Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Иран жасанды жаңбыр жаудыруға көшті

Иран жасанды жаңбыр жаудыруға көшті

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазір әлемнің бірқатар елінде су тапшы. Құрғақшылық салдарынан Таяу Шығыс пен Түркия су қоймаларындағы су қорлары едәуір азайған. Соның әсерінен тұрғындар күнделікті ауызсуға жарымай отыр. Мемлекеттер бұл мәселені қалай реттеп жатыр? Климат өзгерісіне қатысты зерттеушілер не дейді?

Иә, құрғақшылық жыл өткен сайын қыспаққа алып барады. Десе де әлем елдері қарап отырған жоқ. Тығырықтан шығудың жолын іздеп әлек.

Түркияда су тапшылығы сезіледі   

Ыстанбұлдағы су қоймаларының толу деңгейі 21,87%-ке дейін төмендеді. Көрсеткіш 5 ай бұрын 66,23% болған. Измирде де су мәселесі өткір тұр. Сала мамандары жерасты су қорларының едәуір сарқылғанын айтады. Бұлай кете берсе, Түркия су дағдарысына тап болуы мүмкін. Жан басына шыққандағы тұщы су қорының жылдық мөлшері 1000м³-тен аз болса, жағдайдың ушығатын түрі бар. Мәселен, қазірде Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар секілді Таяу Шығыс елдері мен Сомали, Джибути және Эритрея сияқты Африка елдерінде жан басына шаққанда жылдық су көлемі 1000–1700 м³ шамасында. Ал Түркияда көрсеткіш 1300-1400 м³. Су қорының басым бөлігі – 70%-і негізінен ауыл шаруашылығы саласында пайдаланылады. Өнеркәсіп пен тұрмыстық тұтынуға 30%-тей су кетеді. «Халық санының өсуі, ауыл шаруашылығындағы тиімсіз суару және экологиялық ластану да су тапшылығына үлкен әсер етеді», – дейді мамандар.   

«Бурсадағы судың 10%-і және Анкара мен Ыстанбұлдағы судың 1%-і жер астынан келеді. Олардың қорлары әлі де бар, бірақ сарқылып барады. Егер жағдай өзгермесе, Түркия 20-30 жыл ішінде су тапшылығы бар елге айналуы мүмкін. Теңіз суын тұщыту мәселесі де талқыланып, зерттеліп жатыр» — İSKİ, Ыстанбұл су және кәріз басқармасы.

Мамандардың айтуы бойынша, су дағдарысының басты себебі – климат өзгерісі. Соның әсерінен Жерорта теңізі аймағындағы елдер қатты зардап шегеді. Ғаламдық жылынуды тежейтін шаралар іс жүзінде жүзеге аспаса, теңіз бассейнінде құрғақшылықтың күшею қаупі жоғары. 

Иран жасанды жаңбыр жаудыруға көшті 

Қазір құрғақшылықтан Иранда су тапшылығы өткір тұр. Мәселені шешу үшін билік, жасанды жолмен жаңбыр жаудырмақ. Қазір бұлт өңдеу үдерісі жүріп жатыр. Бұл күміс немесе калий йодиді сияқты арнайы реагенттерді бұлтқа шашу әдісі. Мұндай реагенттер судың тез булануына әсер етеді. Жұмыс әзірге Урмия көлінде жүрді. Бұл Ирандағы Каспийден кейінгі ең ірі көл. Алайда кейінгі жылдары құрғақшылық салдарынан біраз бөлігі кеуіп, айдын орны тұзды далаға айналған. Бұлттарға реагент шашу жұмысы тағы Шығыс және Батыс Әзербайжан провинцияларында жалғасады. Иран метеорология ұйымының мәліметіне сүйенсек, биыл елде жауын-шашын мөлшері орташа көрсеткіштен 89% төмен болған. Қазір 9 миллионнан астам халқы бар Тегеранда жағдай қиын. Қаладағы су қоймаларындағы қор сарқылған. Осы себепті кей аймақтардағы халық қауіпсіз аймаққа көшірілуі мүмкін.

Бұлт егу тың әдіс емес, талай жылдан бері қолданылып келеді. Кейінгі уақытта су тапшылығымен күресу мақсатында бұл әдісті Біріккен Араб Әмірліктері пайдаланды. Ал кей елдерде, керісінше, бұл әдіс мерекелер кезінде жаңбыр жаумауы үшін де қолданылған. 

Ғалымдар: Су дағдарысының қаупі жоғары

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым жаһан жұртына су дағдарысы қаупі төніп тұрғанын ескертеді. Ауа райының жылы болуы қалыпты құбылыс емес. Жер бетінің орташа температурасы бір жарым градусқа жоғарылауының өзі қауіп жақындағанын білдіреді. Бұл судың жоғары мөлшерде булануына әкеледі. Пәкістан, Индонезиядан Еуропаға дейін табиғи апаттардың күшейгені содан.

«Пәкістандағы муссондық су тасқыны, Оңтүстік Судандағы су басуы сияқты табиғи апаттарға куәміз. Амазонка алабы мен Африканың оңтүстігі қатты құрғақшылық құрсауында. Кейінгі 3 жылда мұздықтар жаппай еріп, мұз қабаттары 450 гигатонна көлемінде азайды. Бұл әлемдік мұхит деңгейін бір миллиметрге көтеруге жеткілікті. Ал бұл жағалау маңындағы миллиондаған адам үшін су тасқыны қаупін арттырады» —  Андреа Селеста Сауло, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның бас хатшысы.

Ғалымдар барлық экологиялық апаттардың өзара тығыз байланысты екенін айтады. Арктикалық мұздықтардың еруі муссондарға әсер етеді, ал мұхит ағындарының өзгеруі тайфундар мен циклондарды күшейтеді. Тығырықтан шығар жол – жаһан болып күш біріктіру. Алайда климаттық саммиттердегі бастамалар нәтижесіз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:200
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 13:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары