Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Испанияда туристерге пәтерді жалға беру ережесі өзгерді

Испанияда туристерге пәтерді жалға беру ережесі өзгерді

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Испания билігі лицензиясы жоқ әрі жалға беруге тыйым

салынған туристік тұрғын үйлердің жарнамасын жариялағаны үшін Airbnb компаниясына 65 миллион еуро көлемінде айыппұл салды. Осылайша Пиреней түбегіндегі мемлекет туристік пәтерлерге қатысты қатаң саясат ұстанып, Барселонада қысқа мерзімді жалға беруді 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен жоюды жоспарлап отыр. Ресми Мадрид бұл шешімді тұрғын үй тапшылығымен және пәтер ақысының күрт қымбаттауымен түсіндіреді.

Испания жыл сайын жүз миллионға жуық мейман қабылдайтын әлемдегі ең ірі туристік бағыттардың бірі. Туризм ел экономикасының маңызды тірегі болғанымен, соңғы жылдары бұл сала тұрғын үй нарығына елеулі қысым түсіре бастады. Әсіресе Airbnb секілді қысқа мерзімді жалға беру платформалары жергілікті тұрғындарға арналған үйлер санын азайтып, жалдау бағасының күрт өсуіне ықпал еткен. Ресми деректерге сәйкес, бүгінде Испанияда туристерге қысқа мерзімге жалға берілетін пәтерлер саны шамамен 400 мыңға жетті. Ал бірқатар ірі туристік өңірлерде тұрғын үй қорының 30 пайыздан астамы, яғни әрбір үшінші баспана жергілікті халыққа емес, туристерге ұсынылады.

Хуан Антонио, кәсіпкер:

- Шынын айтсам, пәтерімді туристерге жалға беру әлдеқайда табысты. Барселонадағы бір бөлмелі пәтерім бір аптаның ішінде шамамен 700 еуро кіріс әкеледі. Сұраныс жоғары кезде одан неге бас тартуым керек?

Патриция Молина, студент:

- Қалада тұрғын үй бағасы шарықтап кетті, баспана табу барған сайын қиындап барады. Сондықтан биліктің туристерге жалға пәтер беруді шектеу туралы шешімі орынды деп есептеймін.

Испания бұған дейін Booking.com платформасынан 4000-нан астам заңсыз туристік жалға беру тізімін алып тастауды талап еткен еді. Тұтынушылар құқығын қорғау министрлі, бұл жарнамалардың міндетті тіркеу нөмірі болмаған немесе олар қысқа мерзімді жалға беру жөніндегі  заң талаптарына сай келмеген деп мәлімдеді. 2025 жылы билік туристік жалға беру нарығын реттеу шараларын күшейтіп, онлайн платформалардың қызметіне жүйелі бақылау енгізді. Осы ретте лицензиясы жоқ немесе жалға беруге тыйым салынған туристік тұрғын үйлердің жарнамасын жариялаған Airbnb компаниясына 65 миллион еуро айыппұл салынды.

Валерия Гасеано-Виверо, заңгер:

- Бұл шара онлайн платформалардың жауапкершілігін арттырумен қатар тұрғын үйлерді туристік бизнес нысанына айналдыру тәжірибесін шектеуге бағытталған. Үкімет осылайша қысқа мерзімді жалға беру салдарынан азайған тұрғын үй қорын қалпына келтіріп, жалдау нарығындағы баға өсімін тұрақтандыруды көздейді. 

Сарапшылардың пікірінше, Испанияның бұл саясаты Еуропаның өзге туристік қалаларына да үлгі болуы мүмкін. Қазір Париж, Амстердам, Рим секілді мегаполистер қысқа мерзімді жалға беруді шектеп, лицензия талаптарын күшейтіп отыр. Барселонада жүргізілген зерттеулер туристік пәтерлер саны азайған аудандарда тұрғын үй нарығындағы бағаның шарықтау қарқыны бәсеңдегенін және жергілікті тұрғындардың қала орталығына қайта орала бастағанын көрсеткен. Дегенмен, бұл шешімге қарсы тарап та аз емес: шағын инвесторлар мен платформа өкілдері  бұл шаралар туризмге кері әсер етіп, көлеңкелі нарықты күшейтуі мүмкін деп алаңдайды.

Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:289
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Желтоқсан 2025 00:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see162

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see146

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see145

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see144

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see143

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see143

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see141

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see141

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see140

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see140

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see140

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see139

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see139

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see138

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see137

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see137

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see137

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see137

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see136

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see136
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары