Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Мұхит түбіндегі қазба байлық үшін бәсеке қызып тұр

Мұхит түбіндегі қазба байлық үшін бәсеке қызып тұр

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Адамзат жасыл болашаққа ұмтылып жатқанда мұхит түбінде бәсеке қыза түсті.

Электр көліктері, жел мен күн энергиясы, цифрлық экономикаға басымдық берген сайын минералдарға сұраныс артты. Қазір құрлықтағы қорлар азайып, мемлекеттер мен корпорациялар назары теңіз түбіне ауды. Сөйтіп экономикалық пайда мен экологиялық тәуекел арасындағы бұл қайшылық мұхиттарды жаңа геосаяси тартыс алаңына айналдырып отыр. Бұл ретте болашақты құтқарамыз деп, мұхитты жоғалтып алмаймыз ба деген сұрақ туындайды.

Бұл жөнінде халықаралық сарапшылар не дейді? 

Мұхит XXI ғасырдың шикізат қоймасы 

Қолымыздағы қарапайым смартфонды алайық. Оның батареясындағы қуат, экранындағы жарық, ішіндегі микросхемалар литийге, кобальтқа, никельге және сирек жер элементтеріне тәуелді. Халықаралық энергетикалық ұйымдардың дерегіне сүйенсек, электр көліктері мен аккумуляторға сұраныс 2040 жылға қарай 4 - 6 есе артуы мүмкін. Бұл өсім құрлықтағы кен орындарына едәуір қысым түсіреді. Қазірдің өзінде кобальттың шамамен 70%-ы бір ғана елде өндіріледі, ал сирек жер элементтерінің өңдеу нарығының басым бөлігі бірнеше мемлекет қолында шоғырланған. Осындай тәуелділік жағдайында әлем жаңа көздерді іздеуге мәжбүр. Ал бұл минералдардың бір бөлігі болашақта таулар мен шахталардан емес, мыңдаған метр тереңдіктегі мұхит түбінен алынуы әбден мүмкін. 

ЦИТАТА: 

Мұхит түбінен пайдалы қазба алуға деген ұмтылыс 2020 жылдан бері өзгерген жоқ. Мысалы, АҚШ қажетті сирек минералдардың қорын қамтамасыз етуге мүдделі. Басқа елдерге тәуелді болғысы келмейді. Дүниежүзілік ресурстар институтының дерегіне сәйкес, әлемдегі ең ірі игерілмеген кен орындары Тынық мұхитындағы Гавай аралдарына жақын Кларион-Клиппертон аймағында. Бұл үкіметтер мен корпорациялардың теңіз түбіндегі пайдалы қазбаларды өндіруге қызығушылығын арттырды.

TIME БАСЫЛЫМЫ 

Мұхит адам баласы әлі толық танып білмеген тіршілік әлемі. Бір рет бұзылған экожүйенің ондаған, тіпті жүздеген жыл бойы қалпына келуі екіталай. Соған қарамастан экономикалық қысым мен геосаяси бәсеке экологиялық сақтықтан басым түсіп бара жатқандай. Ал бұл кеңістікте нақты иелік те, бәріне бірдей міндеттейтін ережелер де әлсіз.   

Ашық теңізді қорғау туралы келісім күшіне енді

Таяуда ғаламдық деңгейдегі маңызды ашық теңіздерді қорғау туралы халықаралық келісім күшіне енді. Оны 83 ел қабылдады. Соңғы болып Қытай, Жапония сынды аулпауыттар құжатты бекітті. Ашық теңіздер – мемлекеттердің шекарасынан тыс орналасқан аймақтар, Жер бетінің жартысына жуық бөлігін қамтиды. Бұған дейін бұл аумақтарды қорғауға арналған нақты құқықтық жүйе болмаған. Келісім енді теңіз биоалуандығын сақтау, қорғалатын аймақтар желісін құру және теңіз ресурстарынан түскен пайданы әділ бөлуге бағытталған міндеттемелерді бекітеді. Қазірде мұхиттардың тек 8 пайызы ғана қорғауға алынған. 2030 жылға қарай көрсеткішті 30 пайызға дейін арттыру, яғни, 190 мыңнан астам аймақты қорғау міндеті тұр. 

Мұхит туралы шартқа бірқатар ел қосылмады

Бірқатар ірі экономикалар келісімді әлі ратификациялаған жоқ. АҚШ 2023 жылы келісімге қол қойды, бірақ оны қабылдамады. Бұл ел теңіз жолымен тасымалданатын тауарларды экспорттайтын жетекші бес елдің қатарында. Үндістан мен Ресей де қалыс қалып отыр. Ашық теңіз туралы шарт тек экологиялық құжат емес, жаһандық сауда мен ресурстар қауіпсіздігіне қатысты саяси келісім деуге толық негіз бар. Өйткені әлемдік сауданың 90 пайызы теңіз жолдары арқылы өтеді. Ал стратегиялық жүктердің ішінде мұнайдың орны бөлек. Күн сайын әлемде тұтынылатын мұнайдың едәуір бөлігі теңіз арқылы тасымалданады. 

Теңіз жолдарындағы кез келген тұрақсыздық жанармай бағасына, инфляцияға және өндіріс тізбектеріне әсер етеді. Осындай олқылықтар болмас үшін де ашық теңіз туралы шарттың маңызы зор.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қаңтар 2026 08:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары