Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Индер көлінен тұз өндіру бойынша қоғамдық тыңдаулар өткір шиеленіс жағдайында өтті

Индер көлінен тұз өндіру бойынша қоғамдық тыңдаулар өткір шиеленіс жағдайында өтті

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Индербор кентінде (Атырау облысы) Индер көлінен ас тұзын ашық әдіспен өндіруге экологиялық рұқсат алу мақсатында өткізілген қоғамдық тыңдау шиеленісті жағдайда өтіп, қызу пікірталасқа ұласты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Инвесторлар - "АралТұз" АҚ және "АралСода" ЖШС компаниялары тұзды өндірістік негізде өндіру жобасын ұсынды. Сөз 2026 жылдан 2037 жылға дейінгі кезеңде жыл сайын 37 мың тонна өнім алатын 10 мың гектар алқап туралы болып отыр.

Жұмыстарды маусымдық негізде - сәуірден қарашаға дейін (148 күн) жүргізу жоспарланған. Есептеулер бойынша, ластаушы заттардың, соның ішінде натрий хлориді, азот оксидтері мен иіс газының шығарынды көлемі жылына 136,06584 тоннаға дейін жетуі мүмкін.

Теміржолдың жоқтығынан өнім мен су автокөлікпен тасымалданады. Компания 500-ге жуық жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

"Біз санитарлық-қорғау аймағын 500 метр деп белгіледік. Кентке дейінгі қашықтықты ескерсек, қауіп жоқ. Шығарындылар мен топырақ күйін бақылау үшін тұрақты мониторинг жүргізіледі. "Қазгидромет" деректері бойынша, жел негізінен шығыстан батысқа қарай соғады, ал кент солтүстік-батыста орналасқан", - деді тәуелсіз эколог Дәулет Асанов.

Оның айтуынша, көлде шамамен 1,2 миллион тонна тұз бар және 10 жыл ішінде 375 мың тоннасын өндіру көзделіп отыр. Қазіргі кезең шикізат сапасын және өңдеудің ықтимал бағыттарын бағалау үшін пилоттық жоба ретінде қарастырылған. Зауыт немесе фабрика салу мәселесі келесі кезеңдерге қалдырылған.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

19 сәуір 22:47 1

Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты

27 сәуір 18:41 1

Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды

29 сәуір 08:10 1

Тыңдаудағы сұрақтардың бір бөлігі өндірудің заңдылығы мен көл мәртебесінің өзгеруіне қатысты болды. Бұған дейін Индер тұзды көлі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізіміне кіретін. 2024 жылғы 22 қарашадағы №997 қаулымен ол республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорынан шығарылған.

Депутат әрі экологиялық белсенді Есенбай Нұров бұған Атырау облысының әкімдігі бастамашы болғанын айтты. Оның сөзінше, Экология министрлігі көлді бірегей су нысаны деп санағандықтан, бастапқыда бұл ұсынысты қолдамаған.

Тыңдау барысында аудитория екі топқа бөлінді: бірі жобаға қарсы шықса, екіншісі инвестиция мен жұмыс орындарының қажеттігін алға тартып, қолдау білдірді. Кейбір жергілікті тұрғындар залға "Индер - біздің табиғи байлығымыз" және "Инвесторлар кетеді, мәселе қалады" деген плакаттармен келді. Адамдар баяндамашылармен дауласып, бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан сұрақтарға жауап талап еткен.

Шиеленіс шегіне жеткен сәттердің бірінде белсенділер "Көлден қолдарыңды тартыңдар" деген жазуы бар плакатты жайып жіберді, бұған зал ду қол шапалақтап, қолдау көрсеткен.

"Көлге жанар-жағармаймен жұмыс істейтін техниканы жіберуге болмайды. Бізде кейде жел айлап соғады. Өндіру кезінде тұз ауаға көтеріліп, кентке жетеді. Мен бұған үзілді-кесілді қарсымын. Бізде Қазақстанның жартысын тұзбен қамтамасыз етіп отырған "Индертұз" бар, тапшылық жоқ", - деді ауданның бұрынғы экологы Марат Мұқанов.

"Ауыл айналасының бәрі сорға айналып барады. Тұз шабындықтарға шөгіп жатыр, жайылым қалмады деуге болады. Каналдардың бойы тұзданып кеткен. Лицензия беру заңсыз, демек тыңдау да заңсыз", - деді Бөдене ауылының тұрғыны Байжан Шынғазиев.

Экологиялық белсенді Галина Чернова қауіп-қатерлерді атап өтіп, тексеру жүргізу қажеттігіне тоқталған.

"Лицензияның қалай алынғанын және көлдің не себепті қорғалатын аумақтардан шығарылғанын анықтау керек. Желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жетеді, 500 метрлік санитарлық аймақ жеткіліксіз", - деді Чернова.

Аудандық аурухананың директоры Анар Досбаева мұндай талқылаулардың бұған дейін де болғанын, бірақ маңызды сұрақтарға әлі күнге дейін жауап алынбағанын еске салды.

"Біз жел натрий хлоридін 10 шақырымға дейін ұшырып апарса, оның салдары қандай болатынын бұған дейін де сұрағанбыз. Өндіру технологиясын өзгертуді ұсындық. Жауап жоқ. Сонымен қатар ауданда гипертония мен жүрек-қан тамырлары аурулары бірінші орында тұр", - деді директор.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған талқылау қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин: "Көпшілік қарсы шықты. Бұл хаттамада көрсетіледі. Тыңдау өтті деп есептеледі, бірақ халық қолдады деп айтуға болмайды. Лицензияға құқықтық баға беріледі", - деп мәлімдеді.

Осыдан кейін "АралСода" ЖШС жобасы бойынша тыңдау өткізу мақсатқа сай емес деп жарияланды. Кейінірек оның 4 мамырға ауыстырылғаны белгілі болды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Мамыр 2026 08:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары