Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейді жерлеу рәсіміне қатыспады
Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи әкесі, аятолла Әли Хаменейді соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне қатыспады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Басылым мәліметінше, Моджтаба Хаменеи ақпан айында АҚШ пен Израильдің соққылары кезінде алған жарақатынан толық айықпаған. Батыс барлау қызметтеріндегі дереккөздердің айтуынша, оның денсаулық жағдайы әзірге көпшілік алдына шығуға мүмкіндік бермейді.
Дегенмен, The New York Times дерегіне сәйкес, жаңа жоғарғы көшбасшы жерлеу рәсіміне қатысып, жаназа намазын оқуды жоспарлаған. Дегемен Иранның қауіпсіздік қызметтері қауіпсіздік тәуекеліне байланысты бұған рұқсат бермеген.
Ал Моджтаба Хаменеидің Үндістандағы өкілі аятолла Хаким Элахи оның рәсімге қатыспауына тек қауіпсіздік мәселесі себеп болғанын мәлімдеді.
Қоштасу рәсімі Тегерандағы Мосалла діни кешенінде өтіп жатыр. Иран Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қаралы шараларға 100-ге жуық елдің делегациясы, оның ішінде Қазақстан өкілдері де қатысуда.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:21
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Шілде 2026 16:57 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















