Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

Кенесарының Құраны Астанада сақтаулы тұр

Кенесарының Құраны Астанада сақтаулы тұр

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары 50-ден аса көне еңбектің дәлме-дәл көшірмесін жасады, деп хабарлайды 24KZ. Өйткені бұлардың түпнұсқасы шет елдерде сақтаулы тұр. Мамандар коллекцияны бұдан кейін де толықтыра беруге ниетті. Ал бұл қандай құнды дүниелер? Ұлттық орталықта қандай қолжазбалар сақтаулы тұр?

Қолжазбалар және сирек кітаптар қоры тарихымызда айшықты мәнге ие көне еңбектермен толықты. Ұлттық орталық мамандары арғысы IX ғасырда жазылған құнды кітаптардың дәлме-дәл көшірмесін жасап, көпшілік назарына ұсынып жатыр. Бұл түпнұсқалар Түркия, Иран, Ресей сынды 12 елге жасалған экспедицияның нәтижесі. 

Жандос Болдықов, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры:

- Тарихи тұлғалар жазған кітаптар, мысалы, сол кезде Алтын Орда бар, Қазақ хандығы бар, Қарахан заманындағы кітаптардың көшірмесін жасап қойдық. Ол біздің мақтаныш, себебі елімізде мұндай үлкен коллекция жоқ деп айта аламын. Ең көнесі бізде IX ғасырдан бері «Ырық бітіг» кітабы. Сол бүгінгі күнге дейін бар. 

Мамандар Қазақстандағы және шетелдегі көне қолжазбалардың дәлме-дәл көшірмесін жасауды үш жыл бұрын қолға алды. Бұл еңбектердің дені араб, парсы, шағатай, сондай-ақ латын, кирилл қаріптерімен жазылған. Бүгінге дейін 55 кітаптың факсимельді көшірмесі жасалды.

Алмат Әпсалықов, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының бас сарапшысы:

- Ол әртүрлі қолжазбалар. Діни кітаптар бар, тарихи еңбектер бар, философия, логика және басқа мазмұнда кітаптар бар. Мысалы, мынау Махмұт Қашқаридің еңбегі шамамен XI-XII ғасырда жазылған. Ол еңбек – араб және түркі сөздігі. Бірақ тек қана сөздік емес, осында филология, тарих, фольклор және басқа құнды мәліметтер жинақталған.

Мамандар: «көне еңбектердің қатталуы да ерекше», – дейді. Оның көшірмесін жасауға 1-2 ай кетеді. Алдымен дизайнерлер кітаптың беттерін реттесе,  реставраторлар былғары, мата немесе арнайы қағаздан мұқабасын жасап тігеді. Нәтижесінде осындай айрықша кітаптар пайда болады. Бұл «Бұхара мейманының кітабы» немесе Михманнама-И Бұхара еңбегінде қазақ халқының салт-дәстүрі, өзге елдермен байланыс орнатуы баяндалған.  

Бұл Құранды XIX ғасырда Марал ишан Кенесары ханға сыйлаған. Ішінде арнайы дұға жазылыпты. Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары былтыр қасиетті кітаптың дәлме-дәл көшірмесін жасаған. Бұның түпнұсқасы осы орталық қорында сақтаулы.

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары факсимельді көшірмесі жасалған қолжазбалар санын 100-ге жеткізбекші. Кейін ел аумағында көшпелі көрме жасап, көпшілікке көрсетеді. Құнды жәдігерлер қазір де студенттер мен ғалымдар үшін қолжетімді.

Авторлары: Мерей Мұратхақызы, Артур Горшняков

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 10:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see126

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see126

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see124

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see120

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see115

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see114

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

12 Қазан 2026 15:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары