136

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see130

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see128

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see126

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see125

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see125

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see125

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see120

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see120

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see119

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see118

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see117

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see116

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see116

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see115

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

24 Қазан 2026 12:44see113

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

24 Қазан 2026 16:04see112

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

24 Қазан 2026 14:14see111

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары