Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Бағлан Иманғазинов, актер: Сахна салғырттықты кешірмейді

Бағлан Иманғазинов, актер: Сахна салғырттықты кешірмейді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ол сахнада Мәлік Ғабдуллин, Райымбек батыр, Қажымұқан секілді тарихи тұлғалардың бейнесін сомдап, олардың ерлігі мен рухынан тағылым алғанын айтады. Біз актермен сахнаның құдіреті, тарихи кейіпкерлердің ықпалы және актерлік мамандықтың жауапкершілігі туралы әңгімелескен едік.

– Бағлан мырза, Әзірбайжан Мәм­бетов театрының көрермені сізді бір­қатар қойылымның басты кейіпкері ретінде жақсы таниды. Көрермен ал­дындағы сахна жауапкершілігі қандай?

– Сахна – үлкен жауапкершілікті талап ететін, киесі бар қасиетті кеңіс­тік. Өнер адамы үшін ол тек өнер көр­сететін орыннан бөлек, адамның ішкі мәдениеті мен кәсіби деңгейін айқындайтын өлшем іспетті. Сон­дықтан актер де, өзге өнер иесі де сах­наға әрдайым тыңғылықты дайын­дықпен шығуы тиіс. Өйткені сахна  салғырттықты кешірмейді. Сахнада тұрып бір сөзді ұмытып қал­дық дейік. Сол сәттің өзінде «қар­тайып» кетесің. Себебі әр өнерпаз халықтың алдында өнерін мінсіз көр­сетуге ұмтылады. Мұның бәрі адам­ның ішкі мәдениетіне, өз кәсі­біне деген жауапкершілігіне бай­ланысты деп ойлаймын. 

– Театрды тірі өнер деп бағалаймыз ғой. Бүкіл синтездік өнердің басын бі­рік­тіретін театр өнеріне қалай келдіңіз? Қазақ театрында талантына сүйсіне қа­райтын, кумир тұтатын актеріңіз кім?

– Бала күнімде театрда жұмыс іс­теймін деп армандамадым. Бірақ өнерге деген қызығушылығым ерте оянды. Кішкентай кезімнен фильм­дердегі дубляж актерлерін дауысынан танып, есімін де жатқа білдім. Сол кездегі ескі фильмдер арқылы қазақ театрының негізін қалаған тұлғалар­дың есімін естіп, олардың өнерін теледидардан көріп, қызығатынмын. Тіпті, олардың шығармашылық жо­лын өзіме үлгі тұттым десем де бола­ды.  8-сыныптан кейін Алматыдағы ұлттық музыкалық аспаптар жасай­тын училищеге оқуға түстім. Домбыра мен қобыздың қалай жасалатынын көріп-білуге деген қызығушылық мені сол оқу орнына алып келді. Сту­денттік жылдары Алматыдағы театр­ларға жиі барып, әсіресе Мұхтар Әуе­зов атындағы театрдың қойылым­дарын үзбей көретінмін. Музейлерді аралап, қазақ өнерінің тереңдігі мен байлығын тануға ұмтылдым. 

Өнердегі алғашқы ұстаздарым – қазақ театр өнерінің көрнекті өкіл­дері, Халық әртісі Кәукен Кенжетаев пен Есім Сегізбаев болды. Актерлік шеберліктің қыр-сырын үйретіп, сахна мәдениетінің мәнін ұғындырған да осы кісілер. Сондықтан олардың тәлімі мен шығарм    ашылық мектебі менің өнер жолымның қалыптасуына ерекше ықпал етті. 

– Театрдағы аға буыннан не үй­рендіңіз? 

–  Әрине, қазақтың талай тұлға та­лант­ты, дарынды актері көп. Олар­ды бөле жарып атын тізіп шық­қаным болмас. Енді әр актердан, әр тұлғадан, әр дарыннан, таланттан жақсы жағын алуға тырысамын. Біз көбіне аға буыннан үйрену туралы айтамыз. Жасыратын ештеңесі жоқ, жастардан да көп үйренесің. Өмірлік ұстаным­дарын үйрендік. Жақсы қасиеттерін алуға тырыстым. Әр та­ланттың, әр өнердің, өнерлінің шә­кірті болдым деп ойлаймын. 

