Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ислам Әбдірайымов, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы: Басты ұстаным елдің абыройын асқақтату

Ислам Әбдірайымов, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы: Басты ұстаным елдің абыройын асқақтату

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Кез келген мықты спортшының артында оның жетістігіне сенетін, дұрыс бағыт беретін, тіпті ең қиын сәтте де қолдауға дайын бапкер тұрады. Бокстан әлемнің 2 дүркін чемпионы Аида Әбікееваның әлемдік ареналардағы жеңістері де тек оның жеке талантының нәтижесі емес, оған алғашынан бастап жол көрсеткен бапкердің еңбегінің жемісі. Бүгін біз Аиданың бапкері Ислам Абдраимовпен сөйлесіп, оның шәкірттерімен қалай жұмыс істейтінін, қиын сәттерді қалай еңсеретінін сұрап білдік.

– Бапкерлік жолыңыз қалай басталды? Алғашқы шәкірттеріңіз есіңізде ме?

– Менің бапкерлік жолым 18 жасымда басталды. Бұл салаға келуіме ағам Әмір Жан­босинов үлкен әсер етті. Алғашында оған көмекші болып, жаттығу процесіне араластым. Дәл сол кезеңде менің ең алғаш­қы шәкірттерім де келе бастады. Олар – Рафаил Иванов пен Аида Әбікеева.

Осы алты жыл ішінде Рафаил кикбок­сингтен әлем чемпионы атанды. Ал Аида сол уақыттың өзінде бокстан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болып үлгерген еді. Бүгінде ол екі дүркін әлем чемпионы атанып, Қарағанды тарихындағы мұндай жетістікке жеткен алғашқы әйел боксшы болды.

Мен қазір Қазақстандағы ең жас еңбек сіңірген жаттықтырушысымын. Ең бас­ты­сы, осы шәкірттермен бірге тоғыз жыл бойы бір жолдамыз. Менің бүкіл бапкерлік ман­сабым солармен бірге басталып, солармен бірге қалыптасты.

– Жылдар бойы талай спортшымен жұ­мыс істедіңіз. Сіз үшін «жақсы шәкірт» деген кім?

– Шыны керек, осы жылдар ішінде көптеген спортшымен емес, санаулы ғана шәкіртпен жұмыс істеуге тырыстым. Негізгі екпінді екі спортшыға қойдым. Себебі бар күшімді барлығына бірдей жұмсасам, ақыр соңында ешқайсысына қажетті нәтижені бере алмайтынымды жақсы түсіндім.

Мен үшін жақсы шәкірт деген ең алды­мен тыңдай білетін, тапсырманы бұлжытпай орындайтын спортшы. Жаттығуда да, одан тыс уақытта да бапкер берген барлық тап­сырмаға жауапкершілікпен қарайтын адам.

Сонымен қатар жақсы шәкірттің басты қасиеті – тәртіп пен режим. Уақытында ұйықтау, уақытында тамақтану, жаттығуды өткізіп алмау сияқты қарапайым талаптарды сақтай білу үлкен спортта шешуші рөл атқарады. Дисциплина жоқ жерде нәтиже де болмайды.

– Аида Әбікееваның сіздің бапкерлік жолыңыздағы орны қандай? Оны өзгелерден ерекшелейтін қасиеті бар ма?

– Аида Әбікеева – менің бапкерлік мансабымда ең жоғары әрі ең жақын орын алатын спортшылардың бірі. Ол басқа спорт­шылардан бірқатар қасиетімен ерек­шеленеді. Ең алдымен, Аидада темірдей тәр­тіп пен өз ісіне деген ерекше жауапкер­шілік бар. Оның күн тәртібі нақты, жатты­ғуға, дайындыққа деген көзқарасы өте байыпты. Мұндай деңгейдегі салмақтылық пен кәсібилікті екінің бірінен көре бер­мейсің.

Біз ең алғашқы күннен бастап бір-бірімізді жақсы түсіндік. Аидамен жұмыс істеу ешқашан қиын болған емес. Ол айтыл­ғанның бәрін тез қабылдайды, үйренуге дайын, үнемі алға ұмтылады.

Ең бастысы, ол тыңдай біледі және соны орындауға тырысады. Жаттығуда болсын, дайындық барысында болсын, әр тапсыр­маға үлкен жауапкершілікпен қарайды. Осы қасиеті біздің бүкіл жұмыс процесімізді жеңіл әрі жүйелі етті. Сондықтан да мен онымен жұмыс істегенді ұнатамын. Аидамен жұмыс істеу бапкер үшін де жеңіл әрі нәтижелі. Себебі ол айтылған тапсырманы түсініп қана қоймай, оны толық орындауға тырысады. Осындай мінез бен еңбекқорлық оны үлкен жетістіктерге жетелеп отыр.

– Жекпе-жекке шығар алдындағы сәтте спортшыны қалай жігерлендіресіз? Аидаға қандай сөз айтасыз?

– Жекпе-жекке шығуға санаулы ми­нуттар қалғанда мен Аиданы қатаң түрде баптаймын. Бұл сәтте жұмсақ сөздің қажеті жоқ. Оған бұл сенің жекпе-жегің екенін, рингке шығып, жеңісті алып қайту керегін нақты айтамын.

Әрдайым «мен жаныңдамын, бұрыштан айтқан командаларымды тыңда» деп ескертемін. Соңына дейін баруды талап етемін. Қалай аяқталатыны маңызды емес, бастысы рингте өзіңді толықтай беру керек. Осындай сәтте спортшы мінезін көрсетуі тиіс. Бұл тек соққы алмасу емес, бұл өз-өзің­ді дәлелдейтін кезең. Сондықтан жекпе-жек кезінде бар күшіңді салып, аяғына дейін күресу қажет.

– Әйелдер боксына «әлі де ерлер боксы­ның көлеңкесінде» деген пікір бар. Бұған көзқарасыңыз қандай?

– Менің ойымша, бүгінде әйелдер құрамасы айтарлықтай өсіп келеді. Қазір олардың жекпе-жегін көретін көрермен саны да көбейді. Әйелдер боксына деген қызығушылық бұрынғыдан әлдеқайда жоғары.

Ең бастысы, қазіргі әйелдер боксы ерлер боксынан кем түспейді. Олар да дәл сондай жарқын, тартысты әрі ымырасыз өнер көр­сетіп жүр. Әр жекпе-жекте мінезін көрсетіп, соңына дейін күреседі. Қазір әйелдер мен ерлер боксының деңгейі бір-біріне теңесіп келеді деп ойлаймын. 

– Егер Аида басқа елдің спортшысы бол­ғанда, оның мансабы өзгеше болар ма еді?

– Жоқ, мен олай ойламаймын. Қазақ боксы – аңызға айналған мектеп. Бұл біздің ұлттық спорт түріміз деуге болады. Қазақ­станның бокс мектебі – әлемге талай чем­пион­ды танытқан, қалыптасқан дәстүрі бар жүйе.

Аиданың бүгінгі жетістігі де сол қазақ­стандық бокс мектебінің жемісі. Мұнда тәртіп бар, талап бар, жүйе бар. Сондықтан ол қай елде болмасын мықты спортшы болар еді, бірақ дәл Қазақстанда қалыптасуы оның деңгейін одан әрі биіктете түсті деп есептеймін.

– Жанкүйер көрмейтін, бірақ сіз ғана білетін Аиданың бір қыры бар ма? Аидадан кейін дәл осындай әлем чемпиондары шыға ма?

– Көпшілік Аиданы тек әлем чемпионы атанған кезде  таныды. Ал біз бұл мақсатқа өте ұзақ жолмен келдік. Артында жылдар бойғы тынымсыз еңбек, ауыр жаттығулар, жарақаттар мен өмірдегі күрделі кезеңдер жатыр.

Кей сәттерде алға қарай жүруге күш те, мотивация да қалмаған кездер болды. Бірақ Аида дәл сондай қиын шақтарда өз бойынан жаңа күш таба білді. Барлығын жинап, қайта тұрып, арманына қарай тағы бір қадам жасады.

Мен оны ең алдымен еңбекқорлығы, сабырлығы және шыдай білетін қасиеті үшін бағалаймын. Қандай жағдай болмасын тоқтап қалмай, алға ұмтыла алды. Алдағы уақытта Аидадай әлем чемпиондары шы­ғатынына еш күмәнім жоқ. Енді өсіп келе жатқан жастарға Аиданың үлгі бол­ғаны­на қатты ризамын.

– Білуімше, сіз Қарағандыда жаттықтыру­шысыз. Кезінде Қарағандының боксшылары мықты деп көп айтылушы еді.  Ел аузындағы «Абай бокс мектебінің» даңқы жайлап өшіп бара жатқан сияқты. Бұған не себеп? Бұл мектептің түлектері қайда?

– Иә, негізгі жұмыс орным Қарағандыда. Кейінгі кездері мектептің абыройы біршама төмендегені рас. Дегенмен қазір жағдай мүлде өзгеше. Қарағанды облысы қайтадан дамып келеді, бокстан жақсы нәтижелер көрсетіп жатқан көптеген перспективалы спортшымыз бар. Олар еліміздің абыройын қорғап, ұлттық бокстың деңгейін көтеріп жатыр.

– Бапкер ретінде ең үлкен арманыңыз қандай?

– Ең басты мақсатым – Олимпиада чемпионын тәрбиелеу. Бұл мен үшін тек спорттық жетістік емес, сонымен бірге азаматтық борышым деп есептеймін. Менің еңбегім тек жеке нәтижеге емес, жалпы Қазақстан бокс мектебінің дамуына, еліміздің атын әлемге шығаруға бағытталған. Өз елінің абыройын асқақтатып, халқына пайдалы болу – бапкер ретінде менің басты ұстанымым.

Сұхбаттасқан Әсет ҚАЛИ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Ақпан 2026 06:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see163

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see151

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see151

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see149

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see147

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see143

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see142

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see137

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see133

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see128

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see124

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see124

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see123

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see122

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары