Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Ішкі істер министрі БҰҰ ның Полиция саммитінде сөз сөйледі

Ішкі істер министрі БҰҰ ның Полиция саммитінде сөз сөйледі

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Сапар барысында ол БҰҰ-ның 5-полиция саммитіне қатысып, Біріккен Ұлттар Ұйымының, АҚШ Федералдық тергеу бюросының және Нью-Йорк қаласы полиция департаментінің басшыларымен бірқатар кездесу өткізді. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап  хабарлайды.

Басты іс-шара құқық қорғау органдарының басшыларын, халықаралық ұйымдар мен БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдерін біріктірген БҰҰ-ның 5-полиция саммитінің пленарлық отырысы болды. Өз сөзінде министр халықаралық қауіпсіздікті нығайту, полицияның бітімгерлік қызметін дамыту, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс пен киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстанның ұстанымдарын таныстырды. Сондай-ақ құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, тәжірибе алмасу және қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптерге бірлесіп қарсы тұрудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Саммит аясында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Жан-Пьер Лакруамен жеке кездесу өтті. Кездесуде Қазақстанның БҰҰ-ның бітімгерлік қызметіне қатысуын кеңейту, полиция қызметкерлерін даярлау, ішкі істер органдарының қызметіне заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысына сәйкес аталған бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жалғастыру туралы келісімдерге қол жеткізілді. Сапар аясында АҚШ Федералдық тергеу бюросымен ынтымақтастықты дамытуға да ерекше көңіл бөлінді. Нью-Йорк қаласындағы ФТБ кеңсесінің басшысы Джеймс Барнаклмен өткен кездесуде ұйымдасқан қылмыс пен киберқылмысқа қарсы күрес, цифрлық технологияларды дамыту және мамандар даярлау салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары қарастырылды.

Сонымен қатар ІІМ делегациясы дағдарыстық жағдайларға ден қою кезінде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін ФТБ-ның Бірлескен операциялар орталығының жұмысымен танысты. Бұдан бөлек, қазақстандық делегация Нью-Йорк қаласы полиция департаментінің Жедел басқару орталығында болып, мегаполис полициясының күштерін басқару тәжірибесімен, бейнебақылау жүйелерінің, цифрлық талдау құралдарының мүмкіндіктерімен және патрульдік бөлімшелерді нақты уақыт режимінде үйлестіру тәжірибесімен танысты. БҰҰ-ның Полиция саммиті халықаралық кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді. Саммит аясында министр шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының басшыларымен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізіп, екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, тәжірибе алмасу және қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Біріккен Ұлттар Ұйымымен және шетелдік құқық қорғау құрылымдарымен халықаралық өзара іс-қимылының жоғары деңгейін тағы бір мәрте растады. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, трансұлттық қылмысқа қарсы күрес және заманауи полиция технологияларын енгізу бағытындағы практикалық ынтымақтастықты дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Шілде 2026 23:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see142

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see138

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see137

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see135

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see133

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see133

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see131

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see127

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see126

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see125

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see125

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see123

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see123

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see123

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see120

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see119

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see118

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары