Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жаһандық үндестікке бастар жол

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Іргелідегі Асыл Арман ТҮК: Алматы іргесіндегі Алматылық Бангладеште халық қалай тұрады

Іргелідегі Асыл Арман ТҮК: Алматы іргесіндегі Алматылық Бангладеште халық қалай тұрады

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

"Асыл Арман" тұрғын үй кешені қала шекарасынан үш шақырым жерде, Алматы - Бішкек тасжолының бойында орналасқан.

Аумақтық жағынан ол Іргелі ауылында болғанымен, әлеуметтік желілерде оның "Алматылық Бангладеш" деген бейресми атауын жиі кездестіруге болады. Бұлай аталуының да өзіндік себебі бар.

Оңтүстік Азия мемлекетіне теңеу "Асыл Армандағы" халық тығыздығының жоғары болуына байланысты туындаған. Бұл тұрғын үй кешені 21 нөмірлі тоғыз қабатты үйден тұрады, олардың басым бөлігі бір кіреберісі бар жеке блоктардан біріктірілген. "Асыл Арманда" барлығы осындай 72 блок бар. Әртүрлі есептеулер бойынша, мұнда 20 мыңнан 30 мыңға дейін адам тұрады. Бұл 2025 жылға қарай бүкіл Іргелі ауылдық округінде 43,1 мың адам болғанын ескерсек айтарлықтай көрсеткіш. Демек, Іргелі халқының жартысынан астамы дәл осы ТҮК-де тұрады деген қорытынды жасауға болады.

Ал оны "алматылық" деп атауға тұрғындардың басым бөлігінің мегаполисте жұмыс істейтіні себеп. Өңірлерден келген қазақстандықтар, тіпті шетел азаматтары да Алматыны бағындыруды көбіне осы жерден бастайды - көпшілік үшін бұл "бастапқы деңгей" іспетті. Мұндай жағдай баспана бағасының төмендігінен қалыптасқан.

Tengrinews.kz тілшісі Алматы іргесіндегі ең ірі ТҮК-ге барып, ондағы жұрттың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

"Асыл Арманға" кіреберістегі кептеліс

Алматы - Бішкек тасжолынан "Асыл Арман" тұрғын үй кешеніне кіретін жолда әрдайым кептеліс болады.

Біріншіден, мұнда көптеген автобустар тұрады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Екіншіден, базар мен шағын және орта бизнес нүктелері кептеліске себеп болады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Мұнда өз базары, супермаркеттер, дәмханалар мен фастфуд нүктелері, сұлулық салондары мен барбершоптар, жаттығу залдары, дәріханалар, нотариустар мен компьютерлік клубтар бар.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Олардың ала-құла және бір-біріне үйлеспейтін маңдайшалары кейде тіпті шатастырып жібереді.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Тағы бір байқалатын жайт - көліктің көптігі. Көліктер үй маңындағы тұрақтарда да, көше арасында да қаптап тұр. Бұл - көпшілігі жұмыста болатын жұмыс күніндегі көрініс.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Сондай-ақ, мұнда арық жүйесінің дұрыс ойластырылмағанын да айта кеткен жөн.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Жаңбыр жауса, "Асыл Арманның" қонақтары мен тұрғындары көлшіктерден секіріп өтуге мәжбүр болады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Ал кейде жай ғана тағдырға көніп, су кешіп жүре береді.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

"Асыл Армандағы" пәтер құны: жалдау ақысы мен бағалар

"Асыл Арман" ТҮК-інен бір бөлмелі пәтерді 150 мың теңгеден бастап жалға алуға болады. Сонымен қатар, Іргелі ауылының жеке секторында бағалар бұдан да төмен - жатақханалардан 100 мың теңгеге нұсқалар табуға болады. Алматы өлшемдерімен алғанда, мұнда пәтер сатып алу да салыстырмалы түрде арзанға түседі. Жылжымайтын мүлік сататын сайттарды зерделесек, қазір "Асыл Арманда" 244 пәтер сатылып жатқанын көреміз. Біз тапқан ең төменгі баға бір бөлмелі пәтер үшін - 16 миллион теңге. Ең жоғары баға - үш бөлмелі пәтер үшін 39,5 миллион теңге.

"Асыл Арман" ТҮК-дегі ашық балкондар мен өрт оқиғалары

Мұнда барлық балалар алаңқайлары қарапайым жасалған: құм, бірнеше орындық және бір немесе екі ойынауға арналған элемент бар.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Үйлердің балконындағы балалар велосипедтері мұнда көпбалалы отбасылардың қаншалықты көп тұратынын аңғартады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Бұл тұрғын үй кешеніндегі балкондар - бөлек әңгіме. Олардың басым бөлігі ашық үлгіде жасалған.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Бұған қарамастан, тұрғындар онда тоңазытқыштан бастап жиһазға дейін бәрін сақтайды.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Мамырдың аяғында осы үйлердің бірінде жетінші, сегізінші және тоғызыншы қабаттардағы бірнеше балкон бірден өртенді. Кейін тілсіз жау пәтерлерге ауыз салды.

Байқауымызша, мұнда өрт - жиі болатын құбылыс. Біз басқа бір үйдегі тағы бір өрттің ізін таспаға тартып алдық. Тоғызыншы қабаттағы пәтер толығымен жанып кеткен сияқты.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Су, жарық және иіс: Іргелідегі басты мәселелер

Өтіп бара жатқан адамдардан мұндағы өмірі мен қандай мәселелер бар екенін сұрастырдық. Олар бізге үйреншікті жайттарды тізіп берді: тұрақ орындарының тапшылығы, жарық пен судың жиі өшуі.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

"Асыл Армандағы" су мәселесі: тұрғындар неге жолды жапты?

"Асыл Арман" үшін сумен жабдықтау мәселесінің тарихы тереңде. 2024 жылғы маусымда жергілікті тұрғындар биліктің назарын ыстық және суық судың жоқтығына аудару үшін тіпті Алматы - Бішкек тасжолын жауып тастаған болатын. Ол кезде судың жоғына үш күн болған еді. Бірақ апаттар бұған дейін де болып тұрған.

Әкімдік ол кезде су берудің тоқтауын "техникалық ақаумен" түсіндірді. Сондай-ақ, шенеуніктер тұрғын үй кешеніндегі сорғыны "анағұрлым қуаттысына" ауыстырдық деп сендірген еді.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Әңгіме құрған адамдардан судың қазіргі жағдайын сұрадық. Бірі бәрі дұрыс десе, енді бірі "бұрынғыдан жақсырақ" дейді.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Ауылда электр энергиясын беруде де қиындықтар бар. Марат есімді жергілікті тұрғынның айтуынша, ауа райы бұзылғанда жарық өшіп қалады. Сонымен қатар, кейде жарық бүкіл елді мекенде сөнсе, кейде тек үйлердің жартысында ғана болмайды.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Бізге айтылған тағы бір мәселе - бүкіл Іргелі ауылына жайылатын жағымсыз иіс. Әділдік үшін айта кетейік, біз түсірілімді желді әрі жаңбырлы ауа райында жүргізгендіктен, ешқандай иіс сезбедік.

"Бұрын мен тұрғын үй кешенінде емес, төменірек жерде тұрдым - туыстарым жеке сектордан үй жалдайды. Жаз сайын кешен жақтан кәріз иісі шығады, аптапта тіпті шыдау мүмкін емес, - дейді Марат. - Сондай-ақ базардың қоқыс полигонынан да иіс келеді, ол Іргелінің кіреберісінен бір шақырым жерде орналасқан. Сосын Ақсай өзені бар, бүгін одан тонналаған қоқыс шығарылды, соның иісі қолқаны қабатын. Өзен базар мен бірнеше ауыл арқылы өтеді, жұрттың бәрі қоқысты соған тастайды".

Расында да, сел қаупінің жоғары болуына байланысты қалалық ТЖД мен жергілікті атқарушы органдар Ақсай өзенінің арнасын тазартып, 100 тоннаға жуық тұрмыстық және табиғи қоқыс шығарғанын мәлімдеді.

"Егер Іргелі ауылының байырғы тұрғындарымен сөйлессеңіз, бәрі бұл жер көкөніс базасы бар неміс ауылы болғанын айтады. Және де бұрын бұл жердің қандай таза болғанын міндетті түрде еске алады", - деп толықтырды Марат.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Оның айтуынша, қазір Іргелінің жеке секторында үй иелері жалға беру үшін өз учаскелеріне қосымша салған жатақханалар көп. Бұл көбіне өте арзан әрі сапасыз құрылыстар. Онда негізінен Өзбекстан (оның ішінде Қарақалпақстан) және Тәжікстан азаматтары тұрады.

Сонымен қатар, жергілікті жұрт таңертең және кешке Алматыға қатынаудың қиындығына шағымданады. Қала орталығында жұмыс істейтіндердің күнделікті жолы екі жарым сағатқа дейін созылуы мүмкін. Бұл ретте автобустар өте лық толы болады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

"Асыл Арман" тұрғын үй кешенін жаңа деп айтуға келмес, бірақ мұндай локациялар арқылы қазіргі Алматы маңындағы конгломерацияның қалай қалыптасып жатқанын, қалада жұмыс істеп, шет жағында тұратындардың қандай түйткілдері барын және барлық қолайсыздыққа қарамастан, бұл жерлердің сырттан келгендер үшін неге тартымды екенін байқауға болады.

Жақында ғана біз Наурызбай ауданында орналасқан Шұғыла шағынауданының мысалында құрылыс жұмыстарына байланысты Алматының келбеті қалай өзгеріп жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Анықтама: Бангладеш - Оңтүстік Азиядағы мемлекет. Үндістан және Мьянмамен шектеседі, ал оңтүстігінде Бенгаль шығанағына шығады. Астанасы әрі ең ірі қаласы - Дакка, ресми тілі - бенгал тілі. Бангладеш әлемдегі ең тығыз қоныстанған елдердің қатарына жатады: салыстырмалы түрде шағын аумақта 177 миллионнан аса адам тұрады.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Жарты ғұмырың кептелісте: Талғарда тұрып, Алматыда жұмыс істейтіндердің күні қалай өтеді?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Шілде 2026 10:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see141

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see139

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see135

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see135

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see132

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see126

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see126

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see123

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see120

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see119

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see117

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see117

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see116

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see115

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see112

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see111

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see111

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары