Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Интернатта оқып жүр...

Интернатта оқып жүр...

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Кеген ауданындағы Тасашы орта мектеп-интернатындағы оқушылар саны бұдан он шақты жыл бұрын 300-ге жуықтайтын еді. Одан бергі уақытта бала санының күрт төмендеп кеткені байқалады. Биыл білім шаңырағындағы 142 оқушыны 32 мұғалім оқытады. Ал мектеп жанындағы еңселі үш қабатты интернат үйіне 65 бала орналасқан.

«80 жылдық тарихы бар Тасашы орта мектебі жанында интернат пен шағын орталық жұмыс істейді. Бала санының азайып кетуіне байланысты шағын жинақты мектепке жатады. Аудандағы жалғыз мектеп-интер­­нат. Мұнда осы өңірдегі аз қамтылған от­басының, жалданып жұмыс істей­тін малшылардың балалары және жетім, жартылай жетім балалар жатып оқиды», дейді мектеп директоры Нұргүл Абықанова.

Аудандағы шалғай ауылда орна­ласқан жалпы аумағы 3300 шаршы метрлік бұл мектепке 2024 жылы
­1 млрд 200 млн теңге бөлініп, күр­делі жөндеуден өткен. Құры­лыс жұ­мыстары уақтылы аяқталып, өткен жылғы оқу жылын балалар жұ­­мырт­қадай жарқыраған су жаңа мек­тепте аяқтаған болатын. Ауыл мектебінің заманауи қалыпқа келуі оқушылардың ынтасын артты­­рып, мұғалімдер мен ата-аналарға да тың серпін беріп, сенім ұялатқан. Талабы таудай оқушылар қосымша білім беру үйірмелеріне қатысады. Ағылшын тілін үйренеді. ҰБТ-ға да­йындық жұмыстары жүргізіледі. Домбыра, мүсіндеу өнерін меңге­ріп, жүлделі байқауларға барғандары аз емес. Бұдан бөлек, 50 оқушы тұрақты түрде күреске қатысып, спорттық жарыстардың жеңімпаздары атанған. Араларында республикалық, тіпті халықаралық жарысқа қатысқан талантты оқушылар барын мақтан етеді. Балаларды өнерге баулуда Заман­бек Нұрқаділов атындағы аудандық «Өнер» мектебінің ұстаздары ке­ліп, шығармашылық сағаттарын өт­кізіп тұрады. Сөйтіп, шалғай ауыл мек­тебінің талантты шәкірттерінің шырағын жағып, Тәңіртаудай биікке самғауына септігін тигізіп келеді. Оған қоса тау бөктеріндегі ауыл балалары­ның шаңғы тебудегі шеберліктерін шыңдау үшін Жалағаш ауылын­дағы спорт мектебінің тәжірибелі жат­тықтырушылары атсалысып, қысқы спортты меңгеруге баулып келеді. Мектепте 62 бала міндетті білім беру қорынан ыстық тамақпен қамтылған.

«Бес балам бар. Үшеуі мектеп жасында, алды 6-сыныпта оқиды. Біз кіші Тасашыда тұратындықтан балаларымызға арнайы автобус бө­лініп, тасымалмен оқиды. Мектеп жа­салғалы бері еңсеміз көтеріліп қал­ды. Ұлдарым мектептен тегін ыстық та­мақ ішеді, спорттық үйірмелерге қатысады. Сабақ үлгерімдері жақсы, күрестен жеңімпаз болып, грамота алды. Балаларымыздың жан-жақты дамуына, бәйгелерден оза шабуына атсалысып жүрген ұстаздарымызға дән ризамыз», дейді ауыл тұрғыны, көпбалалы ана Жұлдыз Шалағызова.

Үш қабатты мектеп жанындағы интернат ғимаратына да өткен жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып, жайлылық орнаған. Мектеп басшысы интернатта су, жарық, жылу, балалардың жатын орны, санитарлық жағдайы басты назарда екенін алға тартты.

«120 орындық интернатта осы күні 65 бала бар. 5 тәрбиеші, білікті аспаз, мейірбике жұмыс істейді. Олар балалардың білім алуы мен тәр­тібіне жауапты. Апта сайын бала­лар моншаға түсіп тұрады. Төрт мез­гіл тамақ беріледі. Бастауыш сынып оқушыларының мектепте іше­тін тамағын есепке алғанда бес уақыт тамақпен қамтылған. Бала­лардың күндік тамағының құны ас мәзіріне байланысты 1800-2000 теңгені құрайды. Интернат балалары бос уақыттарында өздері қалаған көркемөнер үйірмелеріне қатысып, шығармашылықпен айналысады. Кітап оқып, ой-өрісін дамытып, ұлт­тық тәрбие құндылықтарын сіңіруге қатысты мәдени іс-шаралар үнемі өткізіліп отырады. Бұл бағытта оқу­шыларымыздың белсенділігі өте жо­ғары. Интернет те іске қосыл­ған», дейді мектеп басшысы Нұргүл Қырықбайқызы.

Интернаттағы балалардың денсау­лығы тәжірибелі мейірбике Бұлбұл Ермекбайқызының қадағалауын­да. Маманның сөзінше, алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажет барлық мүмкіндік жасалған. Интер­нат асханасында 4 адам еңбек етеді. Бес жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бас аспаз Қарлығаш Рысқұлова бүгінгі күні ас мәзірі үй жағдайындағы тамақ түрлеріне көшкенін тілге тиек етті.

«Аптасына бір мезгіл балық бері­леді. Күнделікті айран, жеміс-жидек, мәнті, лағман, тұшпара сынды бала­лардың тәбеті тартатын ыстық тамақ түрлері дайындалады, оған қоса нан өнімдерін өзіміз пісіріп береміз. Берілетін тағамдарымыз табиғи таза­лығымен ерекшеленеді», дейді бас аспаз.

Алматы облысы,

Кеген ауданы

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

Серік Тұрғынбекұлы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Кез келген қазақтың негізінде ақындық бар

Сұхбат • Бүгін, 08:15

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35

Ұлттық ғылым академиясында AI SilkNet Қазақстан–Корея жасанды интеллект орталығы ашылды

Қоғам • Бүгін, 00:28

Капитал нарығы үшін дамудың жаңа кезеңі: KASE басшысы негізгі басымдықтарды атап көрсетті

Қаржы • Бүгін, 00:13

Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды

Аймақтар • Бүгін, 00:05

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Ақпан 2026 08:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see123

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары