Каспийде қаза болған сарбаздардың туыстары ұшақпен тегін қатынай алады
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. FlyArystan компаниясы Каспийде қаза тапқан және аман қалған әскери қызметшілердің жақын туыстарына тегін билет беруге шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тегін билеттер бір апта бойы рәсімделеді.
"Әуе билеттері 2026 жылғы 25 қыркүйек пен 3 қазан аралығында ұшатын Air Astana және FlyArystan компанияларының барлық ішкі рейстеріне ұсынылады. Жақын туыстарына ата-аналары, жұбайлары, балалары, сондай-ақ туған аға-інілері мен апа-сіңлілері жатады", - дейді компания мамандары.
Әуебилеттерді рәсімдеу кезінде туыстық қатынасты растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Тегін әуе билеттерін рәсімдеу үшін +7 727 331 10 10, +7 702 702 0227 (WhatsApp), +7 702 702 00 74 (WhatsApp) нөмірлеріне хабарласуға болады. Airastana.com онлайн-чаты да бар.
Еске сала кетейік, оқу-жаттығу барысында ауа райының кенеттен күрт нашарлауы салдарынан 17 әскери қызметшіні толқын ашық теңізге алып кеткен болатын. Олардың 14-і қаза болды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:79
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қыркүйек 2026 17:31 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