– Актер сахнада түрлі кейіпкердің болмысымен көрініп, ішкі күйін көр­сетуге талпынады. Сондайда өзіңіз сом­даған кейіпкердің рөлінен шыға алмайтын кез бола ма? Сахна сыртын­дағы Бағлан қандай адам?

– Актер үшін ең маңызды қасиет­тердің бірі – өзін бақылауда ұстай білу. Кейіпкердің жан дүниесіне терең еніп, оның қуанышы мен қайғысын шынайы жеткізу қажет болғанымен, актер ешқашан өзін толық жоғалтып алмауы керек деп есептеймін. Кейде рөлге беріліп кетіп, кейіпкердің әсерінен шыға алмай қалатын жағ­дай­лар туралы естіп жатамыз. Алайда театр мен кино өнерінде кәсіби ше­берлік ең алдымен өзін-өзі басқарудан басталады. Қандай жағдай болмасын, актер өзінің кім екенін ұмытпауы керек. Сондықтан мен рөлден шыға алмай қалған кездерім болмаған. Ал сахна сыртындағы Бағланға келсек, өзім­ді қарапайым адаммын деп есеп­теймін. Қолымнан келгенше кіші­пейіл болып, айналамдағы адамдар­мен сыйластықта өмір сүруге тырыса­мын. Әрине, пенде болған соң кейде өзің байқамайтын кемшіліктер де кездесуі мүмкін. Дегенмен өмірде де, өнерде де адамдық қалпымды жоғалт­пай, дұрыс жолдан таймауға ұм­тыламын.

– Сіз сахнада Мәлік Ғабдуллин де болдыңыз, Райымбек те болдыңыз, Қа­жымұқан да болдыңыз. Осы образ­дар сізге не берді? Қысқасы, кейіпкер­леріңізден не үйренесіз?

– Әр кейіпкердің актер өмірінде алар орны ерекше. Әсіресе Мәлік Ғабдуллин, Райымбек батыр сынды тарихи тұлғалардың бейнесін сомдау – үлкен жауапкершілік әрі рухани мектеп. Олар халық жадында бекер сақталған жоқ, әрқайсысы ел үшін ерен еңбек етіп, ұлт тарихында өшпес із қалдырған тұлғалар. Осындай кейіп­керлерді сахнада сомдаған са­йын олардың өмір жолына, ұстаным­дарына тереңірек үңілесің. Батыр­лардың ерлігі мен азаматтық болмы­сын таныған сайын өзің де рухани қуат аласың. Кейде олардың бейнесін сахнада асқақтатып көрсетіп жүріп, өмірде өзіңнің әрекеттеріңе сын көз­бен қарай бастайсың. Өйткені көрер­менге өнеге болатын тұлғаны ойнап тұрып, өз өміріңде соған кереғар қадам жасауға ар-ұятың жібермейді. Тарихи кейіпкерлердің ең үлкен әсері де осында шығар. Олардан ерлік пен адалдықты, елге қызмет етудің мәнін үйренесің. Жақсы қасиеттері мен өмірлік ұстанымдары актердің бо­йына біртіндеп сіңіп, дүниетанымына ықпал етеді. Сондықтан мен әр рө­лім­нен тек кәсіби тәжірибе ғана емес, рухани азық та алдым деп айта ала­мын. Кейіпкерлерім арқылы өмірге деген көзқарасым өзгеріп, көптеген құндылықты жаңаша түсіне бастадым.

– Сахнада күтпеген жағдайлар бо­лып тұра ма? Есіңізде қалған біреуін айтып беріңізші.

– Сахна болған соң түрлі қызық оқи­ға да болып тұрады. Әсіресе кө­рер­меннің қойылымға шынайы се­ніп, оқиғаға араласып кететін сәттері актер үшін ұмытылмас әсер қалдыра­ды. Бірде Көкшетаудағы Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыка­лық-драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» спектаклінде ойнап жүр­ген кезім. Қойылымда әйелімен жан­жалдасып қалған кейіпкерді сом­даймын. Бір көріністе ашуға булық­қан кейіпкер галстугін шешіп, өзіне қол жұмсамақ болғандай әрекет жа­сайды. Сол сәтте көрермендер ара­сын­да отырған бір апамыз оқиғаға шын сеніп қалыпты. «Балам, айна­лайын, қойшы!» деп дауыстап, мені тоқтатуға кірісті. Зал іші күлкіге кө­мілді. Біз болсақ, сахнадағы образ­дан шықпай, қойылымды жалғас­тыруға тырысып жатырмыз. Бірақ апамыз райынан қайтпады. «Әй, айналайын, болды енді! Әйел үшін не істеп жа­тыр­сың? Қой дедім ғой!» деп қайта-қайта айтып отырды. Ақыры тіпті орнынан тұрып кетіп, кейіп­керіме ұрысқандай болды. Мен өзімді әрең ұстап тұрдым, ал көрермендер күл­кіден көздеріне жас алған шығар. Бұл – көрерменнің театр өнеріне, сахна­дағы оқиғаға шын жүрегімен сенгенін көрсететін ерекше әрі өте әсерлі есте­ліктердің бірі.

– Бір рөлді сомдау барысында өзіңіз бұрын байқамаған қасиеттеріңізді ашқан кездер болды ма?

– Менің тәжірибемде қандай да бір рөлді орындай алмай қалдым немесе ол маған мүлде сәйкес келмеді деп айта алмаймын. Жалпы, әр актер уақыт өте келе өзінің шығармашылық мүмкін­дігін, табиғатын және қай бағытта мықты екенін жақсы түсіне бастайды. Қай рөлдің өз болмысына жақын екенін, қай образды шынайы әрі нанымды жеткізе алатынын сезі­неді. Әрине, актер үшін түрлі мінез­дегі кейіпкерлерді сомдау маңызды. Дегенмен әр адамның табиғатына жа­қын, оң жамбасына келетін образ­дары болады. Сондықтан актер өз мүмкін­дігін де, өз шекарасын да жақ­сы біледі деп ойлаймын. Ең бастысы – әр рөлге жауапкершілікпен қарап, қо­лыңнан келгенше оны шынайы жеткізуге ұмтылу.

– Театр адамды өзгертеді дейді. Ал театр сізді қалай өзгертті?

– Иә, театр адамды өзгертеді. Ең ал­дымен оның дүниетанымын кеңей­тіп, білімін толықтырады, кәсіби деңгейін өсіреді. Театр саған танымал­дық пен көрерменнің ықыласын сыйлауы мүмкін. Алайда сол деңгейде қалу үшін де, одан биікке көтерілу үшін де үздіксіз еңбек қажет. Өнерде бәсекелестік бар, сондықтан әр актер өзін үнемі шыңдап, жаңа белестерге ұмтылып отыруы керек. Әйтпесе, адам өз мүмкіндігін толық пайдалана алмайды. Театр маған тоқмейілсуге болмайтынын үйретті. Сондықтан актерлік өнермен қатар спортқа, шы­ғар­машылықтың түрлі қырына көңіл бөліп, өзімді жан-жақты дамытуға тырысамын. Комедия, трагедия, драма секілді әр жанрда жұмыс істеп, бойымдағы мүмкіндік­терді толық пайдалануға ұмтыламын. Театрдың маған берген ең үлкен сабағы осы шығар. Өнер адамы үшін «болдым», «толдым», «бәрін меңгер­дім» деген ұғым болмауы керек. Актер өзін то­лық жетілдім деп ойлаған сәттен бас­тап шығармашылық өсуі де тоқ­тайды.

Сұхбаттасқан 

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Асылзат АҚЫЛХАН,

ЕҰҮ-дың 3-курс студенті

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Маусым 2026 05:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see143

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see140

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see139

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see138

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see137

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see134

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see132

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see131

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see131

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see125

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see124

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see121

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see120

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see120

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see119

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see119

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see116

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see114

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see110

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары