Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Ішкі істер министрлігінде 2025 жылғы жұмыс қорытындыланып, алдағы кезеңнің басымдықтары айқындалды

Ішкі істер министрлігінде 2025 жылғы жұмыс қорытындыланып, алдағы кезеңнің басымдықтары айқындалды

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Отырысты ашқан Ішкі істер министрі Ержан Саденов өткен жыл құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудағы маңызды кезең болғанын атап өтті. 

"Өткен жыл Мемлекет басшысы жариялаған "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайту кезеңі болды. Осы бағытта министрлікте Профилактика жылы жарияланып, бұл жасалып қойған құқық бұзушылықтарға ден қоюдан олардың алдын алуға басымдық беруге мүмкіндік берді. Жүйелі профилактика өз тиімділігін дәлелдеп, қылмыстың тұрақты түрде төмендеуіне септігін тигізуде", - деді Ержан Саденов.

Жүйелі профилактикалық және жедел жұмыстың арқасында 2025 жылы елде қылмыс саны 6 мыңнан астам қылмысқа азайды.

Әсіресе кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, тонау, ұрлық, бұзақылық және басқа да ауыр, аса ауыр қылмыстар бойынша айтарлықтай төмендеу байқалды. Сондай-ақ қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын қылмыстардың саны азайып, қару қолдану арқылы жасалатын қылмыстар, бұрын сотталған адамдар тарапынан жасалатын қайталама құқық бұзушылықтар төмендеді. Қылмыстың барлық түрі бойынша, оның ішінде аса ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 98%-ға дейін артты. Өткен жылдары жасалған 2,7 мыңнан астам қылмыс ашылды. Бұл қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету жолындағы ішкі істер органдарының ұстанымын көрсетеді. 2025 жылы полиция іздеуде жүрген 1,6 мыңнан астам қылмыскерді ұстады. Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен 20 мыңнан астам азаматтың жүрген жері анықталып, олар отбасыларына қайтарылды.Жәбірленушілердің құқықтары қамтамасыз етіліп, оларға келтірілген залал бойынша шамамен 60 млрд теңге өтелді. 17 миллионнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Осылайша ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін заң бұзушылықтар ерте кезеңде тоқтатылды.

9 мыңнан астам бала мен жасөспірім тәлімгерлік, спорт және профилактика бағдарламаларымен қамтылды. Бұл шаралар кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы әрекеттерге тарту қаупін төмендетудің негізгі құралы ретінде қарастырылады.

23 мыңнан астам жүргізуші мас күйде көлік басқарғаны үшін ұсталып, жолдағы жүздеген трагедиялардың алдын алу мүмкін болды.

Ұйымдасқан және трансұлттық қылмыспен күресу жұмысы айтарлықтай күшейтілді.

Ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру және басқару фактілері бойынша 78 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 10 іс трансұлттық сипатта. Қылмыстық қауымдастықтардың 299 көшбасшысы мен қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан 2,5 мыңнан астам қару тәркіленді. Қабылданған шаралар қылмыстық топтарды қаржыландыру және жабдықтау арналарының жойылуына, сондай-ақ олардың экономика мен қоғамдық қауіпсіздікке ықпалын тоқтатуға мүмкіндік берді.

Есірткі қылмыстарына қарсы қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде 31,7 тонна есірткі тәркіленді, бұл 12 миллионнан астам бір реттік дозаға тең.

109 есірткі зертханасы жойылды, оның ішінде 13-і синтетикалық есірткі өндірісі бойынша. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді.

Киберқылмыспен күрес бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. 84,5 миллион алаяқтық қоңырау бұғатталды.

13 call-орталық жойылды, соның ішінде шетелде орналасқандары да бар. "Дропперлік" фактілері бойынша интернет-алаяқтарына көмектескен адамдарға қатысты 56 қылмыстық іс тергелуде. Киберқылмыспен күрес жөніндегі БҰҰ конвенциясына қол қойылды, бұл трансшекаралық цифрлық қылмыстарды тоқтату саласында халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Қылмыстық-атқару жүйесі саласында министр мемлекеттік-жеке серіктестік форматы аясында алғаш рет жаңа колонияның салынғанын атап өтті. Сондай-ақ 2026-2030 жылдарға арналған қылмыстық-атқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асырудың, бақылау құрамын күшейтудің және сотталғандардың еңбекке тартылу деңгейін арттырудың маңызын еске салды.

Жиын барысында ІІМ басшысы облыстық және аудандық бөліністердң жетекшілерінің есептерін тыңдап, кемшіліктерді атап көрсетті және оларды жою бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырып, жеке жауапкершілік туралы ескертті. 2026 жыл Қазақстанда Президенттің бастамасымен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғаны атап өтілді. Бұл бағыттың ІІМ қызметінің алдағы жұмысында басымдық болатыны айтылды.

"Мемлекет басшысы атап өткендей, цифрландыру мен жасанды интеллект мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың негізгі құралына айналуы тиіс. ІІМ үшін бұл қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз етудің жаңа деңгейіне көшу дегенді білдіреді", - деді Ержан Саденов.

ІІМ құрылымында Цифрландыру және жасанды интеллект департаменті құрылды, құқық қорғау саласында интеллектуалды жүйелерді одан әрі енгізу шаралары қабылдануда. Ұлттық бейнемониторинг жүйесін іске қосу аясында "Қауіпсіз қала" жобасын дамытуға, көшелер мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған видеоаналитикалық алгоритмдер енгізілуде.

"Орталық - облыс - аудан" принципі бойынша аналитикалық функциялары бар жедел басқару орталықтарын құру жалғасуда. Аппараттық-программалық кешендер мен дрондарды қолдану кеңейтілуде, бұл жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар санын 10%-ға азайтуға мүмкіндік берді.

Ішкі істер министрі қылмыс деңгейін төмендету, құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын дамыту және тереңдету, қызметке цифрлық және интеллектуалды шешімдерді белсенді енгізу, азаматтардың өтініштеріне жедел әрі сапалы жауап беру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Министр 2026 жылы ведомстволық білім сапасын арттыруға, азаматтық ЖОО-лармен бірлескен бағдарламаларды дамытуға, ведомстволық оқу орындарының инфрақұрылымын жаңартуға және заманауи оқу практикаларын енгізуге күш салу қажеттігін айтты. Басым міндеттердің бірі - құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы жақында қабылданған заңды іске асыруға дайын болу. Балалар мен жасөспірімдер мәселесі назардан тыс қалған жоқ. Оларды елдің болашағы ретінде қарастыру қажет: нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу, профилактикалық жұмысты күшейту, білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылды дамыту, сондай-ақ мектептерге бекітілген қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру міндеттелді.

Мал ұрлығына қарсы, ұйымдасқан қылмыспен, есірткі қылмыстарымен және киберқатерлермен күресті күшейту, сондай-ақ қылмыстарды ерте кезеңде анықтау және тоқтату жүйесін жетілдіру жүктелді.

Министр қызметкерлердің тәртібін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін қайта қарау қажеттігін атап өтті. Ішкі профилактикалық жұмыстарды күшейту, ұжымдарда қоғамдық бақылау мен айыптау механизмдерін белсенді пайдалану, сондай-ақ антты бұзған немесе қызмет беделін түсірген қызметкерлерді уақытында қызметтен босату тапсырылды.

Қорытындылай келе, ІІМ заңның сақталуын қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғай отырып, қоғамдық қауіпсіздікті тұрақты түрде арттыруға белсенді және алдын ала әрекет етуге бағдарланды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:148
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қаңтар 2026 10:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see140

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see136

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see134

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see131

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see129

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see128

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see124

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see123

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see123

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see121

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see121

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see118

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see118

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see117

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see117

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see116

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары