Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

Кеселмен күрес: жетістік те, әттеген ай да бар

Кеселмен күрес: жетістік те, әттеген ай да бар

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Өкінішке қарай, ВИЧ инфекциясын жұқтырғандарға қоғам назары көбіне-көп мүлде бөлек күйде. Ақпараттандырудың аздығынан қоғамда азаматтарды бөліп-жару, кінәлау, қаралау әлі де бар. Біріккен ұлттар ұйымының дерегінше, қазір Орта Азия елдерінде ауру қарқыны үдеп барады. 

Салғырттықтың салдары

Елдегі ахуалды сөз етерде, «Шымкент­тегі медициналық трагедия» немесе «ВИЧ оқиғасы» аталып кеткен жағдай ойға орала берері хақ. Естеріңізде болса, 2006 жылы Оңтүстік Қазақстандағы ауруханада дәрі­герлердің салғырттығы кесірінен атив инфекциясын 200-ге жуық адам жұқтырған еді. Олардың дені балалар болды, үлкені 14 жаста, ал кішкентайы енді дүние есігін ашқан сәби еді. Екі бала басқа өңірге кө- ш­іп кетсе, біреуін шетелдіктер асырап алды. Бұдан бөлек, екі бала балалар үйіне тапсы­рыл­ған. 11 бала көз жұмды. Сонымен қатар инфекция баладан аналарына өт­кен. «Дәрігерлер ісі» бойынша 21 меди­цина қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, «Өз ісіне салақтықпен қарау» және «пара алу» бойынша айыпталған 16 қызметкер 2-8 жыл аралығында бас бос­тан­дығынан айырылса, 5 адам шартты түрде жазаланды. Сол кезде Денсаулық сақтау министрі болған Ерболат Досаев бұл оқиғадан соң қызметінен босады. Вирустың негізгі ошақ көзі табылмады, мамандардың айтуынша, инфекция меди­циналық қызметкерлердің тиісті талап­тарды сақтамауынан туған. 

Оқиғадан кейін 20 жылға жуық уақыт өтті. Вирус жұқтырған балаларға және олардың жақындарына оңай соқпағаны белгілі. Олардың көбі статусын ашып, қоғам алдында еркін пікір білдіруден қы­сы­лады. Бір айтарлығы, АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы, ал ЖИТС – оның асқынған түрі. Егер де адам уақытылы ем алып, күтім жасаса, вирустық жүктемені нөлге дейін түсіруге болады. Алайда қоғам бұл терминді естіген сәтте-ақ қашқақтап, қорқа бастайды. Осының салдарынан әлі де бұл тақырып жабулы қазан жабулы қалпында қалып отыр. Қазір вирус жұқтырған балалардың көбі ер жетіп, бой жетіп, отбасы құрып, дені сау ұрпақ сүйіп жатқандары да бар. Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының эпидемиологиялық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Гүлжа­хан Мәжитқызына хабарласып, инфекция жұқтырғандардың жағдайы мен мемлекет тарапынан қандай қолдау барын сұрап білуге тырыстық. Маманның сөзін­ше, қай­ғылы оқиға денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың негізі болған.

– Елімізде инфекциялық бақылау стандарттары жаңартылды, медициналық рәсімдердің, оның ішінде қан құюдың қауіпсіздігі күшейтілді, медициналық мекемелерде сапа мониторингі жүйесі құрылды, пациенттердің құқығы бойынша жұмыс күшейтілді, медициналық персо­налды даярлау деңгейі өсті. Мемлекет зардап шеккен балаларды өмір бойы ем­деуді және әлеуметтік қолдауды өз мой­нына алды. 2006 жылы вирус жұқтырған балалар қазір де сапалы антиретровирустық терапия алады, бұл вирустық жүктемені басады және толыққанды өмір сүре алады. Олардың біразы жоғары оқу орнында оқиды, кейбіреуі жұмыс істейді, отбасы құрды, дені сау балалары бар, – дейді маман.

Мемлекеттен қолдау бар ма?

Г.Мәжитқызының айтуынша, мемле­кет тарапынан (АТИВ/ЖИТС) жұқтырған­дарға жан-жақты қолдау қарастырылған. АИТВ-мен өмір сүретін адамдар Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) есебінен тегін медицина­лық-әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етіледі. Бұл көмекке АИТВ орталық­тарында динамикалық бақылау, ретро­вирус­қа қарсы терапия, зертханалық жүктемелер, анадан балаға берілудің ал­дын алу, медициналық деректердің құпия­лығын сақтау, құқықтық, әлеуметтік және психологиялық қолдау жатады. Біз маман­нан ауруды емдеуде заманауи жаңаша әдіс-тәсілдер бар-жоғын сұрап көрдік. 

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған ем хаттамасында бар тәсілдерді қолданып келеміз. Долутег­равирге негізделген заманауи схемалар тиімдірек, қауіпсіз, ыңғайлы, басқа дәрі­лермен салыстырғанда, жағымсыз әсері аз болады. Күніне бір рет қана ішу керек. Еліміз АИТВ жұқтырған адамдардың то- л­ық­қанды өмір сүруі үшін жаһандық инно­вацияларға бағдарланып, халықара­лық тәжірибелерді қолдануға тырысып жа­тыр, – дейді Г.Мәжитқызы.

Маманның айтуынша, пациент ретро­вирустық терапияны ұдайы алып, денсау­лығына мұқият қараса, вирус қанда өте аз мөлшерге дейін азаяды, тіпті мүлде анық­тал­майтын деңгейге жетеді. «U=U» халық­аралық медицинадағы қағидаты бойынша қанда анықталмаған вирус келесі адамға жыныстық жолмен жұқпайды, яғни ел қа­тарлы өмір сүруге, сау ұрпақ сүюге болады. 

Ал ЖИТС-тің алдын алу және оған қар­сы күрес орталығының бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет Намазбайұлы бү­гін­ге дейін орталықта тіркеуде тұрған АИТВ жұқтырған 722 әйел дені сау сәби дүниеге әкелгенін айтты.

– Бүгінде орталықтағы диспансерлік есепте 1974 науқас тіркеуде. АИТВ жұқ­тыр­ған науқастарға, стандартқа және клиникалық хаттамаларға сәйкес тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қызметтерді арнайы дайындықтан өткен, білікті мамандар, инфекционист, терапевт, гинеколог, дерматовенеролог, фтизиатр, психолог дәрігерлер мен орта буынды медицина қызметкерлері, зертхана маман­дары көрсетеді, – дейді дәрігер.

Оның айтуынша, АИТВ жұқтырған­дарға терапия өмір бойы, үздіксіз жүр­гізілетіндіктен, мүмкіндігінше жанама әсер­лері мен уыттылығы төмен формула­лар қарастырылады. Болашақта инъек­циялық әдіске көшу жоспарланыпты.

– Әлемде балама жол ретінде ұзақ уақыт әсер ететін препараттардың инъек­ция­лық түрлері енгізілуде, мысалы каботе­гравир инъекциясы әр 2 айда 1 рет жүргіз­ілетін болса, ленакапивир – 6 айда 1 ин­ъек­ция жасалады. Бұл схемаларды әдетте таблетка түріндегі препараттарды қабыл­дап, вирус­тық жүктеме деңгейі анықтал­майтын дең­гейге дейін төмендеген па­циент­терге қол­дану ұсынылған. Келешекте республика­мыз­да да инъекциялық препараттарды ен­гізу жоспарланған, – дейді Қ.Намаз­байұлы.

Биылғы дерекке сәйкес, Қазақстанда АИТВ-мен өмір сүретін адам 36 мыңға жеткен: оның 61,7%-ы ерлер болса, 38,3%-ы әйелдер. Былтырғы статистикаға сәйкес, 3,8 мың жаңа жағдай анықталса, кейінгі 10 айда 2920 адамнан инфекция табылған. 2024 жылы елде вирустың тарау деңгейі бүкіл халықтың 0,2%-ын алса, әлемдік көрсеткіш 0,5%-ға тең. Ең көп жағдай елдің шығысы мен солтүстігінде, азы оңтүстік пен батыс аймақта тіркелген. Шығыс Қазақстан облысында  АИТВ-ның таралу деңгейі  0,97% болса, Қызылорда облысында 0,06%-ды көрсеткен. Г.Мәжит­қызының хабарлауынша, биыл 4 миллион­нан аса адам АИТВ тестілеуінен өткен, инфек­цияның тарау көрсеткіші 0,189%-ға тең, вирус жұқтырғандар үнемі бақылауда. Негізінен, инфекция жұқтырғандар қата- р­ында инъекциялық есірткі қолданатын адамдар, ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар, секс-жұмыскерлер және олардың серіктестері дейді.

– Қазақстанда АИТВ инфекциясымен күрес мемлекеттік бағдарламаларға және халық­аралық ұсынымдарға сәйкес ұлттық деңгейде жүргізіліп келеді. Елімізде барлық өңірді қамтитын орталық­тан­дырылған алдын алу, тестілеу және емдеу жүйесі жұмыс істейді. Кемсітушілікке қарсы кү­рес, үкіметтік емес ұйымдармен және халық­аралық ұйымдармен ынтымақ­тастық орнату, тегін кеңес беру, халықтың негізгі топтарына алдын алу бағдарла­маларын  өткізу, мониторинг жүргізу т.б. іс-шаралар ұйымдастырылған, – дейді Г.Мәжитқызы.

ВИЧ-пен де өмір сүруге болады

2006 жылғы оқиға қанша жанның тағ­дырына әсер еткенін айттық. Сол жағ­дайдан соң күрескер анаға айналған Индира От­жановамен аз-кем тілдесіп едік. Индира ханым­ның баласы Дастан 1 жас 5 айлығында бронхит, жарты жылдан соң пневмония болып, Кентаудағы ауруханаға түседі. Ана да сол кезде кеселді баласынан жұқтырып алған. Ол содан бері қаншама қиындықты еңсереді. Қайың жұрты мен жолдасы жағдайды қабылдай алмаса да, өз күшімен баласын өсіріп, тәрбие берді. Қазір ана мен баланың денсаулығы жақсы, иммун тапшы­лығы жоғарылаған, вирус­тық жүктемесі де төмендеген. Биыл Дастан колледждегі оқуын тәмамдайды. И.От­жанова елімізде бала 18-ге толғанда, жәрде­мақы алуға байланысты қиындық барын айтты. 

– Қаржылық, медициналық қолдау бар, дәрілері тегін беріледі. 18-ге толған соң СПИД орталығына ауысып, сол жақ­тан тексеріліп, дәрілерін алады. Баламның қосымша дерті жоқ. Оқуын оқып, ел қатарлы өмір сүріп жатыр. Айтарлық бір мәселе бар, балам 18-ге толған соң мемле­кет тарапынан, әрине, бұрынғыдай қолдау болмайды. Мысалы, бұрын 18 жасқа дейін өтемақы тағайындалса, бұдан кейін әр 1-2 жыл сайын өтемақыға мұқтаж екенін, мүге­дек екенін дәлелдеп отыру керек. 2026 жылы пенсиясы бітеді, жәрдемақыдан бас тартамын деп өзі шешті. Ақша табамын, жұмыс істеймін дейді. Баламның ойын құптап, қолдаймын, – дейді анасы. 

Индира ханым 2006 жылғы оқиғадан кейін қоғамдық ұйымдарда 10 жылға жуық түрлі еңбек етіп, вирус жұқтырған азамат­тарға көмек берген. Кейін өзі «Жан жол­дас» қоғамдық қорын құрады, жастардың өмірге құлшынысын оятып, қолдау біл­діреді. Өкінішке қарай, қоғамдық қордың жұмысы 2019 жылдан бері тоқтап тұр, дегенмен инфекция жұқтырған азамат­тарға көмек беруден қол үзбеген. Қайсар әйел тәукелге бел буып, екінші рет ана атанады. Өмірге дені сау сәби алып келеді, алайда баласына аутизм диагнозы қойыл­ған. Кейінгі жолдасы да баласының ерек­шелігін қабылдай алмаған. Индира ханым бұл туралы айтқысы келмеді, бірақ тағдыр­дың сынағына сынбай, балаларын қатар­дан кем қылмай өсіріп жатқанын жеткізді. Сөз соңында елде инфекциямен күрестің баяулағанын айта кетті.

– Қай уақытта да жұқпалы аурудың өсу деңгейі бірқалыпты болары анық, халық арасына тарау жалғаса береді. Бұрын әртүрлі жағдайға байланысты алдын алу жұмысы қарқынды жүретін, аурудың өсуі де баяулаған-ды. Байқауымша, инфекция­ға қарсы күрес жұмыстарына аса бір ден қойып жатқан жоқ. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ма­мандары оқу орындарына барып, лек­циялар жүргізетіні белгілі, бірақ одан нәтиже аз. Мемлекет тарапынан да бұл мәселеге қаржы аз бөлініп отыр, сондық­тан біздің де жұмысымыз тоқтап қалды, – дейді И.Отжанова.

Айсұлу СЪЕЗХАН

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 06:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see127

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see125

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see120

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see115

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see115

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

12 Қазан 2026 15:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары